Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Кредиторлар жиналысының шешімдер қабылдауы

Читайте также:
  1. Бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
  2. Бап. Бірінші кезектегі кредиторлардың талабын қанағаттандыру сомасы мен тәртібі
  3. Бап. Кепілді кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру
  4. Бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабар
  5. Бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктері
  6. Бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
  7. Бап. Кредиторлар комитеті
  8. Бап. Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
  9. Бап. Кредиторлармен есеп айырысу

1. Борышкер немесе әкімші кредиторлар жиналысы ашылғанға дейін жиналысқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді.
2. Кредиторлар жиналысы оған сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген және кредиторлар жиналысын өткізу күніне қанағаттандырылмаған кредиторлар талаптары жалпы сомасының елуден астам пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады. Қайта шақырылған кредиторлар жиналысы кредиторлар жиналысының өткізілетін уақыты мен орны туралы кредиторлар тиісті түрде хабардар етілген жағдайда, оған кредиторлар талаптарының жалпы сомасының кемінде жиырма бес пайызын құрайтын дауыс санына ие кредиторлар қатысқан жағдайда заңды болып табылады.
3. Кредиторлар жиналысының шешімдері хаттамамен ресімделеді.
4. Кредиторлар жиналысының отырысын оған қатысып отырған кредиторлар қатарынан сайланған төрағалық етуші жүргізеді. Хаттаманы қатысып отырған кредиторлар қатарынан сайланатын хатшы жүргізеді. Төраға мен хатшы жай көпшілік дауыспен сайланады. Хаттамаға төрағалық етуші, әкімші, хатшы жиналыс өткізілген күні қол қояды және ол борышкердің мөрімен куәландырылады.
5. Тәртібі осы Заңның 99-бабының 6-тармағында айқындалатын борышкердің мүлкін (активтерін) тікелей сату туралы шешімдер қабылданатын жағдайларды қоспағанда, кредиторлар жиналысының шешімдері сырттай дауыс беретіндерді қоса алғанда, кредиторлар жиналысына қатысушы кредиторлардың дауыс санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Әкімші кредиторлардың шешімдерді қабылдауы үшін әрбір кредитордың дауыс санын «талаптардың бір теңгесі – бір дауыс» қағидаты бойынша айқындайды.
Тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл), жіберіп алған пайда түріндегі шығындар, сондай-ақ өзге де мүліктік және (немесе) қаржылық санкциялар кредиторлар жиналысында дауыс санын айқындау мақсаттары үшін есепке алынбайды.
Кредиторлар жиналысы шешімдер қабылдаған кезде:
1) осы Заңның 72-бабының 3-тармағына немесе 90-бабының
4-тармағына сәйкес дауыс беру құқығынан айырылған кредиторлардың;
2) қалған кредиторлардың талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін борышкерге қатысты үлестес тұлғалар болып табылатын кредиторлардың дауыс беру құқығы болмайды.
Кредитор талаптарының қанағаттандырылуына қарай оның дауыс саны қанағаттандырылған талаптар сомасына азаяды.
6. Кредиторлар жиналысының хаттамасы үш данада жасалады, олардың біреуі оған қол қойылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға, екіншісі кредиторлар комитетіне беріледі, үшіншісі әкімшіде қалады.
Кредиторлар жиналысының хаттамасына:
жиналысқа қатысушыларды тіркеу ведомосының;
жиналысқа қатысушыларға танысу және (немесе) бекіту үшін ұсынылған материалдардың;
кредиторлардың кредиторлар жиналысының өткізілетін күні мен уақыты туралы тиісінше хабардар етілгені туралы куәландыратын құжаттардың;
борышкердің немесе әкімшінің қалауы бойынша өзге де құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 145 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав