Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы. (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Читайте также:
  1. MS EXCEL бағдарламасында ұяшықтардың адресі.
  2. Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы
  3. Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен оқу бағдарламасы
  4. Бағдарламаның оқу әдістемелік қамтамасыз етілуі
  5. бап. Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары
  6. Бейорганикалык химия” пәнінен
  7. Бизнес – информатика».
  8. Дәріс №4. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
  9. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  10. дәріс. Көмекші мектептегі сыныптан тыс оқу

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Түсінік хат

 

1. 10-11 сыныптарға арналған «Информатика» пәнінен оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Жалпы білім беру мектептің профильді сыныптарында информатика курсын оқыту қоршаған орта туралы ақпаратты алуға, іздеуге, талдауға, сын тұрғыдан бағалауға, ақпаратты таңдап алуға; ақпаратты жіберуге; объектілер мен үдерістерді жобалауға, өз іс-әрекеттерін жоспарлауға; жоспарларды құруға, түзетуге және іске асыруға бағытталған.

3. Профильді 10-11 сыныптарда информатиканы оқыту мақсаты қазіргі кездегі ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері бойынша базалық білім жүйесін меңгеру, оқушыларды ақпараттық мәдениетке қалыптастыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, оқушылар жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі пайдалануға дағдыландыру, танымдық және зияткерлік қабілеттерін дамыту болып табылады.

4. Оқыту міндеттері:

1) қазіргі заманауи ақпараттық қоғам, жеке тұлғаның және мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі туралы мағлұмат беру;

2) мәтінді және бейнені сканерден өткізу, танып алу дағдыларын қалыптастыру;

3) ақпараттық және коммуникациялық технологиялар құралдарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

4) жобалық іс-әрекетте ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану;

5) мәтіндік, сандық, графиктік және дыбыстық ақпараттарды өндеу бойынша ақпараттық технологиялар құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;

6) оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

5. Информатиканы оқытуда жобалау әдісіне ерекше назар аударған жөн, өйткені ол информатика курсына тікелей қызығушылықты көтеруді тудырады. Жобалау технологияларын қолдану тек информатика пәнінің оқу сапасын көтермейді, сонымен қатар пәнаралық байланысты жасайды және жоба даярланып жатқан оқу пәндерінің оқыту тиімділігін жоғарылатады.

6. «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

11 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

7. Информатика курсын оқыту үдерісінде әртүрлі оқу пәндерімен пәнаралық байланыс жүреді.

8. «Алгебра және анализ бастамалары» пәнімен пәнаралық байланыс:

графикалық және анимациялық объектілерді, web-беттерді, мәтіндік құжаттар мен полиграфия басылымдарын қалыптастыруға арналған негізгі операциялардың алгоритмдерінің орындалуы;

9. «Геометрия» пәнмен пәнаралық байланыс:

1) координаталық жүйелері және олардың компьютерлік графика мен анимацияда қолданылуы;

2) негізінде симметрия мен алтын қима ережесіне сәйкес жатқан графикалық объектілерді қалыптастыру.

10. «Қазақ, орыс және шетел тілдері» пәндерімен пәнаралық байланыс:

1) оқушылардың сөз қорының жаңа терминдермен толығуы;

2) мәтіндік процессор мен баспа жүйесінде жұмыс істеуде орфографиялық және сөйлеу дағдысын жақсарту;

3) компьютерлік терминологияны меңгеру;

4) шетел тілін оқу құралы ретінде телекоммуникациялық ресурстарды пайдалану.

11. «Әдебиеті» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) әртүрлі стилистикалық типтер мен жанрлардағы мәтіндермен өз бетімен жұмыс іскерлігін дамыту;

2) оқушының жария сөз жоспары мен уақыт межелеуді жоспарлау іскерлігін дамыту.

12. «География» пәнімен пәнаралық байланыс:

графикалық бейнелерді визуальды өнімдерге: Web-беттерге, анимациялық роликтерге, полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру.

13. «Биология» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) табиғаттың «жанды» және «жансыз» графикалық бейнелерін визуальды өнімге, Web-беттерге, анимациялық роликтерге, полиграфиялық басылымдарға орналастыру үшін қалыптастыру;

2) компьютерлік және биолгоиялық вирустар арасында салыстыру жүргізу.

14. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) ақпараттық кеңістіктің ауқымдығы және ұлттық қауіпсіздігі;

2) ақпараттық нарық, ақпараттық ресурстар аймағындағы мемлекеттік саясат пен құқықтық реттеу.

15. «Тарих» пәнімен пәнаралық байланыс:

1) әлемде және Қазақстан Республикасының болып жатқан тарихи жағдайларды программалау тілдерін дамытудың үдерісімен салыстыру;

2) анимация және мультипликацияның алғы шарттары;

3) html-дедакторының, Web-беттер және сайттардың шығу тарихы.

 

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 61 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав