Читайте также: |
|
Уәкiлеттi орган:
1) әкiмшiнiң қызметiн жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тiркеудi және оларды тiркеуден шығаруды жүргiзедi;
2) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды және банкроттықты басқарушы етіп тағайындайды;
3) оңалтуды және банкроттықты басқарушыны шеттетеді;
4) оңалту рәсiмiнің және банкроттық рәсiмiнің жүргiзiлуiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
5) оңалтуды басқарушының – оңалту рәсiмiнің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының – борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау мен банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттықты басқарушының – банкроттық рәсiмiнің жүргiзілу барысы туралы ағымдағы ақпаратын қарайды;
6) оңалтуды және банкроттықты басқарушылардың қорытынды есебiнiң нысандарын бекiтедi;
7) санацияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратады;
8) борышкердiң мүлкiн (активтерiн) сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртiбiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
9) осы Заңда көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуын келіседі;
10) жалған және әдейi банкроттық белгiлерiн анықтайды;
11) әкiмшiнiң iс-әрекеттерiне жасалған шағымдарды қарайды;
12) осы Заңның 7-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезінде жасалған мәмiлелердi анықтау бойынша шаралар қолданады;
13) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды;
14) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсіздігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді;
15) мемлекеттiк органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабiлетсіз және дәрменсiз борышкерлер туралы ақпаратты сұратады және алады;
16) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар тұлғаның банктік шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы ақпаратты ұсынады;
17) осы Заңды бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшінің шешiмдерi мен әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) сотта даулайды;
18) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
19) заңда белгiленген жағдайларда және тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және олар туралы iстердi қарайды, өз құзыретi шегiнде әкiмшiлiк жазалар қолданады;
20) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, тексерулердің жартыжылдық жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
21) өз құзыреті шегінде оңалту және банкроттық рәсімдерін енгізу, жүргізу және тоқтату жөнінде түсініктеме беру мен түсіндіруді жүзеге асырады және береді;
22) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгі нысандарын бекітеді;
23) уәкілетті органның интернет-ресурсында оларды банкрот деп тану туралы сот шешімдері заңды күшіне енген банкроттардың тізімін жариялайды;
23-1) тiркеуге, тiркеуден шығаруға, тiркелген тұлғаның деректерiне өзгерiстер енгiзуге арналған өтiнiштердiң нысандарын, сондай-ақ тiркелгендiгiн растау және тiркеуден бас тарту нысандарын әзірлейді;
23-2) біліктілік емтиханын өткізу тәртібін әзірлейді;
24) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 190 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |