Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Читайте также:
  1. G)Республика Конституциясын және заңдарын орындау үшін
  2. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  3. Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымдарына сипаттама.
  4. Дәріс 10. Онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптері.
  5. Дәріс 11.Гносеология және эпистемологияның негізгі ұғымдары мен жалпы мәселелері.
  6. Леуметтік лингвистика ғылымының негізгі ұғымдары
  7. Мемлекеттiң пайда болуының негiзгi теориялары.
  8. Оптимум ережесі, Шелфорд және Либих заңдары
  9. Орман пайдалану құқығының түсінігі. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ауылшаруашылық өнімін өндіруші – жердi пайдалана отырып, ауылшаруашылық өнiмiн өндiретiн; мал шаруашылығының, құс шаруашылығының (оның iшiнде төлдi өсiруден бастап толық циклді асыл тұқымды), омарта шаруашылығының ауылшаруашылық өнiмiн, егер осы өнiмдi, оның iшiнде қайта өңделген өнiмдi өткiзуден түсетiн табыс жылдық табыстың жалпы сомасының елу пайызынан астамын құраса, өндiретiн дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
2) әдейi банкроттық – заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүдделері үшін немесе өзге де тұлғалардың мүдделерi үшін жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту;
3) әкімші – сотта істерді қарау және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;
4) әкімшілік шығыстар – оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне бастамашылық жасауға және оларды жүргізуге байланысты шығыстар;
5) банкрот – дәрменсiздiгi заңды күшіне енген сот шешімімен белгiленген борышкер;
6) банкроттық – борышкердiң сот шешiмiмен танылған, оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi;
7) банкроттық рәсімі – кредиторлардың талаптарын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен банкроттың мүліктік массасы есебінен қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;
8) банкроттықты басқарушы – банкроттық рәсімін жүзеге асыру үшін оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган тағайындаған адам;
9) борышкер – төлем қабiлетсiздiгi оларға осы Заңда көзделген рәсiмдердi қолдануға негiз болып табылатын дара кәсiпкер немесе заңды тұлға;
10) бiртектi кредиторлар тобы – борышкерге қоятын бiрдей талаптары бар және оларды қанағаттандыруда бiр-бiрiнiң алдында артықшылығы жоқ кредиторлар тобы.
Бiртектi кредиторлар топтарын:
өмiріне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптар бойынша кредиторлар;
еңбек шарттары бойынша еңбекақы төлеу және өтемақыларды, сондай-ақ Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешектердi төлеу бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлар;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлар;
тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi беру шарттарынан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар;
кепiлмен қамтамасыз етiлмеген кредит (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар бойынша кредиторлар – қаржы ұйымдары (микроқаржы ұйымдары);
кредиторлар – борышкердің облигацияларын ұстаушылар құрауы мүмкiн;
11) бірыңғай өндірістік кешен – жиынтығында ауылшаруашылық өнімін өндіру, дайындау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу немесе өткізу кезінде бірыңғай циклді қамтамасыз ету үшін қажетті мүлік;
12) дәрменсiздiк – кредиторлардың ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуды жүргiзуге, салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеудi қамтамасыз етуге борышкердiң сот белгiлеген қабiлетсiздiгi;
13) жалған банкроттық – кредиторларға тиесілі төлемдердің мерзімін кейінге қалдыру немесе ұзарту немесе борыштардан жеңілдіктер алу үшін, сол сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатымен заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсіпкердің әрекеттері және (немесе) қабылдаған шешімдері нәтижесінде өзiнiң төлем қабілетсіздігі туралы көрінеу жалған хабарлау;
14) жеделдетiлген оңалту рәсiмi – сотқа дейiнгi тәртiппен кредиторлармен келiсiлген оңалту жоспары негiзiнде борышкерге қатысты сот тәртібімен қолданылатын рәсiм;
15) жоқ борышкер – тұрғылықты жерiн немесе тіркелген жерiн немесе тұрақты жұмыс істейтін органының, сондай-ақ борышкер оларсыз өз қызметiн жүзеге асыра алмайтын қатысушылары мен лауазымды адамдарының орналасқан жерін алты ай iшiнде анықтау мүмкiн болмаған борышкер;
16) кәдімгі коммерциялық операциялар – борышкердiң күнделiктi жұмыс iстеуiн қолдау мақсатында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң айналымымен байланысты, тұрақты сипаты бар iс-әрекеттер;
17) кепiлдi кредитор – талаптары борышкердiң мүлкiн кепiлге салумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредитор;
18) кредитор – еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, борышкерге азаматтық-құқықтық және өзiнiң өзге де мiндеттемелерiнен туындайтын мүлiктiк талаптары бар тұлға;
19) кредиторлар комитеті – кредиторлардың оңалту және банкроттық рәсімдерінде кредиторлар жиналысы сайлайтын және осы Заңда көзделген өкілеттіктерге ие өкілді органы;
20) кредиторлар талаптарының тізілімі – осы Заңда белгіленген тәртіппен оңалту немесе банкроттық рәсімдерінде қалыптасатын, мөлшері, негіздері мен туындау күні көрсетіле отырып, кредиторлардың борышкерге қоятын талаптарының тізбесі;
21) қала құраушы заңды тұлға – өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын заңды тұлға;
22) лауазымды адам – акционерлік қоғам директорлары кеңесінің мүшесі, заңды тұлғаның – дәрменсіз борышкердің басшысы (басшының орынбасары), сондай-ақ заңды тұлғаның алқалы атқарушы органына кіретін, заңды тұлғаны басқару бойынша тұрақты немесе уақытша өкілеттіктер берілген өзге тұлға, заңды тұлғаның - дәрменсіз борышкердің бас бухгалтері (бас бухгалтердің орынбасары), сол сияқты оның міндеттерін уақытша атқаратын өзге тұлға;
23) мемлекеттiк қолдау шаралары – Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен ұйымға қатысты қолданылатын, қаржылық сауықтыруға бағытталған шаралар;
24) мүліктік масса – оңалту рәсімінде немесе банкроттық рәсімінде өндіріп алу қолданынуы мүмкін борышкердiң немесе банкроттың мүлкi, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың мүлкi;
25) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – оңалту және банкроттық саласында (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
26) оңалту жоспары – оңалту рәсiмiн, жеделдетiлген оңалту рәсiмiн қолдану кезiнде борышкердi сауықтыруға бағытталған және жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғаның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және жұмыс орындарын сақтау мақсатында борышкер мен кредиторлар, бiртектi кредиторлар тобы арасындағы өзара келiсiм негiзiнде жүзеге асырылатын, кредиторлар талаптарын өтеу кестесiн қоса алғанда, iске асырылу мерзiмдерi, сондай-ақ қол жеткiзiлетiн нәтижелер, пайдаланылатын ресурстар мен ықтимал тәуекелдер көрсетiлетiн өзара байланысты iс-шаралар кешенi;
27) оңалту рәсiмi – сот тәртібімен енгізілетін рәсiм, оның шеңберiнде төлемге қабiлетсiз борышкерге оның таратылуын болғызбау мақсатында борышкердің төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiруге бағытталған қайта ұйымдастыру, ұйымдық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шаралар қолданылады;
28) оңалтуды басқарушы – осы Заңда белгiленген тәртiппен оңалту рәсiмiнiң кезеңiне дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк берiлетiн тұлға;
29) санация – оңалту жоспарында көзделген іс-шара, оның барысында борышкер мүлкiнiң меншік иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), кредиторлар немесе өзге де тұлғалар төлемге қабілетсіз борышкерге қаржылық көмек көрсетедi, сондай-ақ борышкердiң резервтерiн жұмылдыру мен оның қаржылық-шаруашылық жағдайын жақсарту жөнiндегі өзге де шаралар кешенiн iске асырады;
30) уақытша әкімші – оңалту жоспарын әзірлеу кезеңінде кредиторлар талаптарының тізілімін жасау және кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу үшін сот тағайындаған тұлға;
31) уақытша басқарушы – борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ банкроттықты басқарушыны тағайындағанға дейін банкроттық рәсімін жүргізу үшін сот тағайындаған тұлға;
32) үлестес тұлғалар – шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) оңалту немесе банкроттық рәсімдеріне қатысушы қабылдайтын шешімдерге әсер ету, оның ішінде жасалған шартқа орай әсер ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда). Оңалту немесе банкроттық рәсіміндегі үлестес тұлғалардың тізбесі осы Заңның 9-бабымен белгіленеді.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 87 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав