Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы

Читайте также:
  1. MS EXCEL бағдарламасында ұяшықтардың адресі.
  2. Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы
  3. Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы
  4. Бағдарламаның оқу әдістемелік қамтамасыз етілуі
  5. бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары
  6. Бейорганикалык химия” пәнінен
  7. Бизнес – информатика».
  8. Дәріс №4. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
  9. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  10. дәріс. Көмекші мектептегі сыныптан тыс оқу

(жаратылыстану-математикалық бағыт)

 

1. Түсінік хат

1. «Информатика» оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі визуалды программалау технологиялары мен ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, сонымен қатар осы құралдармен жұмыс істеу дағдысын алу болып табылады.

3. Оқыту міндеттері:

7) қажетті нақты міндеттерді шешу үшін визуалды программалау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, бастапқы теориялық білім мазмұның қалыптастыру;

8) визуалды программалау және мәтіндік, сандық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуге дағдыландыру;

9) дербес компьютердің жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қызметтік программаларды қолдана білу;

10) ақпараттық іс-әрекеттің этикалық және құқықтық нормаларын сақтауда жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

4. Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану информатика пәні бойынша ғана оқу сапасын көтеріп қоймайды, пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан мектеп пәнін оқыту тиімділігін жоғарылатады.

5. «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

6. Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.

7. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:

3) визуалды программалау құралдарын қолданып қосымшаларды құруда әртүрлі сандық деректерді қолдану;

4) жоғары деңгейдегі программалау тілдерінде есеп шығаруда математикалық формулалар мен функцияларды қолдану;

5) координаталық жүйелерін қолданып объект-модельдерді жасау;

6) шама ұғымы математика пәнінің шамалары негізінде және салыстырмалы түрде оқытылады.

8. «Геометрия» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) компьютерлік графиканы қолданып 3-D объектілерді жасау;

2) координаталық жүйелер, проекциялар және олардың компьютерлік графика мен модельдеуде қолданылуы;

3) геометриялық шамаларды есептеу.

9. «Физика» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) ақпараттық технологияларды және программалау тілдерін пайдалана отырып, физикалық үдерістерді қарастыру;

2) проекция және векторларды компьютерлік графика және модельдеуде қолдану;

3) физикалық үрдістерді модельдеу.

10. «Химия» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) мектеп қабырғасындағы оқыту үрдісінде орындалатын аталған пән аймағында жобаларды құру;

2) визуалды программалау ортасы арқылы химиялық үдерістерді модельдеу.

11. «Қазақ, орыс және шетел тілдері» пәндерімен пәнаралық байланыс:

1) жобалық іс-әрекеттерді орындағанда орфография және пунктуация ережелерін пайдалану;

2) информатика және ақпараттық технологиялар саласының терминдерімен сөз қорының байыту, оның ішінде халықаралық терминдерімен;

3) программалау тілдерінің синтаксисін түсіну, компьютерлік терминологияны меңгеру;

4) телекоммуникациялық ресурстар шетел тілін оқудағы құрал ретінде қарау.

12. «Әдебиет» пәнімен пәнаралық байланыс:

оқушылар сахнада сөйлеудің жоспары мен хронометражын құра білу.

13. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

экономика мен географияны оқып үйренуде деректер қорын қолдау құралы ретінде жасау.

14. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

объектілердің «жанды» графикалық бейнелерін визуалды өнімге, Web-беттерге орналастыру үшін қалыптастыру.

15. «Тарих» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;

2) 3-D модельдеу және анимация шығу тарихының алғы шарттары.

16. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен пәнаралық байланыс:

ақпаратпен жұмыс істеу саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу.

 

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 76 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав