Читайте также:
|
|
педагог-психолог: В.В.Паскал
Проверено зам. директора по УВР: В.Н. Якимец
тақырып. Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар, жұмыссыздық, инфляция
Дәрістің мақсаты – макроэкономикалық тұрақсыздықтың себептері мен салдары туралы мағлұмат беру
Негізгі ұғымдар: экономикалық цикл және оның сатылары.Инфляция және оның түрлері. Дефляция. Дезинфляция. Стагфляция. Жұмыссыздық және оның түрлері. Жұмыссыздық деңгейі. Филлипс қисығы
Негізгі сұрақтар:
1. Экономикалық цикл және оның себептері
2. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері
3. Жұмыссыздық пен оның нышандары
4. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы
1. Жұмысбастылықтың, өндірістің және инфляция деңгейлерінің белгілі бір уақыт сайын ауытқуы экономикалық цикл деп аталады. Экономиканың циклді түрде дамуының себептеріне инвестициялық белсенділіктің белгілі бір уақыт сайын бәсеңдеуі, мультипликаторлық әсердің әлсіреуі, ақша массасы көлемінің ауытқуы т.с.с. жатқызуға болады.
Экономикалық циклдің барысында теңдестік бұзылып, экономикалық динамиканың орташа көрсеткіштері ауытқиды. Тұрақсыздықтың неғұрлым айқын белгілерінің қатарына инфляция мен жұмыссыздықты жатқызуға болады.
Жұмысбастылық ұғымын қарастырған кезде студенттер, әдетте, бұл ұғымды тек еңбек нарығына ғана қатысты термин деп түсінеді. Алайда, жұмысбастылық термині - жалпы ресурстарға (еңбек ресурстарына, негізгі капиталға, қаржылық ресурстарға т.с.с.) тән ұғым. Ресурстардың жүз пайыздық жұмыспен қамтылуы мүмкін емес. Экономикалық теорияда өндірістік қуаттылықтардың жалпы көлемінің 80-90%-ының ғана жұмыспен қамтылуын ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы (толық жұмысбастылық) деп атайды.
Ресурстардың жұмыспен толық қамтылуы тұсында өндірілген өндіріс көлемі потенциалды жалпы ішкі өнім( немесе экономикалық әлеует) деп аталады.
Нақты өндіріс көлемінің потенциалды деңгейден ауытқуы төмендегі көрсеткіш арқылы анықталады.
ЖІӨ ауыт = ,
мұндағы Ү - нақты өндіріс көлемі,
Ү *- потенциалды өндіріс көлемі.
Экономикалық циклді тереңірек зерттеу үшін оның төрт сатысын қарастырған жөн. Экономикалық циклдің сатыларына төмендегілер жатады:
- экспансия немесе өсу сатысы;
- тоқырау немесе құлдырау сатысы;
- депрессия немесе дағдарыс сатысы;
- µрлеу сатысы.
Экспансия сатысы жаңа кәсіпорындардың іске қосылып, ескілерінің жаңартылуымен, өндірістің, жұмысбастылықтың, инвестиция көлемінің, жеке табыстың өсуімен басталады. Бұл сатыда сұраныс пен баға көтеріледі. Саты жоғары деңгейде жұмыспен қамтылып, өндіріс қуаттылықтарының шамадан тыс жүктелуімен аяқталады. Сатының соңында баға деңгейі, жалақы ставкасы, пайыздық норма жоғары мәнге жетеді.
Экспансия сатысының жоғары нүктесі шың деп аталады. Шың нүктесінде аталған көрсеткіштердің бәрі максимум мәнге ие болады. Бұл сатының міндетті жалғасы ретінде құлдырау (тоқырау) сатысы басталады. Құлдырау сатысында таратылмай қалған тауарлардың қорының өсуі өндіріс көлемінің қысқаруына әкеледі. Өндірістік инвестициялар төмендейді, нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс азаяды. Шикізатқа сұраныстың төмендеуі оның ұсынысын да төмендетеді. Пайданың күрт төмендеуі байқалады, несиеге сұраныс азаяды. Бұл пайыздық ставканың түсуіне әкеледі. Ақырында, құлдыраудың ұзаққа созылуы тауар бағасының өсуін баяулатады. Әрі қарай құлдырау сатысы депрессия сатысына ұштасады.
Депрессия сатысында ұлттық табыстың төмендеуі мен жұмыссыздықтың артуы баяулайды, инвестиция көлемінің мәні нольге жақын болады. Сондықтан бұл сатыдағы экономика өндірістің дағдарысымен, сауданың бәсеңдігімен, бос ақша массасының көптігімен сипатталады. Белгілі бір уақыттан кейін экономикалық жүйе циклдің ең төменгі нүктесіне келеді.
Сөйтіп өрлеу сатысы басталады. Өрлеу сатысында экономикалық көрсеткіштердің бәрі бағыттарын өзгертеді, табыс пен жұмысбастылық өсе бастайды. Сөйтіп, қайтадан өсусатысы басталады. Осылайша, цикл белгілі бір уақыт сайын қайталанып тұрады.
Ү
Шыњ шыњ
ќ±лдыраудыњ тµменгі
нүктесі
экономикалық цикл Жылдар
1-сурет. Экономикалық цикл
Ел экономикасының циклдің қандай да бір сатысында ұзақ әрекет етуі мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына, сыртқы әсерлерге байланысты.
Экономикалық циклдің себептерін анықтауға көптеген экономистер қызығушылық танытқан. Экономиканың циклді түрде дамуын анықтайтын теорияларды, әдетте, ″сыртқы″ және ″ішкі″ теориялар деп бөледі.
«Сыртқы» теорияның өкілдері экономикалық ауытқудың себептеріне шаруашылық жүйеге әсер ететін сыртқы факторларды, атап айтқанда, ғылыми және техникалық жаңалықтарды, саяси жағдайларды (революция, сайлау) мұнай бағасының өзгерісін, әлемдік дағдарысты, табиғат құбылыстарын жатқызады.
«Ішкі» теорияның жақтаушылары циклдің себебі ретінде экономикалық жүйенің өзінің «бойындағы» факторларды түсіндіреді. Мысалы, ағылшын экономисі Г.Мальтус пенщвейцар экономисі және тарихшысы С.Сисмонди экономикалық дағдарысты тұтынылған табыстың өндірілген табысқа қарағанда жеткіліксіздігі деп қарастырады. К.Маркс циклділікті капиталистік жүйенің салдары деп есептеген. Ол өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншікті жойып, оларға қоғамдық меншікті қалыптастыру арқылы ғана дағдарысы жоқ жаңа экономикалық жүйеге өтуге болады деп есептеді.
П.Самуэльсон «сыртқы» және «ішкі» теорияларды біріктіріп қарастырды. Бұл синтездің мәні мынада: сыртқы факторлар бастапқыда экономикалық жүйеде серпіліс (импульс) жасап, кейіннен ішкі факторлар бұл серпілістерді циклдік ауытқуға айналдырады.
П.Самуэльсонның теориясы кейнстік тұжырымдамаға негізделеді. Бұрыннан белгілі болғанындай, циклді дамудыњ маңызды себебі ретінде Дж.Кейнс инвестициялық серпілісті атап көрсетті. Оның айтуынша, инвестицияның өзгерісі - бұл циклдің негізгі қозғаушы күші, ал экономикалық ауытқулардыњ себепкері – мультипликаторлық- акселераторлық әсер.
Ақша (монетаристік) теориясында іскерлік цикл ақша айналысының, несиенің кеңеюімен немесе азаюымен түсіндіріледі.
Циклдің саяси теориясының авторлары (У.Нордхаус, М.Калецкий, Э.Туфте) экономикалық белсенділіктің ауытқуының себебі ретінде мемлекеттік шенеуніктердің әрекеттерін көрсетеді.
Қазіргі нарық жағдайындағы циклге әсер ететін негізгі факторларға төмендегілерді жатқызуға болады:
а) нарықтың монополиялық құрылымы;
ә) экономиканы мемлекеттік реттеу;
б) ғылыми-техникалық прогресс;
в) өндірістің жаһандануы.
2. Макроэкономикалық тұрақсыздықтың нысандарының бірі - инфляция. Инфляция - экономикадағы орташа баға деңгейінің тұрақты өсу тенденциясы. Инфляция - ақшаның құнсыздануы. Тауар айналымы қажеттілігінен тыс ақша массасының артып кетуі ақша бірлігінің құнсыздануына әкеледі. Инфляция тұсында кейбір тауардың бағасы баяу, кейбіреуінікі тез өсуі мүмкін, ал үшіншісінің бағасы өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Инфляция деңгейін немесе, басқаша айтқанда, инфляция қарқынын өлшеу үшін баға индекстері қолданылады. Орташа баға деңгейінің салыстырмалы өзгерісі инфляция деңгейі деп аталады. Ол төмендегі формуламен есептеледі:
,
мұндағы Р - ағымдық жылдағы бағаның орташа деңгейі,
Р-1 - µткен жылдағы бағаның орташа деңгейі.
Макроэкономикада инфляцияның бірнеше түрлері қарастырылады. Швед экономисі Б.Хансен ғылыми айналымға алғаш рет айқын инфляция және жасырын инфляция ұғымдарын енгізді.
Айқын инфляция баға деңгейінің ұзақ уақыт бойы өсуінен байқалады. Ал, жасырын инфляция тұсында тауарлар мен қызметтердің тапшылығы күшейеді. Нарықтық экономикада инфляция айқын сипатта, ал әкімшілік жүйеде жасырын сипатта болады.
Жасырын инфляция жағдайында бағаның өсуі болмайды, өйткені мемлекет оларға қатаң әкімшілік бақылау жүргізеді. Бұл инфляцияның негізгі көрінісі - жаппай тауар тапшылығы. Яғни ақшаның құнсыздануы тауар тапшылығынан көрінеді. Тауарды мемлекеттік дүкендерден сатып алу мүмкін емес, ал тауар қымбатырақ бағамен «қара базарда» сатылады. Инфляцияның бұл түрінің Кеңестер Одағында орын алғаны белгілі.
Жасырын инфляцияның ашық инфляцияға айналуы - жағымды процесс, өйткені:
біріншіден, қоғам сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы туралы шынайы түсінік алады;
екіншіден, нарық стихиялы түрде сұраныс пен ұсынысты теңестіреді, теңдестік бағаны қалыптастырады, тауарға деген кезекті азайтады. Айқын инфляция өндірушілерді қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағыттайды;
үшіншіден, айқын инфляция табыстың өсуі үшін стимул құрады.
Айқын инфляция әр түрлі қарқынмен жүруі мүмкін. Осыған орай, инфляцияның төмендегі түрлері қарастырылады:
- баяу инфляция – бағаның жылына 3-4%-ға өсуі,
- ќарќынды инфляция - баѓаныњ жылына ондаѓан, ж‰здеген пайызѓа µсуі,
- гиперинфляция (ұшқыр инфляция) - бағаның жылына мыңдаған пайызға өсуі. Оны кейде басқаруға келмейтін инфляция деп те атайды. Гиперинфляция тұсында баға 3-4 ай бойы айына 50%-дан артық шамаға өседі, ал жылдық норма төрт таңбалы санға жетеді.
Гиперинфляция сирек болады, бірақ Германияда, Грекияда, Қытайда, Латын Америкасы мемлекеттерінде орын алған. 1945-1946 жылдары Венгрияда байқалған. Мұнда баға ай сайын орташа есеппен 198 есе өскен. КСРО тарағаннан кейін, баға еркіне жіберіліп, гиперинфляция құбылысы біздің елімізде де орын алған болатын.
Баға деңгейі жоғары болған сайын (инфляция қарқыны жоғары болған сайын) ақшаның сатып алу қабілеттілігі төмен болады. Ақшаның сатып алу қабілеттілігі төмен болған сайын адамдар ақшаны қолма-қол түрінде көп ұстағысы келмейді. Қолма-қол түріндегі ақшаны сақтайтын адамдар инфляция кезінде инфляциялық салық төлейді.
Инфляциялық салық – бұл инфляция болған кезеңнің басындағы және соңындағы ақшаның сатып алу қабілеттіліктерінің арасындағы айырма. Адамның қолма-қол ақшасы көп және инфляция қарқыны жоғары болған сайын инфляциялық салық шамасы соғұрлым жоғары болады. Сондықтан жоғары инфляция, әсіресе, гиперинфляция тұсында «ақшадан құтылу (қашу)» («run from money») деп атлатын процесс орын алады. Бұл кезде ақша емес, нақты құндылықтар (құнды қағаздар) үлкен мәнге ие бола бастайды.
Милтон Фридмен өзінің «АҚШ-тың монетарлық саясаты» деп аталатын кітабында 1923 жылдың қазанындағы Германиядағы гиперинфляцияны талдай отырып, инфляцияның гиперинфляциядан айырмашылығын шебер суреттеген болатын: «адам қап-қап ақша тиелген арбаны әкеле жатып, дүкеннің кіре берісіне тастап кетіп, дүкеннен шыққанда арба орнында қалып, ақша жоғалып кетсе, бұл - инфляция болғаны, ал арба жоғалып, ақша орнында қалса, бұл - гиперинфляция болғаны».
Гиперинфляция мемлекет бюджетінің үлкен тапшылығы нәтижесінде туындайды. Мұндай инфляция тұсында қалыпты экономикалық қатынастар бұзылып, ақша тез құнсызданады және кәсіпорындар бартерлік қатынастарға көшеді.
Айқын инфляция, жоғарыда қарастырылғандай, сұраныс инфляциясы түрінде де, шығындар инфляциясы түрінде де болуы мүмкін.
Сұраныс инфляциясы жиынтық сұраныс нақты өндіріс көлемінен артып кеткен жағдайда орын алады. Оның қалыптасуына себепкер тұтынушы болғандықтан, бұл инфляцияны тұтынушы инфляциясы деп те атайды. Оған алғаш рет кейнстік талдауда зерттеу жасалынған. Сұраныс инфляциясының қалыптасуына ақша массасының өсуі, мемлекеттік шығындардың және жеке инвестицияның артуы, ақша айналысы жылдамдығының көбеюі, инфляциялық күту т.с.с. әсер етеді.
Ал, шығындар инфляциясы өнім бірлігіне жұмсалатын орташа шығындардың көтерілуі және жиынтық ұсыныстың төмендеуі салдарынан туындайды. Инфляцияның бұл түрі стагфляцияға, яғни инфляция мен жұмыссыздықтың қатар өсуіне әкеледі.
Инфляция күтілетін немесе болжанылмаған сипатта болуы мүмкін. Күтілетін инфляция тұсында табыс алушы инфляцияның теріс салдарын алдын-алу немесе төмендету үшін шара қолданады.
Болжанылмаған инфляция тұрақты табыстардың барлық түрін азайтады, номиналды табыстары орташа бағаға қарағанда тез өсетін экономикалық агенттерді «субсидиялайды». Бұл инфляция тұсында қарызын қайтарушылар ұтады, ал кредиторлар (қарыз берушілер) ұтылады.
Инфляциясыз экономиканың әрекет етуі мүмкін емес. Оның белгілі бір деңгейден артып кетуі экономика үшін жағымсыз болып табылады. Инфляция макроэкономикалық құбылыс болғандықтан онымен күресу мемлекеттіњ күшімен жүргізіледі. Инфляциямен күресу - оны шектеу, тұрақты деңгейде ұстап тұру деген сөз. Мемлекеттің инфляциямен күресудегі басты шаралары төмендегілерге бағытталуы тиіс:
· ақша массасын азайту;
· есептік ставканы арттыру;
· міндетті резервтер нормасын көтеру;
· мемлекеттік шығындарды қысқарту;
· салық жүйесін жетілдіру және бюджетке түсетін салық түсімдерін арттыру.
Дегенмен, бұл шаралардың жүргізілуі әрдайым тиімді бола бермейді.
Экономикадағы баға төмендеуі де мүмкін. Орташа баға деңгейінің тұрақты түрде төмендеуі дефляция деп аталады, ол - инфляцияға кері процесс. Ал инфляция деңгейінің қысқаруы дезинфляция деп аталады.
3. Біз нарықтық экономиканың циклді түрде дамитындығын анықтадық, олай болса, мұндай ауытқулар тұсында циклдің барлық фазаларында ресурстарды толық қолдану мүмкін емес. Экономикалық циклдердің анағұрлым ауыр салдары инфляция және жұмыссыздық болып табылады. Алдымен, «жұмыссыздық» деп аталатын негізгі ұғымды түсіндіруден бастайық. Халықаралық еңбек ұйымының анықтамасы бойынша «жұмыссыз - бұл жұмыс жасағысы келетін, бірақ жұмысы жоқ адам». Бұл анықтамада адамның еңбек ету бостандығы мойындалады. Еңбек бостандығы туралы біздің елімізде алғаш рет ҚР Конституциясының (1995ж.) 24 бабында айтылған: «әр адам еңбек бостандығына, қызмет және кәсіп түрін таңдауға құқылы».
Жұмыссыздық шаруашылық жасаудың нарықтық жүйесінің ажырамас белгісі болып табылады. Статистикалық мәліметтерді талдау нәтижелерінен дағдарыс кезінде жұмыссыздықтың деңгейінің өсетінін және өсу кезінде қысқаратынын байқауға болады.
Еңбектің халықаралық ұйымының анықтамасына сәйкес, жұмыссыздардың қатарына кәмелетке толған, бірақ жұмыста жоқ, дәл осы уақытта жұмысқа жарамсыз және қарастырылған уақытта белсенді түрде жұмыс іздеп жүрген адамдар жатады. Жұмысты белсенді түрде іздеу әрекеттеріне жататындар: еңбек биржасында тіркелу, жұмыс берушілерге өтініш жасау, газет беттерінде хабарландыру беру немесе сәйкес хабарландыруларға көңіл бөлу т.с.с.
Қазақстандық тәжірибеде «жұмыссыз» санатына кімді жатқызуға болатынын анықтау үшін қазақстандық статистикаға 1995 жылы енгізілген жұмыс күшінің жаңа жіктемесін қолданамыз. Елдің барлық халқы еңбекке қатысты екіге бөлінеді:
1) экономикалық белсенді емес халық – бұлар жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер. Оларға 16 жасқа дейінгі адамдар, күндізгі оқу орындарының оқушылары мен студенттері, еңбекке қабілетсіз адамдар, зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар, жұмыс іздеуін тоқтатқан адамдар, жұмыс жасауды қажетсінбейтін адамдар (табыс көзінен тәуелсіз адамдар);
2) экономикалық белсенді халық - тауарлар мен қызметтер өндірісі үшін жұмыс күштерін ұсынатын еңбекке қабілетті азаматтар бөлігі.
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі - халықтың жалпы санындағы экономикалық белсенді адамдар санының үлесі. Оны келесі формуламен есептеуге болады:
,
мұндағы Уа – экономикалық белсенді халықтың деңгейі,
Н - халықтың жалпы саны,
Эн - экономикалық белсенді емес халық.
Жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны елдің жұмыс күшін құрайды.
Жұмысы бар және толық емес жұмыс күнімен немесе жұмыс аптасымен қамтамасыз етілген адамдар жұмысбастылардың (жұмыспен қамтылғандардың) қатарына жатады. Жұмысбастылар санатына жұмысы бар, еңбек етуге қабілетті ересек адамдар кіреді. «Қазақстан Республикасындағы халықтың жұмыспен қамтылуы туралы» ҚР заңының 1-бабына сәйкес, «жұмыспен қамту - бұл заңға қайшы келмейтін, азаматтарға табыс, жалақы әкелетін, олардың жеке және қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты іс-әрекеті».
Жұмысы жоқ және белсенді түрде жұмыс іздемейтіндер жұмыс күшінің қатарынан кеткендер деп есептеледі. Олардың құрамына оқушылар, зейнеткерлер, үйлері жоқ адамдар, үй шаруасындағы әйелдер, жұмыстан күндерін үзгендер, абақтыда отырғандар, психиатриялық ауруы бар адамдар кіреді.
Қазақстанда халықты жұмыссыздар санатына жатқызудың халықаралық еңбек ұйымының нұсқаулары ескерілген келесі межелеуіштері қолданылады:
1) адам экономикалық белсенді халықтың құрамына жатуы керек;
2) Қазақстан аумағында жылына алты айдан аз тұрмауы керек;
3) жалақы алмауы керек;
4) жұмыспен қамту мекемесінде тіркеуде тұруы керек;
5) жұмыспен қамту қызметі ұсынған жұмысқа кіруге дайын болуы керек.
Елдегі жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардыњ санын жұмыс күшінің санына бөлу арқылы анықталады:
U= * 100 %.
Өткен он жылдағы және биылғы он жылдағы жұмыссыздықтың нақты деңгейлерінің орташа мәні жұмыссыздықтың табиғи деңгейін (NAIRU) береді. Болашақтағы он жылдың мәліметі инфляцияның күтілетін деңгейінің ықтимал динамикасының негізінде анықталады. Әдетте, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 5-6%-ды құрайды. Бірақ бұл көрсеткіш әр елде әртүрлі болады. Адамды жұмыссыздар қатарына жатқызу әдістері де барлық елде бірдей бола бермейді. Мәселен, АҚШ-та жұмыссыз санатына соңғы төрт апта бойы жұмыссыз жүріп, жұмыс іздестіріп ж‰рген адамды жатќызады. Швейцария жұмыссыздықтың төмен деңгейімен ерекшеленеді. Мұның себебі: Швейцария үкіметі жұмыстан айырылғандарды қайта дайындаудың ауқымды бағдарламаларын жүзеге асырады.
Экономикадағы барлық еңбекке қабілетті адамдардың жұмыс жасауы - мүмкін емес жағдай.
Экономикада «толық жұмысбастылық» ұғымы қолданылатыны белгілі. Бір жағынан, мұны экономикалық белсенді халықтың 100 пайыздық жұмыспен қамтылуы деуге болады. Бірақ іс жүзінде олай емес. Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы, тіпті, қалыпты жағдай болып саналады. Толық жұмысбастылықтың не екенін түсіну үшін пайда болу себептеріне байланысты ерекшеленетін жұмыссыздық нышандарын қарастырамыз.
Экономистер жұмыссыздықтың үш түрін қарастырады: фрикциондық, құрылымдық және циклдік.
Фрикциондық жұмыссыздық адамдардың бір аймақтан басқа бір аймаққа көшуімен, мамандығының ауысуымен, оқуымен, бала к‰туімен байланысты орын алады. Оны, кейде, өз еркімен болатын жұмыссыздық деп атайды. Фрикциондық жұмыссыздық - жұмыс орнын немесе кәсібін ауыстырғысы келетіндердің жұмысқа орналасудағы қиыншылықтармен және жұмысты күтуімен байланысты жұмыссыздық. Біреу өзін қызықтыратын және жоғары ақы төленетін жұмысты іздеуі, енді біреу жұмыс орнында қойылатын талаптарға сәйкес келмей, қарапайымдау жұмыс іздеуі мүмкін. Фрикциондық жұмыссыздарға, сонымен қоса, біліктілігінің және тәжірибесінің жоқтығына байланысты жастар, жұмыс орындарында нәсілі, жынысы, ұлты бойынша ала-алаушылыққа (дискриминация) ұшырағандар да жатады. Фрикциондық жұмыссыздық экономикада міндетті түрде болады және, кей жағдайда, жұмыс күшін тиімді қолданып, оларды ұтымды бөлуге жағдай жасайды.
Жұмыссыздықтың күрделі нышандарының бірі – құрылымдық (технологиялық) жұмыссыздық. Ол жұмыс күшіне деген сұраныс пен еңбек ұсынысының сәйкес келмеуінің нәтижесінде пайда болады. Бұл сәйкессіздік өндірістегі технологиялық өзгерістермен байланысты. Технологиялық өзгерістердің салдарынан кейбір мамандық түрлеріне сұраныс азаяды және жұмыс берушілер жаңа кәсіп иелерін іздейді. Жұмыссыздықтың бұл түрі - жұмыс күшінің кәсіби дайындығының өндіріс құрылымына сәйкессіздігі салдарынан орын алатын жұмыссыздық.
Өндіріс құрылымы ғылыми-техникалық прогресс пен жаңа технологиялардың енгізілуімен үнемі өзгеріп отырады. Бір кәсіп түрлеріне қажеттілік қысқарса, жаңа, бұрын болмаған кәсіп түрлеріне сұраныс болуы мүмкін. Мысалы, дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты кеңсе қызметкерлерінің кейбіреулеріне сұраныс болмай қалды. Ал, математиктер мен программистер үшін бос орындар пайда болды. Жұмыссыздықтың бұл түрі де экономикалық циклдің кез-келген сатысында, тіпті, шарықтау шыңында да кездеседі.
Фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдың жұмыссыздықтың бір-бірінен ерекшеленуінің екі негізгі белгілерін бөліп қарауға болады:
а) фрикциондық жұмыссыздар еңбек нарығында жұмыс күштерін сата алатын кәсіби дағдыға және біліктілікке ие, ал құрылымдық жұмыссыздар қайта дайындықсыз және қосымша білім алмайынша, біліктілігін көтермейінше немесе тұрған жерін ауыстырмайынша жұмысқа тұра алмайды.
ә) фрикционды жұмыссыздар қысқа мерзімдік сипатқа ие, ал құрылымдық жұмыссыздық оған қарағанда ұзағырақ болады.
Экономикада тек фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтың орын алуын, басқаша айтқанда, толық жұмысбастылық жағдайында болатын жұмыссыздықты экономистер табиғи жұмыссыздық деп атады. Табиғи жұмыссыздық ұғымын алғаш рет М.Фридмен 1967 жылы Американың экономикалық ассоциациясының алдында сөйлеген сөзінде ұсынған болатын. Ал, 1968 жылы Американың екінші бір экономисі Э.Фелпс те М.Фридменнен тәуелсіз жұмыссыздықтың табиғи деңгейін ұсынды.
Табиғи жұмыссыздық потенциалды жалпы ішкі өнім көлеміне сәйкес келеді.
Жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден жоғары болуы мүмкін. Бұл кезде циклдік жұмыссыздық орын алады. Ол экономикалық конъюнктураның ауытқуымен байланысты. Құлдырау сатысында тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс азаяды, бұл өндіріс пен жұмысбастылықтың қысқаруына әкеледі. Өсу сатысында, керісінше, тұтыну және инвестициялық тауарларға сұраныс артатындықтан жұмыс күшіне де сұраныс өседі.
Циклдік жұмыссыздық нақты жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздықтың табиғи деңгейі арқылы анықталады: U-U*.
Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы өндірістік ресурстардың толық қолданылмай отырғандығын дәлелдейді. Бұл кезде нақты өндіріс көлемі потенциалды деңгейден кіші болады. Циклдік жұмыссыздық пен ЖІӨ арасындағы байланысты америкалық экономист Артур Оукенмен (1928-1980 ж.ж.) ұсынылған заң арқылы түсінуге болады. Бұл заң экономикалық теорияда Оукен заңы деп аталады және келесі формула арқылы сипатталады:
= − β (U-U*),
мұндағы, Y - нақты өндіріс көлемі,
Y* - потенциалды өндіріс көлемі,
U - нақты жұмыссыздық,
U* - табиғи жұмыссыздық,
β - Оукен саны.
Оукен саны эмпирикалық жолмен анықталады.
Циклдік жұмыссыздық қоғамның әл-аухаты мен жеке адамның әл-аухатының төмендеуіне әкеліп соғады. Циклдік жұмыссыздық саларынан ЖІӨ қысқарады, жеке адамның табысы азаяды, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленеді және салық түсімдері азаяды.
Экономистер мемлекет кез-келген жұмыссыздықпен емес, тек циклдік жұмыссыздықпен күресу қажет деп есептейді. Алайда, өзімізге белгілі Филлипс қисығына сәйкес, жұмыссыздықпен күресу қысқа мерзімде инфляцияны арттырады. Сондықтан жұмыссыздықты қысқартудың және жұмысбастылықты арттырудың қауіпсіз әдістерін қолдану керек.
Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:
а) бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру жүйесін
жетілдіру;
ә) еңбек биржаларының қызметін жетілдіру;
б) кадрларды қайта дайындау жүйесін дамыту;
в) орта және шағын бизнесті дамыту үшін жағдай
жасау;
г) жастарды, әйелдерді, қайта құрылған сала
қызметкерлерін жұмысқа орналастырудың мақсаттық
бағдарламаларын жасау.
Экономикада жұмыссыздықтық маусымдық деп аталатын түрі де кездеседі. Мұндай жұмыссыздық жыл мезгіліне байланысты белгілі бір салалардағы өндіріс көлеміндегі ауытқулардың салдарынан орын алады (ауыл шаруашылығы, құрылыс жұмыстарының кейбір түрлері т.с.с.).
4. Жұмыссыздық пен инфляция белгілі бір сандық тәуелділікте болады. Лондон Экономика мектебінің профессоры Олбан Филлипс 50-ші жылдардың аяғында келесі заңдылықты анықтаған болатын: инфляция деңгейі төмен болған сайын жұмыссыздықтың деңгейі соғұрлым жоғары болады. Жұмыссыздық еңбек ақыға әсер етеді. Жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауына байланысты табыс азаяды және халықтың сатып алу қабілеттілігі төмендейді. Нәтижесінде, инфляция деңгейі азаяды. Бұл процесті Филлипс қисығы арқылы көруге болатынын 4-тақырыпта қарастырған болатынбыз. Қоғам алдында дилемма туындайды: төмен инфляцияның және жоғары жұмыссыздықтың орын алуы немесе жоғары инфляцияның және төмен жұмыссыздықтың орын алуы. Мәселен, АҚШ Президенті Р.Рейганның тұсында АҚШ-тағы инфляция жұмыссыздық деңгейін рекордтық шамаға дейін көтеру арқылы «ауыздықталды».
Филлипс қисығы инфляция деңгейі мен баға деңгейі арсындағы өзара байланысты тек қысқа мерзімдегі кезеңде қарастырады. Егер ұзақ уақытты (5-10жыл) қарастыратын болсақ, жоғары жұмыссыздық тұсында баға өсуін тоқтатпайды. Филлипс қисығының ұзақ мерзімді кезеңге жарамайтындығы жалақының, жұмыссыздық бойынша жәрдемақының дағдарыс кезінде де төмендемейтіндігімен түсіндіріледі. Бұл жұмыс күшінің біліктілігімен, жұмыс күші құнының өсуімен, кәсіпкерлермен жалақы шамасы туралы ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырғанда кәсіпкерлер ролінің күшеюімен байланысты. Мұнымен қоса, кәсіпкерлер еңбек ақыны болашақтағы бағаның өсуін компенсациялайтындай етіп арттырады.
Инфляция экономикаға екі жақты әсер етеді. Бағаның баяу өсуі өндірісті ынталандырады, өйткені жалақы өсімінің баға өсімінен артта қалатыны белгілі. Өндірушілер мен тұтынушылар зиянның алдын-алу үшін тауарларды көтере сатып алуға тырысады. Бірақ инфляцияның теріс салдары басым.
Инфляция пайда бола отырып, өзін «ұдайы өндіреді». Бұған «баға-жалақы» спиралі ықпал етеді. Бағаның өсуі жалақының өсуіне әкеледі. Өз кезегінде жалақының өсуі өндіріс шығындарын арттырады және бағаның әрі қарай өсуіне себеп болады.
Инфляция амортизациялық қорды құнсыздандырады және өндіріс процесіне қауіп төндіреді. Несиелер құнсызданады. Баға жылдам өскен кезде банктер жоғары пайыздық ставка белгілейді, бұл өндірісті дамытуға емес, алып-сатарлықпен айналысуға тиімді. Қалыпты экономикалық қарым-қатынастар бұзылады. Ақша өзінің сатып алу қабілеттілігін жоғалтады. Ұзақ мерзімді инвестициялар тиімсіз болады.
Қазақстанда депозиттер (мерзімдік салымдар) бойынша пайыздық ставка инфляция деңгейінен төмен. Мысалы, 1993 жылы инфляция 2260%-ды құраса, депозиттер бойынша ставкалар жылына 200%-дан көтерілмеген. Нақты пайыздық ставка теріс болды, нәтижесінде, халық салымдарының 90%-ға жуығын банктер иеленген. Бұл нақты жалақының, жинақтардың төмендеуіне әкелді. Бұл процестердің нәтижесі өндірістің одан әрі қарай төмендеуі болып табылады.
Әсіресе, ақшадан құтылуға тырысатын бартерлік қатынастар орын алып, тұтыну тауарына айырбасталмайтын өнім шығаратын кәсіпорындар мен аймақтарды дағдарысқа итермелейтін гиперинфляция қауіпті.
Инфляция - ұлттық табысты қайта бөлу нышандарының бірі. Одан тұрақты табыс алатын адамдар (бюджеттік сала қызметкерлері, зейнеткерлер) көп зардап шегеді.
Инфляция - несие үшін қолайсыз, өйткені қарыз алушылар алынған несиелерді құнсыздалған ақшалармен қайтарады.
Инфляциялық процестердің дамуында инфляциялық күтімдер үлкен роль атқарады. Инфляцияның орын алуына тек экономикалық себептер ғана итермелеп қоймайды, сонымен қоса психологиялық себептер де жағдай туғызады. Бағаның өсуін күту тұтынушыларды құнсызданған ақшалардан құтылу үшін тауарларды көп көлемде сатып алуға мәжбүрлейді. Бұл іс-әрекеттің бір нышаны ажиотажды сұраныс болып табылады. Бұған нақты мысал - 2007 жылы Қазақстан аймақтарында орын алған «өсімдік майы парадоксы». Азық-түлік сауда орындарындағы өсімдік майы бағасының өсуіне қарамастан, тұтынушылар аталған өнімді сатып алуды арттырды. Бұл өнімді сатушыларға қолайлы жағдай туғызды: бара-бара олар сөрелердегі майды қасақана шектеп (өнімнің болғанына қарамастан), ажиотажды сұранысты арттыра түсті. Кейіннен бұл процеске мемлекет араласты. Инфляцияны күтуді басу - мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын жүргізудің маңызды бағыты.
Сонымен, экономикадағы конъюнктуралық ауытқулардың күшеюіне инфляция, экономиканың монополиялануы, шаруашылық пропорциялардың бұзылуы т.с.с. құбылыстар әсер етеді. Сондықтан инфляцияға қарсы саясат, монополияға қарсы күрес т.с.с. іс-шаралардың бәрін экономикалық циклді реттеу әдісі ретінде қарау керек.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Экономикалыќ циклдіњ єр сатысында ќалыптасатын экономикалыќ процестер туралы айтыњыз.
2. Экономикалыќ циклдіњ орын алу себептерін атањыз.
3. Ж±мыссыздардыњ ќатарын кімдер ќ±райды?
4. Ж±мыссыздыќтыњ ќандай т‰рлерін білесіз жєне оларды ќысќаша сипаттап беріњіз.
5. Табиѓи ж±мыссыздыќ пен µндіріс арасында ќандай байланыс бар?
6. Оукен зањын т‰сіндіріњіз.
7. Ж±мыссыздыќпен к‰ресудіњ жолдарын атањыз.
8. Ќазаќстандаѓы ж±мыссыздыќ туралы не айтасыз?
9. Инфляцияныњ т‰рлерін атањыз.
10. Ќазаќстандаѓы инфляцияныњ орын алуын немен т‰сіндірер едіњіз?
11. Инфляциямен к‰ресу жолдары ќандай?
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 307 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |
К КОНЦУ ГОДА У ОБУЧАЮЩИХСЯ ДОЛЖНЫ | | | Статья 1. Цели и задачи настоящего Закона |