Читайте также:
|
|
Қазақстанның экологиялық проблемалары соңғы 20-30 жыл ішінде едәуір шиеленісті. Республика аумағында бағыты тар, негізінен ресурс тұтынатын, шаруашылық кешендер жұмыс істеген ұзақ уақыт ішінде бүгінгі таңдағы, тым жағымсыз, ал бірқатар аудандарда айтарлықтай тұрақсыз экологиялық жағдай қалыптасты. Табиғатты пайдаланушының жеткіліксіз ойластырылған стратегиясының, шаруашылықтың қарқынды дамуының, антропогендік жүктемелерді ғылыми реттеу қажеттілігі мен мүмкіндіктерін жоққа шығару салдарынан табиғи ортаның қауіпті азуы әлі де жалғасуда.
Сондай-ақ Каспий теңізінің жайы да ерекше толғандырады. Оның деңгейінің көтерілуіне байланысты бес мұнай-газ кен орны, коммуникациялар, елді мекендер мен өнеркәсіп нысандары су басқан аймақта қалды. Каспий теңізінің ластану нәтижесінде суда жүзетін құстардың, итбалықтың жаппай қырылу жағдайлары орын алды.
Арал теңізі – экологиялық апат аймағы. Өзен тармақтарының көп жылдан бері қысқаруы оның деңгейінің 15 метрге төмендеуіне және су құрамында зиянды заттардың молаюына әкеп соқтырады. Жыл сайын Қазақстанның аумағына және одан тысқары теңіз түбінен 150 мың тоннадай шаң-тозаң мен тұз көшіріледі. Теңіз бассейнінде биологиялық ортаның азуының қайталанбайтын процестері күшеюде.
Адам өміріне көп зиян тигізетін проблемаларды қысқаша атап өтелік:
Барлығы 2 млрд тонна жиналды, жыл сайынғы өсім 73 млн тоннаны құрайды.
Қоршаған ортадағы орын алған өзгерістер халықтың денсаулығына өте әсер етеді. Адамдардың үшінші ұрпағының өзі топырақ, су, өсімдіктер, мал еті арқылы зиянды ықпалға ұшырайды.
Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың мазмұны. Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу әдістері
Мемлекеттік реттеу әдістерін екі топқа бөлуге болады:
- Технологиялық стандарттарға негізделген әкімшілік-құқықтық әдістер.
- Бірінші кезекте мемлекеттің табиғи ортаның түрлі элементтерін қорғау талаптарының орындалуын ынталандаруына негізделген экономикалық әдістер.
Әкімшілік-құқықтық әдістер тастауға жол берілетін нормаларды белгілеуді; шикізаттың немесе өнімнің белгіленген түрін қолдануға тыйым салуды; түрлі салаларға арналған сараланған экономикалық стандарттар жүйесін белгілеуді қарастырады.
Қоршаған ортаны қорғаудың экоонмикалық әдістері мыналар болып табылады:
1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру;
2) табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу;
3) табиғи ресурстарды қорғау және ұдайы өндіру үшін төлем төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) экологиялық сақтандыру;
6) қоршаған ортаны қорғау қорларын құру.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру барлық деңгейдегі бюджеттерде жеке жол болып бөлінеді.
Азақстан заңнамасында қоршаған ортаны қорғаудың (ҚОҚ), табиғатты ұтымды пайдалану және ресурстарды үнемдеудің құқықтық негізі.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың нақты жағдайлардағы іс-қимылдары құқықтық құжаттарға жауап беруі тиіс, осы құжаттар – атап айтқанда 1997 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады.
Осы заңға сәйкес мемлекет экологиялық қауіпсіздіктің жалпы нормаларын,стандарттары мен ережелерін айқындайды. Заңда қоршаған ортаның сапасын нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоршаған ортаға әсер етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу болып табылады.
Дата добавления: 2014-11-24; просмотров: 212 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |