Читайте также:
|
|
Амортизация (латын. amortisatio — өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл — жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. тозымпұл аударымының сомасы тозымпұл нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Тозымпұл бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі. Тозымпұл термині басқа мағыналарда да қолданылады: жеке адамның немесе ұйымның дүркіндік жарналар төлеу немесе міндеттемелерді сатып алу жолымен борышты бірте-бірте өтеуі; борышқорлық міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы, т. б. себепті оны жарамсыз деп тану; машиналарда, құрылғыларда - машиналардың конструкцияларындағы арнаулы қондырғылардың (тербелістерді өшіргіштердің), оларды салмақтан қорғайтын құрылғылардың көмегімен соққының, серпудің күшін жұмсарту, бәсендету.
Физикалық жене моралдық тозу.
Шығындардың түрлері және олардың жіктелуі.Тұрақты және өзгермелі шығындар
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта күн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Тұрақты шығындарға— осы мерзімде өндіріспен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес
шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.
Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялык, заемміндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы. Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттык шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.
Өзгермелі шығындарға осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.
Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 304 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |