Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

Читайте также:
  1. ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ 05050700 «МЕНЕДЖМЕНТ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША (БАКАЛАВРИАТ) ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ
  2. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
  3. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
  4. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
  5. ХИРУРГИЯЛЫҚ АУРУЛАР» ПӘНІНЕН ОҚУ

Все многообразные области человеческой деятельности связаны с использованием языка. Вполне понятно, что характер и формы этого использования так же разнообразны, как и области человеческой деятельности, что, конечно, нисколько не противоречит общенародному единству языка1. Использование языка осуществляется в форме единичных конкретных высказываний2 (устных или письменных) участников той или иной области человеческой деятельности. Эти высказывания отражают специфические условия и цели каждой такой области не только своим содержанием (тематическим) и языковым стилем, то есть отбором словарных, фразеологических и грамматических средств языка, но прежде всего своим композиционным построением. Все эти три момента — тематическое содержание, стиль и композиционное построение — неразрывно связаны в целом3 высказывания и одинаково определяются спецификой данной сферы общения. Каждое отдельное высказывание, конечно, индивидуально, но каждая сфера использования языка вырабатывает свои относительно устойчивые типы таких высказываний, которые мы и называем речевыми жанрами. Богатство и разнообразие речевых жанров необозримо, потому что неисчерпаемы возможности разнообразной человеческой деятельности и потому что в каждой сфере деятельности вырабатывается целый репертуар речевых жанров, дифференцирующийся и растущий по мере развития и усложнения данной сферы. Особо нужно подчеркнуть крайнюю разнородность речевых жанров (устных и письменных). В самом деле, к речевым жанрам мы должны отнести и короткие реплики бытового диалога (причем разнообразие видов бытового диалога в зависимости от его темы, ситуации, состава участников чрезвычайно велико), и бытовой рассказ, и письмо (во всех его разнообразных формах), и короткую стандартную военную команду, и развернутый и детализованный приказ, и довольно пестрый репертуар деловых документов (в большинстве случаев стандартный), и разнообразный мир публицистических выступлений (в широком смысле слова: общественные, политические); но сюда же мы должны отнести и многообразные формы научных выступлений и все литературные жанры (от поговорки до многотомного романа). Всякий стиль неразрывно связан с высказыванием и с типическими формами высказываний, то есть речевыми жанрами11. Всякое высказывание — устное и письменное, первичное и вторичное и в любой сфере речевого общения — индивидуально и потому может отразить индивидуальность говорящего (или пишущего), то есть обладать индивидуальным стилем. Но не все жанры одинаково благоприятны для такого отражения индивидуальности говорящего в языке высказывания, то есть для индивидуального стиля. Наиболее благоприятны — жанры художественной литературы: здесь индивидуальный стиль прямо входит в само задание высказывания, является одной из ведущих целей его (но и в пределах художественной литературы разные жанры предоставляют разные возможности для выражения индивидуальности в языке и разным сторонам индивидуальности). Наименее благоприятные условия для отражения индивидуальности в языке наличны в тех речевых жанрах, которые требуют стандартной формы, например, во многих видах деловых документов, в военных командах, в словесных сигналах на производстве и др. Здесь могут найти отражение только самые поверхностные, почти биологические стороны индивидуальности (и то преимущественно в устном осуществлении высказываний этих стандартных типов). В огромном большинстве речевых жанров (кроме литературно-художественных) индивидуальный стиль не входит в замысел высказывания, не служит одной <из> его целей, а является, так сказать, эпифеноменом высказывания, дополнительным продуктом его. В разных жанрах могут раскрываться разные слои и стороны индивидуальной личности, индивидуальный стиль может находиться в различных взаимоотношениях с общенародным языком. Самая проблема общенародного и индивидуального в языке в основе своей есть проблема высказывания (ведь только в нем, в высказывании, общенародный язык воплощается в индивидуальную форму). Самое определение стиля вообще и индивидуального стиля в частности требует более глубокого изучения как природы высказывания, так и разнообразия речевых жанров.

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптар)

 

 

Астана 2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.

Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Математика және информатика» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары. – Астана, 2013. – 62 б

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013


«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

1. Түсінік хат

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша бағдарламаны жүзеге асыру математикалық оқу қызметіне оқушыларды қатыстыруға, олардың математикалық материалды түсінуіне және ой-өрісін дамытуға, талдау және дәлелдеу жүргізуде біліктігі мен практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстардың белсенді түрлерін көбейтуді көздейді. Сонымен қатар математиканы оқытудың бір құрамдас бөлігі ретінде визуальды оқытуды күшейту мақсатында ақпараттық технологияларды қолдануға көңіл бөлінеді.

3. Оқыту мақсаты: жалпыадами және ұлттық негізде тұлғаның жалпы интеллектуалдық қасиеттерін дамытудың қажетті деңгейіне жетуіне, логикалық, абстрактты және ықтималдық ойлауды қалыптастыруға, әрі қарай оқытудың практикалық негізін құруға бағытталған алгебра және анализ бастамаларының базистік негізін сапалы игеруін қамтамасыз ету.

4. Оқытудың міндеттері:

1) қоғамдық өмірде маңызды рөл атқаратын жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде математикаға деген қатынасын тәрбиелеу; математиканың қолданылуы бойынша оқушылардың түсініктерін кеңейту;

2) ақиқат болмысты тану әдісі мен суреттеу формасы, құбылыстар мен процестерді модельдеу құралы ретінде математика туралы, процестерді ғылыми түсіндіруде математикалық модельдің рөлі туралы түсініктерін қалыптастыру;

3) қазіргі қоғамда және математикалық қызметке тән әр адамға қажетті ойлаудың сапасын (нақты және дәл өз ойын айта білу біліктігін, алгоритмдік мәдениетті болуын, сын тұрғыдан және логикалық ойлауын, интуициясын, қиындықтарды жеңе білу қабілетін) қалыптастыру;

4) математикалық білім жүйесін меңгеру; практикалық қызметте, сабақтас пәндерді игеру және білімді әрі қарай жалғастыруда қажетті алгебралық есептеу біліктігін дамыту;

5) математиканың негізгі объектісі болатын функцияны алгебра және математикалық анализ құралдары арқылы жүйелі игеру; функциямен байланысты математиканың жалпы әдістерінің қолданбалы мағынасын ашу;

6) комбинаторлық және ықтималдық ойлауын дамыту;

7) сөздік қорын математикалық терминологиялармен толықтыру арқылы сөйлеу біліктігін жетілдіру.

5. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.

6. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Функция, оның қасиеттері және графигі», «Тригонометриялық функциялар», «Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер», «Туынды», «Туындыны қолдану», «Комбинаторика және Ньютон биномы» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 7-9-сыныптардағы алгебра курсын және соңында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.

7. 10-сыныпта оқытудың міндеттері:

1) тригонометриялық өрнектерді түрлендіру біліктігін пысықтау;

2) функция графиктерін салу, графигі бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графиктерін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

3) сызықтық және сызықтық емес теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін пысықтау;

4) күрделі функция, тригонометриялық функциялар, тригонометриялық теңдеулер, тригонометриялық теңсіздіктер, туынды, нүктедегі функцияның шегі, нүктедегі функцияның үзіліссіздігі, дифференциал, кризистік нүкте ұғымдарын қалыптастыру;

5) тригонометриялық функциялармен, кері тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру;

6) тригонометриялық функциялардың қасиеттерін, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тәсілдерін, туындыны игеру;

7) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару; элементар функциялардың, күрделі функцияның және тригонометриялық функциялардың туындысын табу біліктігін қалыптастыру;

8) практикалық есептерді шығару барысында туындыны қолдану; теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығаруда тригонометриялық функциялардың графиктерін қолдану біліктігін қалыптастыру;

9) комбинаторика элементтерімен таныстыру.

8. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сыныптың алгебра және анализ бастамалары пәнінің базалық мазмұны «Алғашқы функция және интеграл», «Дәреже және түбір. Дәрежелік функция», «Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар», «Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер», «Ықтималдық» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын және соңында 10-11-сыныптардағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталау кіреді.

9. 11-сыныпта оқытудың міндеттері:

1) тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару, туындыны табу, практикалық есептерде туындыны қолдану біліктігін пысықтау;

2) функциялар графиктерін салу, график бойынша функцияның қасиеттерін анықтау, функция графигін түрлендіру біліктігін жетілдіру;

3) алғашқы функция, интеграл, п -ші дәрежелі түбір, рационал көрсеткішті дәреже, логарифм ұғымдарын қалыптастыру;

4) геометриялық және физикалық есептерді шығаруда анықталған интегралды қолдану біліктігін қалыптастыру;

5) құрамында п -ші дәрежелі түбір, рационал көрсеткішті дәреже, логарифмы бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау біліктігін қалыптастыру;

6) иррационал теңдеулер және олардың жүйелерін, көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру;

7) теңдеулер мен теңсіздіктерді, оның ішінде айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару біліктігін тиянақтау;

8) теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шығаруда функциялардың графиктерін қолдану, алгебра және анализ бастамалары курсының әртүрлі тарауларынан есептер шығаруда алгебралық түрлендірулер, теңдеулер мен теңсіздіктер аппараттарын қолдану біліктігін жетілдіру;

9) ықтималдықтар теориясының есептерін шығаруда комбинаторика мен Ньютон биномын қолдану, дискретті кездейсоқ оқиғаны және оның таралу заңдылығын, кездейсоқ оқиғаның сандық сипаттамаларын табу біліктігін қалыптастыру.

10. Қоғамдық-гуманитарлық бағытағы «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10- сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ;

2) 11- сыныпта аптасына 3 сағ, барлығы 102 сағ.

11. Алгебра және анализ бастамалары пәнін оқыту процесінде пәнаралық байланыс:

1) «Қазақ тілі» пәнімен алгебралық терминологиялармен сөздік қорын байыту, теоремаларды дәлелдеу, қорытындыларды тұжырымдау барысында сөйлеу қабілетін дамыту;

2) «Геометрия» пәнімен функция графигін түрлендіруді игеру барысында жазықтықтың қозғалыстары туралы білімдерін (параллель көшіруді, центрлік және осьтік симметрияларды қолдану, тікбұрышты үшбұрышқа арналған синус, косинус, тангенс және котангенстің анықтамаларын қолдану, мәтінді және практикалық есептерді шығару барысында көпбұрыш, дөңгелек пен оның бөліктерінің, көпжақ пен айналу денелері беттерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын қолдану, қолданбалы есептерде геометриялық фигуралардың элементтері арасындағы функционалдық тәуелділікті орнату барысында осы фигуралардың қасиеттері туралы білімдеріне сүйену;

3) «Физика» пәнімен тригонометриялық функцияларды игеру кезінде электромагниттік және механикалық тербелістер туралы білімдеріне, индукцияның электр қозғаушы күшінің қасиеттеріне сүйену, көрсеткішті функцияны игеру барысында радийдің ыдырауы туралы біліміне сүйену, мәтінді есептерді шығару кезінде шамалардың физикалық мағынасын негізге алу;

4) «Химия» пәнімен мәтінді есептерді шығару барысында қоспалар, ертінділер, концентрациялар және т.с.с. туралы білімдерін қолдану;

5) «Информатика» пәнімен компьютермен жұмыс атқару, яғни электронды кестелердің көмегімен «Функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері» тақырыбына есептер шығару; электрондық кестелерді қолданып теңдеулер шығару; формуланы теру мен ол бойынша есептеулер жүргізу; функция графиктерін салуда графикалық нысаның параметрлерін реттеу дағдыларын қолдану арқылы жүзеге асырылады.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 60 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.01 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав