Читайте также: |
|
№ | Ұйымдық-құқықтық форма | Қатысушылар статусы мен ерекшелігі | Қатысушылар саны | Жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері (АЕК) |
Толық серіктестіктер (ТС) | Тек жеке тұлғалар | Екеуден кем емес | 25 АЕК | |
Коммандиттік (сенім) серіктестік (КС) | Толық серіктестер (тек жеке тұлғалар); салымшылар (жеке және заңды тұлғалар) | Екуден кем емес, бір толық серіктес және бір салымшы | 50 АЕК | |
Жауапкершілігі шектелген серіктестік (ЖШС) | Жеке және заңды тұлға; жалғыз қатысушы ретінде бір тұлғадан тұратын басқа ЖШС-ін игере алмайды | Біреуден басталып шексіз көлемде | 100 АЕК | |
Толық жауапкершілікті серіктестік (ТЖС) | Жеке және заңды тұлға; ТЖС жалғыз қатысушы ретінде бір тұлғадан тұратын басқа ЖШС-ін игере алмайды | Біреуден басталып шексіз көлемде | 100 АЕК | |
Акционерлік қоғам (АҚ) | Жеке және заңды тұлға | Біреуден басталып шексіз көлемде | 50000 АЕК | |
Халықтық акционерлік қоғам (АҚ) | Жеке және заңды тұлға | 500-ден кем емес | 1000000 АЕК | |
Өндірістік кооператив (ӨК) | Жеке тұлғалар | Екеуден кем емес және шексіз көлемде | ||
Мемлекеттік кәсіпорын (шаруашылықтық құқықты жүргізу құқығындағы) | Мемлекеттік басқару органдары | Меншік иесімен анықталады | 10000 АЕК | |
[31] әдебиет көздеріне сүйне отырып, автормен құрастырылған |
Серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болғанда қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен ортақтасып жауап беретін шаруашылықтық серіктестік толық серіктестік деп танылады. Толық серіктестіктердің жарғылық қоры ҚР айлық есептік көрсеткішінің 25 мөлшерінен кем болмау керек.
Коммандиттік (сенім) серіктестік қатысушылардың үлестік меншігіне негізделген. Алайда, мұндағы қатысушылар серіктестіктің толық мүшелері және салымшы мүшелері болып бөлінеді. Толық мүшелер фирманың міндеттемелері бойынша толығымен біріккен түрде жауапкершілік артады, салымшы мүшелер өз салымдары шеңберінде жауап береді. Жарғылық қоры 50 АЕК.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінді тәуекел етеді.
Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.
Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Акционерлік қоғам (корпорация) жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінеді. АҚ қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялар құны шегінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді. Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш 50000 еселенген мөлшерді қамтиды.
Өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі.
Шаруашылықтық құқықты жүргізуге негізделген мемлекеттік кәсіпорын, өзінің міндеттемелері бойынша бар мүлкімен жауап береді. Олар шаруашылықты жүргізу құқығы негізінде мемлекеттің міндеттемелері бойынша, ал мемлекет олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілікті мойнына алмайды.
Қазыналық мемлекеттік кәсіпорындар, оперативтік басқаруды жүзеге асыру үшін мемекеттік меншікті иемденеді. Ол ҚР Үкіметінің немесе жергілікті билік органдарының шешімімен құрылады.
Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын ЗТ:
Мекемелер басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы іс-шараларды іс жүзіне асыру үшін құрылтайшылармен қалыптастырылатын және қаржыландырылатын ұйым.
Қоғамдық бірлестіктер заң жүзінде жалпы ортақ мақсатты жүзеге асыру үшін азаматтардың бірігуі нәтижесінде ерікті түрде құрылатын кәсіби одақтар немесе саяси партиялар т.б. бірлестіктер.
Қоғамдық қор ерікті мүліктік жарналар негізінде азаматтармен немесе заңды тұлғалармен әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім берушілік немсе қоғамдық-пайдалы мақсатты жүзеге асыру үшін құрылатын ұйымдар.
Тұтынушылық кооператив қатысушылардың материалдық және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мүшелік негіздегі мүшелердің жарналарын біріктіру жолымен құрылатын азаматтардың ерікті бірлестігі.
Діни бірлестік тер ортақ мүдделіктегі рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін заңдық актілер реттілігімен құрылатын азаматтардың ерікті бірлестігі.
Кәсіпкерлік қызметтерін шоғырландыру мақсатындағы коммерциялық ұйымдар ассоциация немесе одақтар формасында коммерциялық емес ұйымдарды ортақ мүдделікке байланысты құрылатын ұйымдар.
Ауыл шаруашылық серіктестіктері – ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің солш ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, ресурстармен материалды-техникалық жабдықталуы, сумен қамтамасыз етілуі және де мүшелерін басқа да сервистік қызмет көрсетілуі мақсатында азаматтардың мүліктік жараналарын ерікті түрде біріктіру жолымен құрылатын ұйымдар.
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 216 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |