Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есептер мен жаттығулар.

Читайте также:
  1. Мақсаты:Арнайы мектеп оқушыларына арифметикалық есептерді оқытудың әдістемесі мен маңызын ашу.
  2. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, объектілері, есептері және әдістері.

1. Фирманың бір айдағы өндіріс шығыны 10 млн теңгені құрайды. Өндіріс көлемі – 20 дана. Фирманың бір айлық тұрақты шығыны 20 000 теңгеге тең. Өзгермелі шығынды, орташа шығынды, орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығынды анықтаңыз.

 

2. Фирманың орташа өзгермелі шығыны 20 теңге, ал орташа тұрақты шығын – 5 теңге болса, онда 500 дана өнім шығаруға жұмсалатын жалпы шығын қандай болады?

3. Жетілген бәсекелі рынокта жұмыс істейтін фирма өнімінің бағасы 8 теңгені құрайды. Фирманың жалпы шығындары кестеде көрсетілген:

 

Өнім көлемі Q, дана Жалпы шығын ТС, теңге
   

 

Қажетті мәліметтерді есептеп, график түрінде көрсетіңіз:

а) фирманың пайдасын жоғарылататын өнім көлемін анықтаңыз.

в) фирманың ең жоғары пайдасы, жалпы табысы және жалпы шығыны нешеге тең.

с) рынокта баға өзгермелі болса, қандай жағдайда фирма нөлдік пайда алатындығын және қандай жағдайда саланы тастап кететіндігін анықтаңыз.

 

4. Жетілген бәсекелі рыноктағы фирманың шекті шығыны келесі функция түрінде берілген:

MC = 40 + Q

Өнім бағасы 400 теңге болған жағдайда пайда ең жоғары деңгейге жету үшін фирма қанша өнім шығаруы керек?

5. Еңбектің орташа өнімділігі 100 бірлікке тең, ал жұмысшылар саны 200 адам. Еңбектің жалпы өнімі қанша болады?

6. Фирманың шекті шығындарфункциясы: MC= 10+ Q. Өнім бірлігінің бағасы -600.

Фирманың пайдасын максималдауға мүмкіндік беретін өнім көлемін анықтау керек.

7. Фирманың қысқа мерзімді шығындары келесі формуламен өрнектелген: TC= Q³ - 8Q² +200Q +50.

Фирма қандай бағада қысқа мерзімді өндірісті тоқтатады?

8. Фирманың шығындары туралы көрсеткіштерді кестеге толтырыңыз.

 

Q TC FC VC AFC AVC ATC MC
               
               
               

 

9. Кестеде өндірістік функция берілген. Орташа айнымалы шығындардың минималды деңгейін және осы шығындарға тең болатын өндіріс көлемін анықтау керек, мұнда жалақы 300 теңге/ сағ. тең және еңбек өндірістің жалғыз айнымалы факторы болып табылады.

 

еңбек (L)            
өнім (Q)            

 

Мәселелік жағдайлар.

1. Фирманың өнім өндіруге жұмсайтын шығындарының толық тізімін беріңіз. Олардың қайсысы тұрақты шығынға, қайсысы өзгермелі шығынға жатады?

2. Шекті және орташа шығындардың арасында қандай байланыс бар? Осы тәуелділікті графикалық түрде көрсетіңіз.

3. Фирма үшін шикізат бағасының көтерілуі оның тұрақты шығындарының көлеміне қалай әсер етеді? Фирманың шекті шығындарының көлемі өзгереді ме?

4. Американдық маркетолог П. Дракер фирманың негізгі мақсатын анықтай отырып, былай деп жазады: «Бизнестің нәтижесі болып қанағаттанған клиент табылады. Кәсіпорын ішінде тек шығындар ғана болады». Сіз білетін кәсіпорын қызметінің мақсаттарын талдаңыз және шығындардың қалыптасу тәртібін сипаттаңыз.

 

 




Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 52 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав