Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік

Читайте также:
  1. I период развития менеджмента - древний период. Наиболее длительным был первый период развития управления - начиная с 9-7 тыс. лет до н.э. примерно до XVIII в.
  2. I. Исторические аспекты возникновения теории инвестиций и инвестиционного менеджмента.
  3. I. Исторические аспекты возникновения теории инвестиций и инвестиционного менеджмента.
  4. II. Классическая школа менеджмента или административная.
  5. III. Сущность и цели инвестиционного менеджмента
  6. Lt;variant>Менеджмент- это врожденное качество отдельных индивидов
  7. Lt;сұрақ>Ондық жүйеде берілген 2 санының екілік санау жүйесіндегі жазылуы
  8. V1: Современная концепция менеджмента качества
  9. административная теория менеджмента Файоля,Вебра.
  10. Административный менеджмент

«Кәсіпкер» терминін XVIII ғасырдың басьшда өмір сүрген француз экономисі Ришар Кантильон енгізген болатын. Кантильон.он кәсіпкерлікті жүйелі сипаттаған алғашқы бизнес теориясы. Ол кәсіпкерлікті ерекше түрдегі қызмет ретінде ұғып, кісіпкерлік кызметте әрдайым ұшырасатын тәуекелдік элементтерін айтып кетгі.

Кәсіпкер сөзі жаңа кэсіпорынды ұйымдастырумен немесе жаңа идеяны, жаңа өнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметті әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді.

Кәсіпкерлік өндірістегі жаңа қисындастыруларды (комбинаций), жаңа нарықтағы әрекетті, жана өнімдерді жасауды және т.б. жүзеге асыруды білдіреді.

«Кәсіпкер» және «менеджер» ұтымдары синоним болып табылмайтынын түсіну аса маңызды. Америкалық индустрияның негізін XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы батыл, саусақпен санарлық кәсіпкерлер қалады. Олардың аттары: Джон Д. Рокфеллер (мұнай), Дж. П. Морган (болат және банк ісі), Эдрю Меллон (алюминий), Эндрю Карнеги (болат), Генри Форд (автокөлік).

Әр жыл сайын жаңа бизнесті қолға алатын жүз мындаған адамдар да кәсіпкер саналады. Бұл адамдар экономикада шешуші ролді ойнайды. Кәсіпкерлік сипатына ие шағын бизнес АҚШ экономиксында ұтымды орын алады.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлерді былайғы жұрт «өзгерістердің базалары» деп атауы әдетке айналған.

Кәсіпорындардың немесе ұйымдардың мақсаттарын қалыптастыруға белсенді қатысып, осы ұйымдар қызметінің бастапқы кезінде өздері бас-көз болатын барлық кәсіпкерлерді менеджер, деп атауға болады. Олардың кейбіреуі кэсіпорынды дамытудағы өзінің кызметінің тек бастапқы кезінде ғана емес, сондай-ак ұзақ жылдар бойы кәсіпорын жұмысын ілгері бастырып, қызметін жалғастыра береді.

Кейбір кәсіпкерлердің жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау сияқты басқару қызметін тиімді орындауға қабілет бейім бола бермейді. Егер аса көрнекті кәсіпкердің менеджерлік қабілеті төмен болап жатса, оған таң қалудың қажеті жоқ.

Мақсаттарды анықтап алу — мол табыстың көзі. Мақсаттарды анықтаудың маңыздылығын кезінде Аристотель де былай деп атап кетіпті: «игілік барлық жерде екі шарттың сақталуына қарай болады: қандай да бір қызметгің түпкі мақсатын дұрыс белгілеу; түпкі мақсатқа жеткізетін тиісті құралды іздеп табу». Спиноза Барух (XVII ғ. нидерланд философы) мақсаттың рөлін «Мақсат әлемді билейді» деп қысқа да нұсқа анықтап берді. Кәсіпкерлік қызметке мына сипаттар тән:

• Шектеу — қоршаған ортаны өзгерту қабілеті. Әр түрлі
тәртіп тәсілдерін қабылдай алатын қабілет.

• Көтермелеу және өндіріп алу жүйесі - шығармашылықты, бастаманы көтермелеу. Бастама болмаған жағдайда
өндіріп алу.

• Мәселе - қайталанбайтын, жаңа.

• Басшылық стилі - қатерлі әрекеттерді ұйғарады. Өзгерістерді жатырқамауы үшін адамдарды жігерлендіру.

• ¥йымдық құрылым - икемді, құрылымы да өзгере алатындай болады. Қызмет мәселелерге қарай ұйымдастырылады.

* Баламаларды (альтернатив) бағалау - баламалар жиынынан ең жақсысы таңдап алынады.

• Тәуекелдікке қатынас - жасампаз тәуекелдік (созида- тольный риск). Тәуекелдік жиынтығын теңгерімдеу,

Жалдамалы еңбек негізінде жүзеге асырылатын кәсіпкерлік қызмет кәсіпорын ретінде тіркеледі.

Барлык нарықтық экономикалы елдерде сан және сапа параметрлері бойынша айрықшаланатын сан алуан кәсіпкерлік фирмалар бар.

Негізгі сапалы параметрлерге фирма сүйенетін мұндай шектеудегі меншік типі жатады.

Кәсіпкерлік фирмалар меншік типтері бойынша ара жіктері ажыратылып көрсетіледі:

- жеке фирмалар;

- жауапкершілігі шектеулі емес кәсіпорын;

- кәсіпорындардың бірлестігі;

- фирманың филиалдары мен өкілдіктері.

Сонымен бірге, кәсіпкерлік фирмалар басқа да сапа параметрлері бойынша айрықшаланады. Мысалы: қызмет сипаты мен мазмұны бойынша; шығарылатын өнімдердің көлемімен және ассортиментінің әр түрлілігімен; әр түрлі фирмалық одақтарға кіру тәсілдері бойынша; бәсекелестік күресті жүргізудің әдістері мен тәсілдері бойынша және т.б.

Кәсіпкерлік фирманы шектеудің негізгі сандық параметрлеріке мыналар жатады:

- қызметкерлердің саны;

- капиталдың жылдық айналымы.

АҚШ-та қызметкерлердің сандық өлшеміне сәйкес мыналар бөлініп көрсетіледі:

- өте ұсақ кәсіпорын (10 адамнан көп емес);

- ұсақ кәсіпорын (20 адамнан көп болмайды);

- шағын кәсіпорын (99 адамнан артық болмайды);

- орташа кәсіпорын (500 адамнан көп емес);

- ірі кәсіпорын (500 адамнан көп).

Капиталдың жылдық айналымының өлшемі бойынша, мысалы, Германияда кәсіпорындар былайша бөлінеді:

- ұсақ (жылдық айналым 25 мың маркіден көп емес);

- орташа және ірі (айналымы 25 мың маркіден де көп).
Кәсіпкерлік қызметтің маңызды міндеті объектінін (фирмалар, кәсіпорын, жеке кәсіпкерлер) тиімді іс-эрекет жасауын қамтамасыз ету болып табылады.

Кәсіпкерлік дербес кызмет ретінде субъектілердің қызметін өз бетінше, еркін жүзеге асыруын ұйғарды: кәсіпкерлік қызмет түрлері мен салаларын таңдау аркылы; осы қызметгердің бағыттары мен әдістерін тандау арқылы; шаруашылық шешімдерді қабылдаумен және оларды жүзеге асыратын құралдарды таңдау арқылы; өндірістік бағдарламаны қалыптастырумен, өнім мен қыз-
мет көздерін және еңбек ресурстарын алатын көздерді
таңдау арқылы; өткізудің арналары мен әдістерін таңдаумен; еңбекақы жүйесін және мөлшерін белгілеу арқылы; өнім мен көрсетілетін қызметгің тарифтері мен баға
деңгейін белгілеумен; салықтың төлемін және басқа да төлемдерді төлегеннен
кейін қалатын кәсіпкерлік қызметтен түскен пайданы
(табысты) иеленумен.

Кәсіпкерлерге мыналар тән: қызмет салаларын кәсіби тұрғыдан меңгеру; нақты басқару білімдеріне ие және өндіріс, өткізу мен маркетингтік қызмет тәжірибесі болады; ресурстар мен қаржылық қаражатты қажет ететін нарықтағы жағдайды және өз мүмкіндіктерін дәл бағалай алады; экономикалық тұрғыдан тұжырым жасай білуі құзіреттілігі, іскерлік мәдениеті, нақты әдет-дағдысынын (машығы мен тәжірибесі) болуы; өндірісті ұйымдастыра білуі және максатқа жетіп, пайда
алу үшін тәуекелге бел буып, әрекет ету; нарықтың мүмкіндіктері мен жаңашыл идеяларды талап, пайдалана білуі.

Нарықтық "экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлік ұйымның үш формасы бар: 1)жекеше шаруашылық

2)серіктестіқ

3)корпорация,

Жекеше шаруашылық - бір меншік иесі шешімді өзі жеке ісімен кабылдап, барлық істің жауапкершілігін өз мойынына алады.

Бірқатар бағалаулар бойынша, АКШ-та 1980-ші жылдардың ортасында фермерлік шаруашылықтарды қоспағанда 7 млн. же-КСІ.І.ІС шаруашылық болған екен.

Екеше шаруашьтлықтың артықшылығы меншік иесі (қожайын) істің барысына толық бақылау жүргізеді.

Кемшілігі - капитал мөлшері (шамасы) мардымсыз (аз) болды; меншік иесі залал, зиян, ысырап, қарыз үшін жалғыз өзі ғана береді.

Серіктестік немесе одан да көп кәсіпкерлер шешімді бірігіп қабылдайды олар барлық іс үшін жеке жауап беретін кәсіпкерліктің ұйымдық формасы. АКДІ-та олардың саны 1 млн.-ға жетті. Серіктестік жекеше шаруашылыққа тән алғашкы кемшілікті (капитал мөлшерінің аздығы) жеңуді көздейді. Барлық серіктестер, меншік иелері залал, ысырап және т.б. орын алған жағдайда бірдей жауап береді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деген болады. Бұл жағдайда ортақ иеленушілер белгілі бір шектеулі мөлшерде капитал қосуға құқылы болады және кәсіпорын атынан басқару ісіне немесе келісімге қатыспайды. Серіктестік көбінесе құқықтану, медицина, брокерлік (басқа тұлғаның атынан тауарды сатушы және сатып алушы) салаларында тараған.

Корпорация — әдетте кәсіпкер меншік иесі мен меншіктен бөлек, қаржылық жауапкершілігі де шектеулі болатын акционерлік меншік негізіндегі кәсіпкерліктің ұйымдық формасы.

Артықшылықтары:

- ол акцияларды сату жолымен елеулі калиталды өз
жағына тарта алады;

- корпорацияның меншік иелері, акционерлер фирманың
міндеттемелері бойынша материалдық тұрғыдан жауап
бермейді, олар банкрот бола қалған жағдайда тек акцияларының құнын ғана жоғалтады;

- корпоративтік форма тәуекелдік деңгейі жоғары аса үлкен
ауқьмдағы өндіріске ірі калитал қажет болатын жағдайда іс жүзінде өзінің ұтымды әрекет ететінін дәлелдеген.
Корпоративтік кәсіпкерліктің кемшіліктеріне жататындар:

- корпорацияны басқару ісіне барлық акция иеленушілердің қатысу мүмкіндіктері болмайды;

- фирманың қызметіне бақылау жүргізеді;

- акционерлерге екі жақты салық салынады;

- пайдаға салынатың салық дивидендтің шамасын кемітеді;

- дивидендке салық салу.

XX ғасырдың 80-ші жылдарының ортасында АҚШ-тағы корпорациялардың саны

2 млн.-ға жетті.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 158 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав