Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экономикалық теорияның мақсаттары, мектептері және әдістері

Читайте также:
  1. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  2. D) ертикальды және горизонтальды
  3. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  4. E.Макроэкономикалық саясат белсенді
  5. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Экономикалық теория - бұл адамдардың шексіз қажеттілігін қанағат-тандыру үшін қоғамдағы шектеулі немесе сирек кездесетін ресурстарды пайдалану арқылы игіліктерді өндіруді зерттейтін ғылым. Ең алғаш рет б.д.д. III- ғасырда грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт еңбектерінде экономикалық болмыс түсінігі кездеседі. Экономикалық теория дербес ғылым болып XVI-XVII ғасырларда тауар – ақша қатынастары кеңейген капитализм кезеңінде түбегейлі қалыптаса бастады.

Экономикалық теорияның мектептері:

Меркантилизм – Ең алғаш экономикалық ілім XVI-XVII ғасырларда меркантилизм мектебі болды (итальян сөзі «мерканте» - саудагерлер көпес, сауда, пайда). Бүл ілімнің негізінде қоғам байлығының қайнар көзі материялдық өндіріс емес, тауар ақша қатынастарында болды. Меркантелистердің талабы бойынша тауарды шет елдерге көп сату олардан аз сатып алу, сөйтіп елдегі ақша қорын көбейту. Олар сыртқы сауданы дамыту арқылы елдегі алтын мен күмістің көлемін молайту негізінде халықты байытуға болады деді. Демек меркантелистер тек сауда капиталының мүддесін қорғады. Сондықтан халық шаруашылығын толық қамтитын ілімге айнала алмады. Бұл ілімнің көрнекті өкілдері Т.Мен, А.Монкретьен, І Петр,И.И.Посошков.

Физиократизм – (XVIII) қоғамның байлығы саудада емес өндірісте деген қағида ең бірінші «физократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненің еңбегінде пайда болды, бірақ ол ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді. «Физио» - табиғат, «кратос» - үстемдік. Алайда өндірісті тек ауыл шаруашылығымен шектеп халық шаруашылығын басқа салаларын өнімсіз деп есептеу дұрыс болмады. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері Ф.Кенэ, А.Тюрго, Дюпон де Немур.

Классикалық саяси экономия - ХҮІІІ ғасыр (У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Буагильбер) - өндірістің барлық саласын зерттеп, барлық тауарлардың құндылық өлшемі еңбекте деп дәлелдеген.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысы басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм.

а) Марксизм – (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин, Г.В.Плеханов). Зерттеудің негізгі нысаны – капитализмнің экономикалық заңдылықтары. К.Маркстың ашқан басты жаңалығы: қоғамдық-экономикалық формация, капитализмнің даму заңдылықтары, социализмнің жаңа жүйе ретінде пайда болуы, ұдайы өндіріс пен экономикалық дағдарыстар теориясы, тауарға сіңген еңбектің екі табиғаттылығы, қосымша құн туралы ілімдерді, абсолюттік рентаның, жалдамалы еңбектің мәнін қарастырды.

б) Маржинализм – (К.Менгер, У.Джевонс, Л.Вальрос). Маржинализмнің басты категориялары шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар. Шаруашылықты тиімді ұйымдастыру үшін шектеулі ресурстарды ең пайдалы бөлудің әдістерін іздестіру жүргізілді. Микроэкономикалық талдауда шекті көрсеткіштер қолданылу әдістері қарастырылды. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады. Л.Вальрос математикалық мектептін негізін қалаған. Ол жалпы нарықтық тепе-теңділік үлгісін жасаған, оның негізі сұраныс пен ұсынысты талдау.

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері

Жалпы әдістер Жеке әдістер

1. Ғылыми абстракция әдісі – зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

2. Талдау – зерттелінетін құбылыс өзінің құрамды бөліктері мен жақтарына ажыратылады.

3. Жинақтау – құрамды бөліктердің тұтас бір құбылыс болып қалыптасуы.

4. Индукция – жеке фактілерден жалпы қорытынды шығару.

5. Дедукция – жалпыдан жалқыға, бүтіннен бөлшекке көшу.

 

2)Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық игілік ресурстарының шектеулілігі (сиректігі); экономиканың негізгі үш сұрағы не, қалай, кім үшін өндіру.

Экономикалық қажеттілік – адамдарды өз мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында белсенді қызмет етуге мәжбүр ететін қозғаушы күш болып табылады. Қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейіне қарай жаңа қажеттіліктер туады. Оның құрылымы, саны, сапасы, өзгеріп отырады. Қажеттіліктердің үздіксіз өсуі адамдардың экономикалық эволюциясының көптеген деректерімен дәлелденді. Әр бір 10 жыл сайын тұтыну тауарлары мен қызметтердің түрлері екі есеге өсіп отырады. Мұндай экономикалық заңдылық қжеттіліктердің өсу заңы деп аталады. Қажеттіліктердің түрлері:

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Экономикалық игіліктер – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы нәрселер мен заттар. Олардың біреулері шексіз түрде болады. (Мысалы: ауа). Оларды еркін игіліктер деп атайды, басқалары шектелген оларды экономикалық игіліктер деп атайды.

Не? –мүмкіндікті пайдаланып, қандай тауарлар мен қызметтерді өндіру керектігін таңдау керек.

Қалай?-қандай технологияны қолдану мен, тауарлар мен қызметтердің таңдағанын өндіру керек.

Кім үшін?-таңдалған тауарлар мен қызметтерді кімдер сатып алады,сонын пайдасына өндіруші шешеді.

 

3)Қоғамдық қатынастар жүйесі: әлеуметтік-экономикалық, техникалық-экономикалық, ұйымдық-экономикалық, экологиялық-экономикалық.

Әлеуметтік-экономикалық - меншік қатынастары және табыстарды бөлу(Мысалы:ресурстар).

Техникалық-экономикалық-адамның табиғатқа қатынасы. Еңбек процесі және оның көздері.(Мысалы:Еңбек құралдары,еңбек заты,еңбек).

Ұйымдық-экономикалық – өндірістік қандайда бір өнімдерді дайындауға мамандыру.(Мысалы: тәжірибе алмасу,маркетинг,менеджмент және т.б.)

Экологиялық-экономикалық-табиғи ресурстар, адамның физиологиялық мүмкіндіктері және т.б.

 

4)Экономикалық ғылымның әдістемесі

Экономикалық талдауда әдістеме айқын бейнемен талдау мақсатына жетуге бағытталған, кәіспорын экономикасын зерттеу ережелері мен аналитикалық тәсілдердің жиынтығын білдіреді. Жалпы әдістеме – ұлттық экономиканың түрлі салаларында экономикалық талдаудың түрлі объектілерін зерттеу кезінде бірыңғай қолданылатын зерттеу жүйесі деген түсінікті береді. Жеке әдістеме жалпыны экономиканың арнайы салаларына, өндірістің арнайы түріне немесе зерттеу объектісіне қатысты айқындайды.

 

5)Игілік, өнім, қызмет. Қажеттіліктердің жіктемесі. Маслоу пирамидасы

Игілік– ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.Игілік табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғи игілік – табиғи процестердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, пайдалы қазбалар. Қоғамдық игілік – адам қызметінің нәтижелері.

Өнім– белгілі бір уақыт аралығында дүние жүзінде, елде, кәсіпорында, т.б. өндірілген өнімдердің бүкіл көлемі; ғылыми-техникалық талдамаларды, өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді, халық тұтынатын тауарларды, құрылыс нысандарын, жұмыстарды, қызметтерді қоса қоғамдық және жеке бастың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған еңбек қызметінің нәтижесі; кәсіпорында дайындалған өнім.

Экономикалық теория бірнеше қызметтер атқарады:

1. Танып - білу қызметі - қоғамдық экономикалық процестер мен құбы-лыстарды терең, әрі жан-жақты зерттеп бөлуі және түсіндіруі тиіс.

2. Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды.

3. Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.

4. Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

Қажеттіліктердің жіктемесі:

Алғашқы (төменгі) - қажеттілік адамдардың өмір сүруіне ең алғаш керек қажеттіліктер. Оларға толық киім, баспана т.б жатады.

Екінші реттік (жоғарғы) қажеттілік – бұл адамның рухани жағдайы, әлеуметтік ортасы, интелектуалдық деңгейіне байланысты пайда болатын қажеттіліктер. Бұл қажеттіліктерді альтернативті (таңдау) қажеттіліктері деп те атайды. Мысалы: кітаптар, сәнді киімдер, қымбат бұйымдар, сондай-ақ білімге мәдениетке қажеттіліктер.

Қанағаттандыру түріне қарай қажеттіліктерді жеке және ұжымдық деп бөлуге болады.

Жеке қажеттіліктер – бұл жеке адамның өзін қанағаттындыра алатын қажеттіліктер. Мысалы: киім, тамақ, мұздатқыш, машина т.б тауарлар сатып алуы.

Ұжымдық қажеттіліктер - өмірде жеке бір адам қанағаттандыруға мүмкін емес,көп шығын қажет ететін қажеттіліктер бар. Оларды көпшілік көмегімен ұжымдық түрде қанағаттандырады. Ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жөнінде шешімдерді басқару органдары қабылдайды.

Қажеттіліктер пирамидасы — адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық моделдің жалпы атауы, ол америкалық психолог А. Маслоудың теориясының қарапайым сипаттамасы. Толығырақ оның ой тұжырымдары 1954 жылғы "Құлшыныс пен Тұлға" (Motivation and Personality) атты кітапта берілген. Маслоудың өзі иерархилық қатарға коймай 5 деңгейлік қажеттілік атап көрсетеді:

1)Физиологиялық: тамақ, су,киім, жыныстық қатынасқа талпыныс және т.б.

2)Қауіпсіздік: өмір сүруге қауіпсіздік, комфорт, өмір сүру жағдайларының тұрақтылығы.

3)Әлеуметтік: әлеуметтік байланыс, тілдесу, жақындық, басқаға және өзіне көңіл бөлу, бірге жұмыс істеу.

4)Абыройлық: өзіне құрмет, сырт адамдардан құрметке ие болу, басқалар мойындап абыройлы болу, табысқа жету мен жоғары баға алу, қызметте өсу.

5)Рухани: тану, өзін орнын табу, өзіндік сипаттау, өзін өзі тану.

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 231 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав