Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мақсаты:Арнайы мектеп оқушыларына арифметикалық есептерді оқытудың әдістемесі мен маңызын ашу.

Читайте также:
  1. Баланы мектепке қаншалықты даярлау қажет?
  2. Дәріс. Қазақ тілі арнайы мектепте оқу пәні ретінде
  3. Дәріс. Әліппе кезеңін оқыту әдістемесі
  4. Дәріс. Арнайы мекепте әдеби шығармаларды оқыту әдістемесі
  5. Дәріс. Арнайы мектепте ғылыми-мақалаларды оқыту әдістемесі
  6. Дәріс. Арнайы мектепте сауат ашу кезеңін оқыту әдістемесі
  7. дәріс. Көмекші мектептегі сыныптан тыс оқу
  8. Дәріс. Педагогикалық үрдістің негізінде мектепті басқарудың заңдылықтары мен ұстанымдары.
  9. Мектептің оқыту-әдістемелік жұмыстары

Алғаш салыстыруға көрші сандарды ұсынады, одан кейін басқа, әр түрлі сандарды береді. Салыстыруға үйрету шартты түрде үш кезеңнен тұрады:

1-ші кезеңде салыстыру көрнекіліктерге сүйеніп балалардың заттық-тәжірибелік іс-әрекетінде жүргізіледі.

2-ші кезеңде көрнекіліксіз тек сандарға сүйеніп.

3-ші кезеңде ойша салыстыру.

 

VII. Сандардың құрамы.

Екі түрі қарастырылады:

1. Санның құрамының бір компоненті бірге тең болған жағдайда, мысалы: 5=1+4; 5=4+1.

2. Екі кіші саннан құрылған жағдайда: 5=2+3; 5=3+2.

Санның құрылуын қарастырғанда балалармен келесі жұмыс ұйымдастырылады.

Заттық-тәжірибелік іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни заттар көптігін екі топқа бөлуді үйрету, мысалы:

Әр оқушыға 5 таяқша береді де осыларды екі топқа бөл деген тапсырма ұсынады. Балалар таяқшаларды бір-бірден екі топқа жіктейді, содан кейін мұғалім нәтиже шығарады.

- Таяқшалардың саны қанша?

- 5 таяқшаны қанша топқа бөлдіңдер?

- Бірінші топта таяқшаның саны қанша?

- Екінші топта таяқшаның саны қанша?

- Яғни 5 саны қандай екі саннан құрылған?

Бекіту тапсырмалары: менің қолымда 5 кубик бар, бір қолымда біреу, екінші қолымда қанша?

Немесе:

5=ОООО+.... 5=ОО+... 5=О+...

Осындай тапсырмаларды балаларға жиі жүйелі түрде ұсыну керек. Әр санның құрамын балалар жатқа білуі тиіс.

 

-3-

10 колеміндегі сандармен қосу, алу амалдарын шешуді оқытудың үш кезеңге бөледі:

1. Оқушылар есептерді шешуде заттық – тәжірибелік әрекетке сүйенеді;

2. Абакты, есеп шотын қолдану арқылы;

3. Ауызша, талқылау ауызша жүреді.

 

Лекция 8

Тақырып: Арифметикалық есептерді шығаруды оқыту әдістемесі және маңызы.

Мақсаты:Арнайы мектеп оқушыларына арифметикалық есептерді оқытудың әдістемесі мен маңызын ашу.

Жоспары:

1.Арнайы мектеп оқушыларының мәтіндік арифметикалық есептерді шығаруға үйретудің маңызы.

2.Арнайы мектеп оқушыларының арифметикалық есептерді түсіну ерекшеліктері.

3. Қарапайым арифметикалық есептердің классификациясы.

4. Арифметикалық есептерді шешуге үйретудің дайындық жұмысы. Көрнекілік қолдану. Қарапайым есепті шешуден құрама есепті шешуге өтудің әдістемесі.

5. «Есеп» ұғымын түсіндіруге дайындық жұмысы. Арифметикалық есепті шығаруға қажетті біліктілік пен дағды. «Есеп» және есептің құрам компоненттері:шарты, сұрақ, шешімі, есептің жауабы түсініктерімен таныстыру әдістемесі.

6. Құрама есеппен жұмыс жүргізу әдістемесі. Қиындықтың себептері және оны жеңудің жолдары. Математика сабағында есептің жоспарын құру және есепті шығару тәсілдері.

 

-1-

Арифметикалық есептермен көмекші мектеп оқушылары бірінші сыныпта танысады. Математикалық оқу материалының 50 пайызға жуығын арифметикалық есептер орын алады, өйткені зияты бұзылған балалардың мәтіндік есептерді шешуге үйрету маңыздылығы өте зор. Арифметикалық мәтінді есептерді шешуге үйрету әдістемесімен келесі ғалымдар айналысқан: М.Ф. Кузьмина- Сыромятникова, М.И. Кузьмицкая, М.Н. Перова, А.А. Хилько, Р.А. Исенбаева, Р.А. Сүлейменова және т.б.

Зияты бұзылған оқушыларды арифметикалық есептерді шешуді үйретудің маңыздылығы:

1. Білім беру маңыздылығы: арифметикалық амалдардың (қосу, алу, көбейту, бөлу) мәнің ашуға, көмектеседі; математикалық түсініктердің, қарама-қатыстарын, заңдылықтарын, байланыстарын түсіндіруге мүмкіндік беред; санау тәсілдерін бекітеді.

2. Коррекциялық: арифметикалық есептерді шешу барысында барлық ойлау процестері бірігіп қызмет атқарады (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау); бүкіл таным процестері бірігіп жұмыс істейді (ес, есте сақтау, сөйлеу, қиял, зейін, бақылаушылық); өз білімдерін жаңа жағдайда қолдануды үйретеді.

3. Тәрбиелік: бастаған жұмысты аяқтау, ұжымда бірігіп жұмыс істеу, қабілеттерін қалыптастырады; математикаға қызығушылық, баланың күш жігерін тәрбиелейді.

4. Тәжірибелік: есептерді шешу, математика пәнің өмірмен байланысын көрсетеді. Мысалы: метр, килограмм т.б. өлшемімен таныстыруда осы ұғымдармен байланысты мәтінді есептер шешу.

-2-

Аталған материалды көмекші мектеп оқушылардың меңгеру қиындықтары мен ерешеліктері:

1. Есептің құрам компоненттерін ажырата алмайды: есептің шарты, сұрағы, шешімі, жауабы.

2. Сөз қорының жетіспеушілігіне байланысты есепте кездесетін сөздердің мағынасын түсінбейді, мысалы, барлығы бірге, көбейді, азайды және т.б.

3. Себеп-салдарының ажырата алмайтындықтан, бақылаушылығының төмендігінен есепте болаған өзгерістерінің нәтижесін шығара алмайды (ұшып келді – көбейді, жұлып алдық – азайды).

4. Күрделі есептің басты сұрағын бөліп ала алмайды.

5. Өмірлік тәжірибенің жетіспеушілігіне байланысты есеп мазмұның, көптеген терминдердің, сөздердің мазмұның түсінбейді.

6. Логикалық ойлауы жетіспеушілігіне байланысты есепте берілген сандардың, сандар мен сұрақтың қарым-қатынасын, байланысын анықтай алмайды.

7. Есеп барысында сандарды цифрмен емес сөзбен жазғанда оны мәтін ішінен ажырата алмайды.

 

-3-

Барлық арифметикалық есептерді 2 үлкен топқа бөлеміз;

1.Қарапайым, бір амалмен орындалатын.

2. Күрделі, екі немесе одан көп амалмен орындалатын.

Қарапайым арифметикалық есептердің әдістемелік әдебиеттерінде көптеген топтастырулар ұсынылады. М.Н.Перова ұсынған есептердің топтастыруы:




Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 270 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав