Читайте также:
|
|
Кәсіпорын (фирма, компания, ұйым) - заңды тұлғалық құқығы бар, өз мүліктерін қолдана отырып өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстар атқаратын, қызметтер көрсететін - ерікті шаруашылық субъект.
Жалпы заңды тұлға ретінде меншіктік құқықта шаруашылықтық іс-әрекетті немесе оперативтік басқаруды жүргізетін және де мүліктік немесе мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелерді игере отырып, жауапкершілікті мойнына алатын ұйымды сипаттаймыз. Сонымен қатар, заңды тұлға ретінде негізгі мақсаты пайда табу болып табылатын (коммерциялық ұйымдар) немесе негізгі мақсаты пайда табу емес және алынған табысты қатысушылар арасында үлестірмейтін ұйымдарды (коммерциялық емес) қарастыруға болады.
Заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметке қатысу мүмкіншілігі олардың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейінгі белгілі бір құқық иемденушілік сипатқа ие болуымен тікелей байланысты. Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлері заңға сәйкес лицензиялануы қажет.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар, мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылықтық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер ретінде құрыла алады.
Коммерциялық емес заңды тұлғалар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, қоғамдық қорлар, діни бірлестіктер немесе басқа да заңдық актілермен байланысты формада құрыла алады.
Төмендегі сызбада (кесте 5.1) кәсіпкерлік субъектіні құрудағы ұйымдық-құқықтық сипаттамасы келтірілген.
Осы сызбада қарастырылған кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формаларының ішінен заңды тұлғалық құқығынсыз жеке тұлғалық болып табылатын нысандарына тоқталып өтейік.
Дара кәсіпкерлік – жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырылады.
Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келесімі талап етілмейді.
Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет. Төмендегі сызбада (сурет 5.1) жеке кәсіпкерліктің салыстырмалы түрде артықшылықтары мен кемшін тұстары көрсетілген.
Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.
Кесте 5.1
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 158 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |