Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Уәкілетті органның банкроттық рәсімін қозғамастан банкротты таратуы

Читайте также:
  1. Бап. Банкроттық рәсімінде кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру
  2. Бап. Банкроттықты басқарушының өкілеттіктері
  3. Бап. Банкроттың мүлкін (активтерін) сату
  4. Бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм
  5. Бап. Кредиторлар жиналысының банкроттық рәсіміндегі өкілеттіктері
  6. Бап. Кредиторлар жиналысының оңалту рәсіміндегі ерекшеліктері
  7. Бап. Оңалту немесе банкроттық рәсiмiн қолдану үшін сотқа жүгіну негiздерi
  8. Бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау
  9. Бап. Уәкiлеттi органның құзыретi

1. Осы Заңның 57-бабының 2-тармағына сәйкес тарату рәсімін жүргізу уәкілетті органға жүктелген кезде әкімшінің осы Заңда көзделген құқықтары мен міндеттері уәкілетті органға ауысады.
2. Банкротта активтер, сондай-ақ осы Заңның 7-бабына сәйкес жарамсыз деп тануға жататын мәмілелер болмаған жағдайда, уәкілетті орган бір ай мерзімде кредиторлар жиналысына келісу үшін қорытынды есепті және тарату балансын ұсынуға міндетті.
3. Уәкілетті орган:
1) кредиторлар жиналысымен келіскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде сотқа бекіту үшін қорытынды есеп пен тарату балансын ұсынуға;
2) сот қорытынды есепті бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде банкроттың банктік шоттарын жабуға және салық төлеуші куәлігінің және қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкілерін (олар болған жағдайда) мемлекеттік кіріс органына тапсыруға міндетті.
4. Борышкерді таратуды жүргізу барысында мүлік массасы және (немесе) бұдан бұрын шығарылған мүлікті мүліктік массасына қайтару анықталған кезде уәкілетті орган жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша банкроттық рәсімін қозғамастан, борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғау туралы сот шешімін қайта қарау туралы сотқа жүгінуге міндетті.
Ескерту. 118-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Тарау. ҚАЛА ҚҰРАУШЫ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БАНКРОТТЫҒЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бап. Қала құраушы борышкер – заңды тұлғалардың банкроттығы

1. Қала құраушы болып табылатын заңды тұлға – борышкер осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңда белгіленген жағдайларда және тәртіппен банкрот деп танылуы мүмкін.
2. Заңды тұлғаларды қала құраушыға жатқызу және олардың тізбесін жүргізу өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
Ескерту. 119-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Бап. Банкроттық туралы істі қарау

1. Қала құраушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы iстi қарау кезінде тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiм уәкiлеттiк берген өкiл атынан iске қатысушы деп танылады. Сот қала құраушы заңды тұлғаның банкроттығы туралы iс қозғалғаннан кейiн бұл туралы әкiмнiң өкiлiн және уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне, сондай-ақ борышкердiң пiкiрiне өзге де тұлғалардың оны банкрот деп тану туралы өтiнiшiне борышкердiң қала құраушы заңды тұлғаларға жататындығын куәландыратын құжаттар қоса беріледі.
3. Қала құраушы заңды тұлға – борышкер банкроттығы туралы iстi қарауға дайындық кезінде судья қала құраушы заңды тұлғалар тiзбесiнен үзінді көшiрме сұратып алады.




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 178 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав