Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бақылаудың объективті қажеттілігі

Читайте также:
  1. Ақиқаттың объективтілігі
  2. Бақылаудың түрлері
  3. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi
  4. Тақырып. Өнім сапасын арттырудың объективті қажеттілігі. Негізгі ұғымдары
  5. Тақырып: Ұйым, өнімнің сапасын бақылаудың техникалық әдістері мен түрлері

Кәсіпорындағы бақылау барлығы да қабылданған бағдарламаға, берілген бұ-йрықтарға және белгіленген принциптерге сәйкес екендігін тексеру болып табылады.

Оның мақсаты - түзеу мен алдағы уақытта қайталанбауы үшін қателер мен жаңылысуларды атап өту.

Бақылау әр турлі тұрғыдан бағаланады.

Әкімшілік тұрғысынан бағдарлама бар екендігіне, оның орындалып және уақыт шартына сай түзетіліп жатқандығына көз жеткізу керек.

Коммерциялық жағынан алғанда — кіретін (входящие) және шығатын (исходящие) материалдар сан, сапа және кұн бойынша дәлме-дәл бағаланатындығына, жабдықтау жолға қойылғандығына және т.б. көз жеткізген жөн.

Техникалық жағынан - операция барысын, олардың нәтижелерін, ерекшеліктерін, уактылы жөндеуді, қызметкерлер мен машиналардың жұмыс істеуін қадағалау қажет.

Қаржылық жағынан — бухгалтерлік кітап пен касса, ресурстар мен қажетгіліктер, қорларды пайдалану және т.б. бақыланады.

Сақтандыру тұрғысынан мүлік пен адамды қорғау шаралары дұрыс жүргізіліп жатқандығына көз жеткізу қажет.

Есептік тұрғыдан алғанда, тез атқарылатындығын, олардың кәсіпорын жағдайын толық бейнелейтіндігін және ешқандай пайдасыз немесе статистикалық мәліметтер кездеспейтіндігін анықтаған жөн.

Бақылау пэрменді болуы үшін оны уақтылы өткізіп, санкцияны растау керек.

Бақылау - ұйымның өз мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін процесс.

Ол белгісіздік, алмаған жағдайларда ерекше маңызды. Жасалатын жоспарлау мен межеленетін ұйымдастыру құрылымдары - басшылықтың алдағы уақытта көргісі келетін көріністері ғана, шын мәнісінде көптеген сан қилы жағдай ойланған істің жүзеге аспауына кедергі келтіруі мүмкін. Заңдардың, әлеуметтік құлдылықтардың, технологияның, бәсеке жағдайларынын және қоршаған ортаның өзге де өзгермелі шамаларының өзгеруі қалыптасқан шағында жүзеге асатындай жоспарларды біраз уақыттан соң мүлдем қол жетпейтіндей етуі мүмкін.

Басқару тұрақты түрде болып тұратын тағы бір фактор - кез келген ұйымдағы жұмыстың көбін атқаратын адамдар. Адам компьютер емес. Оларды мүлтіксіз дәлме-дәл орындалатын міндетке бағдарлауға болмайды.

Бақылаудың функцияларының бірі - дағдарысты ахуалдың пайда болуын болдырмау. Фирманың (кәсіпорынның) басқасында жүрген кәсіпкерлер бақылау функциясынын маңыздылығын түсінгені абзал. Ал бақылау функциясы - мәселелерді анықтап, ұйымның іс-әрекетін соған орай бұл мәселелер дағдарысқа айналмай тұрып, түзетуге мүмкіндік береді.

Осыған орай, ұйым қызметінің нақ кай бағыты жалпы мақсатқа жетуге - табысты қолдауға ең тиімді мүмкіндік туғызғанын анықтау бақылаудың басты аспектілерінің бірі болып табылады.

Ең алдымен, бақылаудың басты ерекшеліктерінің бірі - ол бәрін қамтитындай болуы тиіс екендігін ескерген жөн. Бақылау тек қана менеджердің айрықша құзыреті емес. Әрбір басшы бақылау жұмысын атқаруға тиіс.

Жоспарлауды да, ұйымдық құрылымды құру да, себепкерлікті де (мотивация) бақылаудан мүлдем бөлек деп қарастыруға болмайды. Шынында, іс жүзінде бұлардың барлығы осы ұйымдағы бақылаудың жалпы жүйесінің ажырағысыз бөліктері болып табылады.




Дата добавления: 2014-12-19; просмотров: 285 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав