Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тауар. Тауардың қасиеттері: айырбас құны және тұтыну құны. Құнның еңбектік теориясы.

Читайте также:
  1. B) Мүлікті иесінен құны төлене отырып күшпен алу
  2. B012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану» мамандығы, 3 курс, 3кредит қ/б
  3. D) ертикальды және горизонтальды
  4. E) Билік ету, пайдалану және иелену
  5. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  6. Stty, tset командаларын тағайындау және сипаттау. Қатқыл дискімен жұмыс істеу командалары. /etc/passwd, /etc/shadow және /etc/group файлдары.
  7. Ағымдық және жедел жоспарлау
  8. Аңқа бұлшық еттерінің құрылысы.Физ-қ қасиеттері және қызметтік ерекшеліктері.
  9. Абілет және нышан
  10. Абсолютті және қатыстық шамалар

Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар: адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны; басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны). Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай қасиеттері оны өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты: Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы. Құнның еңбек теориясы адамдардың өздерінен тыс қалыптасатын объективтік еңбек пропорцияларымен қалай есептесіп отыру керектігін дәлелдей алмады. Еңбек пропорцияларының өзгерістеріне сәйкес келетін субъективтік бағалау оны осы мәселелерден құтқарады. Құнның еңбектік теориясын классикалық саяси экономиканың кейінгі өкілдерінің бірі, пролетарлық саяси экономиканың қалаушысы К.Маркс биік тұғырға шығарды. Оның «Капитал» деген еңбегі экономикалық ойдың тарихына өшпес әріппен жазылып қалды.

Құнның еңбектік теориясын қысқаша төмендегідей түсіндіруге болады.

Біріншіден, әртүрлі тауарлардың ұқсас ортақ ішкі артық мазмұны — құны бар. Сондықтан тауарлар бір-бірімен салыстырылып, теңдестіріліп, айырбас пропорциясы арқылы айырбасталады.

 

Ақшаның мәні. Ақшаның атқаратын қызметтері. Ақша формаларының эволюциясы: тауарлық-ақша, металл, қағаз, несиелік, «электрондық» ақшалар.

Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады: жалпыға тікелей айырбасталу;айырбас құнының дербес формасы;еңбектің сыртқы заттық өлшемі;

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады:құн өлшемі,айналыс құралы,төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.

 




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 410 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав