Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Практика сабақтардың мазмұны, бақылау түрі, бағалау

Читайте также:
  1. I. Инструкция студенту-практиканту
  2. III.ПРАКТИКА
  3. IV. ДНЕВНИК ПРАКТИКАНТА
  4. Акты КС РФ. Судебная практика
  5. Аралық және қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
  6. аржы қызметтері:Бөлу: Бақылау: Есеп.
  7. Бақылаудың объективті қажеттілігі
  8. Бақылаудың түрлері
  9. Белое движение: идеология и практика.
  10. Білімді бағалаудың жалпы шкаласы
Тақырыптың № Практикалық сабақтардың сұрақтары Әдебиеттер Бақылау түру Жоғары балл
         
  Экономикалық ғылымдар жүйесінде басқару ғылымының пәні. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері. Теория мен практика бірлігі, менеджментті зерттеудегі тарихи және логикалық тәсілдер. Менеджмент ұғымы, міндеті мен түрлері: өндірістік менеджмент, қаржылық менеджмент, инновациялық менеджмент, инвестициялық менеджмент, дағдарысқа қарсы менеджмент, халықаралық менеджмент және басқалар. Басқарушы және басқарылушы кіші жүйелере, олардың бірлігі мен өзара әрекеттестігі. Менеджер және оның функциялары. Негізгі №1 (5-10 бет) № 2 (4-8 бет) Қосымша №2 (5-10 бет) № 3 (4-8 бет)   Ауызша сұрақ    
  Қазақстанда менеджменттің қалыптасуы мен дамуының саяси және экономикалық алғышарттары, қазіргі замаңғы өндірістің дамуындағы ролі. Қазақстанда нарықтық қарым−қатынастарға өтудің негізгі бағыттары. Реформаларды жеделдету мен тереңдетудің мақсаттары мен міндеттері. Менеджменттің орны мен ролі. Экономика, саясат және басқарудың өзара әрекеттестігі. Негізгі № 1 (12-16 бет) Қосымша №2 (13-17 бет) Жазбаша сұрақ    
  Ұйым туралы түсінік. Ұйымның жалпы сипаттамалары. Ресми және бейресми ұйымдар. Көлденең және тік еңбек бөлінісі. Ұйымдағы басқару үрдісі. Басқарудың негізгі деңгейлері. Басқару объектісі мен субъектісі. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік. Ішкі айнымалылар: мақсат, құрылым, міндет, технология және адамдар. Мақсаттар туралы түсінік және олардың әртүрлілігі. Бөлімшелердің мақсатары. Ұйым құрылымы. Мамандандырылған еңбек бөлінісі. Басқару көлемі. Сыртқы орта туралы түсінік. Сыртқы ортаның маңызы және оның ұйым жұмысына әсері. Негізгі №2 (10-17 бет) Қосымша №3 (11-16 бет) Тестілеу  
  Ақпарат ұғымы. Ақпарат басқару қызметінің пәні ретінде. Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері. Ақпараттың анықтамасы, белгілері, жіктелуі. Ақпаратқа қойылатын талаптар. Фирма ішіндегі ақпарат жүйесінің негізгі қағидалары, міндеттері мен функциялары. Ақпарат сапасына әсер ететін факторлар. Басқарудағы коммуникацияның ролі. Құжат айналымын жобалау. Коммуникациялық кедергілер мен оларды өту әдістері. Негізгі №1 (19-25 бет), №2 (27-33 бет) Қосымша №4 (20-29 бет) Ауызша сұрақ    
  Менеджмент үрдісіндегі шешімнің ролі. Басқару шешімдері туралы түсінік және олардың жіктелуі. Басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен жүзеге асыру технологиясы. Басқарушылық шешімдер сапасының көрсеткіштері. Шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыру кезеңдері. Белгісіздік жағдайындағы шешім ұғымы. Негізгі №1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет) Қосымша № 2 (35-39 бет) Жазбаша сұрақ    
  Экономикалық әдістердің басқару әдістер жүйесіндегі орны. Басқарудың экономикалық әдістерінің жіктемесі. Басқарудың әлеуметтік−психологиялық әдістерінің жіктелуі мен сипаттамалары. Әлеуметтік−экономикалық дамуды басқарудағы әлеуметтік факторлар ролін арттыру. Негізгі № 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет) Қосымша № 5 (23-29 бет) Тестілеу  
  Ұйымдастырушылық−өкімдік әдістердің басқару әдістері жүйесіндегі орны, олардың басқа басқарушылық әсер ету тәсілдерімен түбегейлі өзара байланысы. Өкімшілік ықпал ету, оның басқару жүйесінің әртүрлі деңгейіндегі мақсаттары мен жүзеге асыру нысандары. Экономиканы басқарудағы құқықтық әдістердің ролі. Басқару функциясы ұғымы. Функцияларды бөліп көрсетудің ғылыми негізі және басқару тәжірибесі. А.Файоль және функционалды басқару. Басқарудың жалпы және нақты функциялары. Негізгі №1 (45-51 бет), №6 (29-33 бет) Қосымша № 3 (15-25 бет) Ауызша сұрақ    
  Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері. Жоспар түрлері, жоспарлау формалары. Жоспарлау қағидалары: кестелер, байланыс, деңгейлер, күнтізбемен байланыстыру. Ұйым қызметін стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық жоспарды жасаудың әдістері, процедуралары мен ережелері. Тактикалық жоспарлау. Тактикалық жоспарды жасау процедурасы мен сипаттамасы. Ішкі фирмалық жоспарлаудың ұйымдастырушылық формалары. Негізгі №1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет) Қосымша № 1 (60-65 бет), № 7 (43-49 бет) Жазбаша сұрақ    
  Ұйымдастыру функциясының мазмұны. Делегирлеу, өкілеттіліктер және жауапкершілік. Менеджмент жүйесінде өкілеттілікті делегирлеу және жауапкершілікті бөлу. Ұйымдық өкілеттіліктер. Өкілеттілік шектері. Басқару деңгейлері мен функциялары бойынша өкілеттілік пен жауапкершілікті бөлу. Сызықты және аппараттық (штабтық) өкілеттіліктер. Өкіліеттілік және билік. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы туралы түсінік. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының түрлері: сызықтық, функционалдық, сызықтық−функционалдық (штабтық), матрицалық, жобалық. Олардың артықшылықтары мен кемшіліктері. Негізгі №1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет) Қосымша №8 (70-77 бет) Тестілеу  
  Мотивация ұғымы, оның мәні мен эволюциясы. Мотивацияның мазмұндылық теориялары: А.Маслоу бойынша қажеттіліктер иерархиясы; Ф.Герцбергтің қос факторлы теориясы; Мак Клелландтың қажеттіліктер теориясы. Виктор Врумның мотивациялық модельдері. Мотивацияның процессуалдық теориялары: күту теориясы, әділеттілік теориясы, Портер−Лоулердің мотивация моделі. Негізгі №1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет) Қосымша №9 (45-50 бет) Ауызша сұрақ    
  Басқарушылық бақылаудың объективті қажеттілігі. Басқарушылық бақылаудың функциялары мен түрлері. Бақылау технологиясы: бақылау тұжырымдамасын таңдау, бақылау мақсатын анықтау, бақылау нормасын сақтау, бақылау әдістері, бақылау көлемі мен саласы. Бақылау үрдісі. Бақылау үрдісінің кезеңдері. Нормативтер мен стандарттарды жасау. Бақылаудың ұйымдастыру формалары. Тәуелді, тәуелсіз бақылау. Ішкі фирмалық бақылау. Аудиторлық тексеру. Бақылау талаптары−белгілері. Бақылаудың дер кезінде жүргізілуі мен икемділігі. Контроллинг негізінің ұғымы. Жоспарлау жүйесі және контроллинг. Контроллинг пен менеджменттің кіші жүйелері. Контроллинг құралдары. Негізгі №1 (79-83 бет), №13 (55-67 бет) Қосымша Жазбаша сұрақ    
  Ұйымдағы басшылық. Өкілеттілік, жеке ықпал ету және билік. Билік балансы. Ықпал ету және билік формалары. Марапаттауға негізделген билік. Оң, дұрыс ықпалды нығайту арқылы әсер ету. Заңды билік. Дәстүр арқылы әсер ету. Эталондық билік (үлгі билігі). Харизма арқылы ықпал ету. Сараптау билігі. Сендіру мен қатысу. Лидерлік теориясына шолу. Жеке адамның қасиеті мен көзқарасы жағынан қарағандағы тәсіл. Тәртіптілік тәсіл. Жағдайлық тәсіл. Басшылық стилі туралы түсінік және олардың түрлері, оны қалыптастыру факторлары. Басшылықтық автократтық, демократтық және либералдық стилі. Лайкерт бойынша адамға бағытталған басшылықтың төрт стилі. Фидлердің жағдайлық басшылық моделі. Митчел мен Хаустың «жол−нысана» тәсілі. Херси мен Бланшардың «өмірлік цикл» теориясы. Врум−Йеттонның басшымен шешім қабылдау моделі. Негізгі №1 (85-89 бет) Қосымша №14 (50-59 бет) Тестілеу  
  Ұйымдық қайшылықтың табиғаты мен мазмұны. Қайшылық себептері. Қайшылық функциялары. Қайшылық үрдісінің моделі. Қайшылық салдары. Ұйымдық қайшылықтардың негізгі түрлері. Күйзеліс (стресс) табиғаты. Күйзеліс себептері. Ұйымдық өзгерістер табиғаты. Мақсат, құрылым, технология мен міндет, адамдар. Өзгерістерді басқару. Негізгі №1 (90-94 бет) Қосымша №15 (61-65 бет) Ауызша сұрақ    
  Кадрлық саясаты туралы түсінік. Фирмада кадр саясатын жасау және жүргізу. Басқару кадрларын даярлау. Персоналды іріктеп алу және орналастыру. Персоналды басқару. Басқару кадрларын бағалау. Персоналды пайдалану. АҚШ пен Жапония фирмаларында персоналды басқару ерекшеліктері. Басқару мәдениетінің мәні мен түсінігі. Басқару мәдениетінің элементтері: басқару қызметкерлерінің мәдениеті, басқару үрдісінің мәдениеті, еңбек жағдайларының мәдениеті, құжаттау мәдениеті. Негізгі №1 (92-95 бет), № 2 (45-56 бет) Қосымша №16 (66-69 бет) Жазбаша сұрақ    
  Басқарудың корпоративті мәдениеті туралы түсінік. Ұйымның мәдени аспектілерінің жіктелуінің сипаттамасы. Корпоративтік мәдениеттің негізгі құндылықтары. Кәсіпкерліктің салалық мәдениеті. Сауда мәдениеті. Әкімшілік мәдениет. Инновациялық мәдениет. Этика – адам тәртібін реттеудің бір формасы. Іскерлік этика ережелері мен ерекшеліктері. Іскер адамның сырт бейнесі. Келіссөз стилі. Негізгі №1 (95-99 бет), №2 (68-79 бет) Қосымша №17 (70-74 бет), № 18 (50-59 бет) Тестілеу  

СОӨЖ өткізу кестесі *

Тақырыптың № СӨЖ тапсырмасы Әдебиеттер Бақылау түрі Тапсыру уақыты (апта) Жоғары балл
           
  1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Өндірісті басқару ғылымының пәні. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың жіктемесі. Басқару ғылымы әдістерінің жиынтығы. Курстың мазмұны мен міндеттері. «Менеджмент» оқу пәнінің басқа пәндермен байланысы. Оның мамандар дайындаудағы мақсаттары мен міндеттері. Басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі. 2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Нарықтық экономикадағы басқару объектілері. Басқарудың ғылыми қағидалары. Басқару ғылым және өнер ретінде. Басқару мен кәсіпкерліктің өзара байланысы. Басқарудың мәні мен қағидаларына негізгі теориялық көзқарастар. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшеліктері мен өзгешіліктері. Тарихи алғышарттар мен менеджмент эволюциясының дамуы. Негізгі №1 (5-10 бет) № 2 (4-8 бет) Қосымша №2 (5-10 бет) № 3 (4-8 бет)   СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Қазақстандағы кәсіпкерлік пен бизнестің мазмұны мен негізгі ерекшеліктері. Олардың дамуына ішкі және сыртқы ортаның әсері. Менеджмент және кәсіпкерлік. Менеджмент бірігіп құрастырылған еңбектің құрама бөлігі және Қазақстандағы меншіктің жаңа қарым−қатынастарын жүзеге асыру құралы ретінде. 2. Келесі тақырыптарға эссе дайындау: Өзін−өзу басқару концепциясы реттелмелі нарықтық экономиканың ғылыми негізі ретінде. Қазақстан Республикасының қалыптасуы және дамуының стратегиясы. Экономикалық даму стратегиясының кезеңдері. ҚР мемлекеттік жоспарлау жүйесі. Негізгі № 1 (12-16 бет) Қосымша №2 (13-17 бет) СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға баяндама дайындау: Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік. Кәсіпкерлер басқарушы ретінде. Жетістікке бағытталған басқару. Қазіргі заманғы менеджер моделі. 2. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Басқару көлемі. Міндеттер сипаттамасы. Технология ұғымы. Технологияның жіктелуі. Фирма жетістігіне технологияның әсері. Басқарудың жағдайлық көзқарасындағы адам айнымалысының негізгі аспектілері. Ішкі айнымалылардың өзара байланысы. Сыртқы орта сипаттамалары: факторлардың өзара байланысы, ортаның күрделілігі, ортаның қозғалмалылығы, ортаның белгісіздігі. 2. Келесі тақырыптарға эссе дайындау: Тура әсер ету ортасы: жабдықтаушылар, материалдар, капитал, еңбек ресурстары, тұтынушылар, бәсекелестер. Жанама әсер ету ортасы: экономика жағдайы, әлеуметтік−мәдени факторлар, саяси факторлар, жергілікті тұрғындармен қарым−қатынас. «Технология» факторының сыртқы аспектілері. Негізгі №2 (10-17 бет) Қосымша №3 (11-16 бет) СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға эссе дайындау: Ақпарат сапасына әсер ететін факторлар. Ақпарат құрылымы. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық ағымдарды ұйымдастыру, ақпаратты жинау мен өңдеу әдістері. Менеджмент жүйесіндегі ақпаратты дифференциациялау. Менеджменттің ақпараттық икемділігі. Қазақстан экономикасын басқарудағы ақпаратпен қамтамасыз етілу. 2. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Менеджменттегі көлденең және тік коммуникациялар. Жеке адам аралық және топтық коммуникациялар. Қарым−қатынас түрлері мен ұйымдастыру түрлері. Іскерлік қарым−қатынастың дамуы. Қарым−қатынас жасаудағы жеке тұлғалық және кәсіби факторлар. Құжат айналымын жобалау. Негізгі №1 (19-25 бет), №2 (27-33 бет) Қосымша №4 (20-29 бет) СӨЖ қорғау    
  Келесі тақырыптарға презентация жасау: Шешім салдары: бағалау мен болжау. Баламаларды талдаудың негізгі әдістері. Күрделілік дәрежесі әртүрлі мәселелерді шешудегі басқару шешімдері. Бағдарламалы−мақсаттық және мәселелі−бағытталған басқару. Негізгі №1 (27-35 бет), №3 (21-27 бет) Қосымша № 2 (35-39 бет) СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Елдің әлеуметтік−экономикалық дамуын тездету үшін халық шаруашылығының барлық деңгейлеріндегі басқарудың экономикалық әдістеріне көшудің маңызы. Басқарудың экономикалық әдістерінің жіктемесі. Нарықтық қарым−қатынастардың қалыптасуы кезеңіндегі басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі экономикалық әдістерді қолдану ерекшеліктері. 2. Келесі тақырыптарға презентация дайындау: Қайта құру тұжырымдамасындағы адам факторы. Шаруашылық қызметтің әлеуметтік бағытын күшейту. Елдің әлеуметтік−экономикалық дамуын жеделдету басқарудың шаруашылық механизмінің тиімділігінің жоғарғы критерийі ретінде. Негізгі № 1 (37-43 бет), №2 (35-39 бет) Қосымша № 5 (23-29 бет) СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Ұйымдастырушылық−өкімдік әдістердің мәні және олардың сипаттамасы. Оперативті басқаруда пайдаланылатын ұйымдастырушылық әдістер. Өндірісті басқарудағы құқықтық реттеу механизмі. 2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Функциялардың макродеңгейдегі, микродеңгейдегі (кәсіпорын функциялары) жіктелуі, қазіргі кезеңдегі нарықтық функциялар. Басқару объектісі мен субъектісінің функциялары. Негізгі №1 (45-51 бет), №6 (29-33 бет) Қосымша № 3 (15-25 бет) СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Стратегиялық жоспарды бағалаудың сандық және сапалық белгілері. Стратегияны жүзеге асыру үрдісін басқару. Ұйымды басқарудағы бизнес−жоспар. Бизнес−жоспардың міндеттері мен бөлімдері. Қызметті таңдау, бәсекелестік артықшылықтарының түрлері. Өткізу нарығын бағалау. 2. Келесі тақырыптарға реферат жазу: Нарықты зерттеу үрдісінің кезеңдері. Бәсекелестік қабілеттілікті бағалау. Маркетинг, өндіріс, қаржы жоспарының негізгі элементтері. Шет елдерде жоспарлауды ұйымдастыру мен оның ерекшеліктері. Негізгі №1 (55-59 бет), №2 (35-40 бет) Қосымша № 1 (60-65 бет), № 7 (43-49 бет) СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға эссе дайындау: Өкілеттілікті беру концепциясының сипаттамасы: классикалық концепция мен ұйымдық өкілеттілікті қабылдау концепциясы. 2. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Өкілеттілікті бөліп беруді тиімді ұйымдастыру. Өкілеттілікті тиімді делегирлеуге кедергілер. Ұйымдастырушылық құрылымға қойылатын негізгі талаптар. Ұйымдастыру функциясын орындау үрдісіндегі негізгі қағидалар. Басқарушылық қызметті ұйымдастырудың түрлері мен ерекшеліктері. Негізгі №1 (61-67 бет), №2 (45-49 бет) Қосымша №8 (70-77 бет) СӨЖ қорғау    
  Келесі тақарыптарға презентация жасау: Қазіргі замандағы мотивация теориялары. Мотивация, ынталандыру және белсендіру. Мотивацияның негізгі және қосымша факторлары. Қажеттіліетер және мотивациялық тәртіп. Бірінші және екінші қажеттіліктер. Негізгі №1 (70-77 бет), №2 (51-55 бет) Қосымша №9 (45-50 бет) СӨЖ қорғау    
  Келесі тақырыптарға презентация жасау: Бақылау жүйесіндегі экономикалық талдау. Өзгерістерді қабылау, нәтижелерді берілген стандарттармен салыстыру, түзетушілік іс әрекеттер. Ұйымның экономикалық потенциалын анықтау. Бақылаудағы кедергілермен қарсыласу. Бақылау талаптары-белгілері. Бақылаудың дер кезінде жүргізілуі мен икемділігі. Бақылаудың қарапайымдылығы мен тиімділігі. Бақылаудың техникалық тәсілдері және қазіргі заманғы басқару техникасын пайдалану. Негізгі №1 (79-83 бет), №13 (55-67 бет) Қосымша СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Салихалы сенім арқылы ықпал ету. Сендіру арқылы ықпал ету. Қызметкерлерді басқаруға қатыстыру арқылы ықпал ету. Ықпал етуді тәжірибе жүзінде пайдалану. 2. Келесі тақырыптарға эссе дайындау: Лидер – әлеуметтік архитектор ретінде. Құрылым және бюрократия. Лидер және белгісіздік. Кадрлық жүйе бөлімдері. Бейресми лидер. Жұмысқа және адамға негізделген екі өлшемді басшылық стилінің баян етілуі. Блэйк және Мутонның басқарушылық торына сәйкес басшылық стильдерінің сипаттамалары. Стиль, қанағаттанушылық және өнімділік. Тиімді басшылыққа деген жағдайлық тәсіл. Негізгі №1 (85-89 бет) Қосымша №14 (50-59 бет) СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға баяндама дайындау: Қайшылық жағдайды басқару. Жеке тұлға аралық қайшылықтарды шешу әдістері. Қайшылықты шешудің құрылымдық әдістері. Күйзеліс туғызатын ұйымдық және жеке тұлғалық факторлар. Күйзелістерді басқару. 2. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Қайшылық пен күйзеліс арасындағы өзара байланыс. Ұйымда өзгерістерді табысты өткізудің шаралары. Өзгерістерді жасау үшін басқаруда қызметкерлердің қатысуын пайдалану. Өзгерістерге қарсылықтарды жою. Ұйымдық даму. Ұйымдық дамудың алғышарттары мен құндылығы. Негізгі №1 (90-94 бет) Қосымша №15 (61-65 бет) СӨЖ қорғау    
  1. Келесі тақырыптарға презентация жасау: Еңбек ақы төлеу және ынталандыру. Еңбекке ақы төлеу деңгейі және оның формалары. Басқару мәдениеті өндіріс тиімділігін арттыру факторы ретінде. Басқару мәдениеті адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде. 2. Келесі тақырыптарға эссе дайындау: Дамыған елдердегі экономикалық мәдениет ерекшеліктері. Ұйымдастырушылық мәдениет түрлері: күшті және әлсіз; ресми және бейресми; функционалды және дисфункционалды; айқындалған және жасырын; реттелінетін және реттелінбейтін, т.б. Негізгі №1 (92-95 бет), № 2 (45-56 бет) Қосымша №16 (66-69 бет) СӨЖ қорғау    
  Келесі тақырыптарға презентация жасау: Корпорация мәдениетіне әсер етуші факторлар. Корпорация мәдениеті – ұйымдастырушылық құрылым мен кадр саясатындағы құндылықтарды көрсету ретінде. Кәсіби этика. Сөйлеу мәдениеті. Адамның сөйлеу мәдениетінің жалпы белгілері. Іскерлік қарым−қатынас. Келіссөз жүргізуге дайындық. Еңбек өмірінің сапа тұжырымдамасының қағидалары. Негізгі №1 (95-99 бет), №2 (68-79 бет) Қосымша №17 (70-74 бет), № 18 (50-59 бет) СӨЖ қорғау    

Ескерту: СӨЖ тапсырмаларын бақылау және бағалау бекітілген кесте бойынша ОБСӨЖ сабағында жүргізіледі




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 112 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав