Читайте также:
|
|
421. М1 ақша агрегаты неден тұрады?
А) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, жедел
салымдардан
+Б) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, чектік
салымдардан
В) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, барлық банктік депозиттерден
Г) барлық ақшалардан
Д) барлық банктік депозиттерден
422. М2 ақша агрегаты неден тұрады?
+А) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, жедел
салымдардан
Б) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, чектік
салымдардан
В) металл және қағаз түріндегі қолма-қол ақша, барлық банктік депозиттерден
Г) барлық ақшалардан
Д) барлық банктік депозиттерден
423. Мерзімді ірі салымдар ненің құрамына кіреді?
+А) М3 ақша агрегатының
Б) М2
В) М1
Г) М2+М3
Д) М1+М2
424. Мұндағы қаржылық институттарға қатысты қай анықтама дұрыс емес?
А) қаржы институттары пайда табу мақсатында өз қызметтерін ұсынады
+Б) банк салымдарды тек қана сақтау үшін және қолма-қол
ақшамен қабылдайды
В) Банктік қарыз ақша ұсынысының қосымша құралы
болып табылады
Г) несие беру – барлық қаржы институттарының негізгі қызметі болып табылады
Д) орталық банк ақша-несие саясатын жүргізеді
425 Айналыстағы ақша көлемінің өсуіне тікелей әсер етеді:
А) ақша айналымының жылдамдығының өсуі
Б) қолма-қол ақшасыз есептің өсуі
+В) шығарылатын өнім бағасының өсуі
Г) шығарылатын өнім санының азаюы
Д) ақша айналымының жылдамдығының төмендеуі
426. Жылжымайтын мүлікті кепілдікке алатын ұзақ мерзімді ақшалы несие:
+А) ипотекалық несие
Б) тұтынушылық несие
В) коммерциялық несие
Г) банктік несие
Д) мемлекеттік несие
427. Мемлекет қандай мақсатпен ақша реформасын жүргізеді?
А) халықтың әл-ауқатын жақсарту
+Б) ақша бірлігінің сатып алу қабілеттігін ұлғайту
В) айналымдағы ақша көлемін қысқарту
Г) ақша басып шығаруға кететін мемлекеттік шығындарды қысқарту
Д) басқа мақсат
428. Банктің белсенді операцияларына жатады:
А) салымдарды тарту
Б) несиелерді басқа банктер арқылы алу
В) түрлі облигацияларды эмиссиялау
+Г) несие беру
Д) алтын валюталы қорды сақтау
429. Талап етуге дейінгі есеп шот ашу мен қарыз беруді қандай банк атқарады?
А) орталық банк
+Б) коммерциялық банк
В) ипотекалық банк
Г) ұлттық банк
Д) жинақ банкі
430. Қор биржасы – бұл:
А) тауарлар көтерме бағамен сатылатын және сатылып алынатын нарық
Б) несие бойынша келісім шарттар жасалатын нарық
В) жұмыс күшін жалдау нарығы
+Г) бағалы қағаздар сатылатын және сатып алынатын нарық
Д) ғылыми-техникалық зерттемелер нарығы
431. Құнды қағаздар нарығының қызметін кім инвестициялайды?
А) азаматтар
Б) ұйымдар
В) брокерлер және дилерлер
Г) мемлекет
+Д) коммерциялық банктер
432. Несие берудің шарттары қандай?
А) мерзімсіздік, қайтарымдылық, ақылылық
Б) өтеусіздік, ақылылық, мерзімділік
В) өтеусіздік, қайтарымдылық, мерзімділік
+Г) мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық
Д) өтеусіздік, қайтарымдылық, мерзімсіздік
433. Ақша-несие саясаты жүргізіледі:
А) елдің үкіметімен
Б) елдің барлық қаржы несие мекемелерімен
+В) елдегі орталық банкпен
Г) қаржы министрлігімен
Д) тек коммерциялық банктермен
434. Банк пайдасы – бұл:
А) несие мен депозиттің пайыздық мөлшерлемелерінің арасындағы айырмашылық
+Б) банктің барлық шығыстары мен табыстары арасындағы айырмашылық
В) банктік несие бойынша пайыздар
Г) банктік депозит бойынша пайыздар
Д) капитал бойынша пайыз
435. Пайыз мөлшерлемесі төмендегенде:
А) ақша массасына деген сұраныс азаяды
+ Б) ақша массасына деге сұраныс жоғарылайды
В) өтімділігі жоғары құралдар алғысы келетіндер саны азаяды
Г) ақша массасына деген сұраныс өзгермейді
Д) пайыздық мөлшерлеме ақша массасына ешқандай әсер етпейді
436. Несие берудің негізгі қағидасы:
А) мерзімділігі
Б) қайтарымдылығы
+В) материалдық жағынан қамтамасыз етілуі
Г) ақылылығы
Д) мақсатқа арналуы
437. Төлем мерзімін ұзарту арқылы тауарды сату қай несиемен байланысты?
+А) коммерциялық несие
Б) банктік несие
В) мемлекеттік несие
Г) лизинг
Д) факторинг
438. Материалдық құралдарды жалға беру және біртіндеп құнын төлеуге негізделген несиенің ақшасыз түрі қандай?
А) коммерциялық несие
Б) мемлекеттік несие
+В) лизинг-несие
Г) факторинг
Д) ипотекалық несие
439. Несиенің қажеттігі немен байланысты?
А) өндіріс құралдарына жеке меншік формасымен
+Б) ұдайы өндіріс процесінде ауыспалы айналым заңдылығымен
В) өндірістік ресурстарды бөлудің өзіндік ерекшелігімен
Г) авансталған капитал мөлшерімен
Д) салалық ерекшеліктермен
440. Нарықтық экономика жағдайындағы банктік несиенің маңызды мақсаты:
А) тұтынуды дамыту
Б) айырбасты ұлғайту
+В) несие пайызын алу
Г) капиталдың сақтау
Д) кәсіпкерге қайырымдылық көмек беру
441. Бағалы қағаздардың эмитенті бола алмайды:
А) мемлекет
Б) жергілікті басқару органдары
В) корпорациялар
Г) шетелдік инвесторлар
+Д) үй шаруашылығы
442. Несие бағасы нені көрсетеді?
+А) ақшаны пайдаланғаны үшін төлем- пайыздық мөлшерлеме
Б) несиенің –тауардың құны
В) банктік пайыз
Г) коммерциялық пайыз
Д) есептік мөлшерлеме
443. Шығыстар мен салық салу саласындағы үкіметтің саясаты:
+А) фискалды саясат
Б) несие саясаты
В) монетарлы саясат
Г) табысты бөлу саясаты
Д) салық саясаты
444. Қаржы жүйесі – бұл:
А) барлық деңгейдегі банк жиынтығы
Б) қаржы және несие институттарының жиынтығы
+В) бір-бірімен байланысты барлық қаржылық құрылымдық элементтердің жиынтығы
Г) елдің валюталық қоры
Д) елдің алтын қоры
445. Мемлекеттің негізгі қаржылық органы болып табылады:
А) мемлекеттік банк
+Б) мемлекеттік бюджет
В) салық жүйесі
Г) қор биржасы
Д) ұлттық және коммерциялық банктер
446. Мемлекеттің барлық ақша ресурстары мен оларды бөлуді көрсететін мемлекеттің қаржылық жоспары:
А) мемлекет қаржысы
Б) қаржы жүйесі
+В) мемлекеттік республикалық бюджет
Г) несие жүйесі
Д) фискалды саясат
447. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы қандай салық?
А) кемімелі
+Б) үдемелі және біркелкі емес
В) пропорционалды
Г) әділетсіз
Д) жанама
448. Тікелей салық – бұл:
А) тауар сатуға салынатын салық
Б) тауарды алып-сатуға салынатын салық
В) мүлікке салынатын салық
+Г) табыстың барлық түріне салынатын салық
Д) қосылған құнға салық
449. Кемімелі салық мөлшерлемесі:
А) табыстың өсуімен байланысты ұлғаяды
Б) табыс өскенде өзгермейді
+В) табыс өскенде қысқарады
Г) табыс төмендегенде өзгермейді
Д) табыс мөлшері азайғанда төмендейді
450. Пропорционалды салық мөлшерлемесі:
А) табыс өскенде өзгермейді
Б) табыс азайғанда өзгермейді
+В) табыс қанша өзгерсе де өзгермейді
Г) табыс өзгерісіне сәйкес өзгермейді
Д) табыстың өзгеруіне пропорционалды өзгереді
451. Мемлекеттік бюджетте тапшылық болады, егер:
А) Мемлекеттік шығыстар қысқарса
+Б) Мемлекеттік шығыстары кірістен жоғары болса
В) Салық қысқарса
Г) Салық көбейсе
Д) Мемлекеттік шығыстар өссе
452. Экономиканы тұрақтандыру үшін қолданылатын фискалды саясаттың құралы болып табылады:
А) Резерв нормаларын жоғарлату
Б) Ашық нарықтағы операциялар
В) Есептік мөлшерлемені өзгерту
+Г) Мемлекеттік шығыстарды көбейту және азайту
Д) Құнды қағаздармен операция жасау
453. Нарықтық экономикадағы салық қандай қызмет атқарады?
+ А) Фискалды, әлеуметтік, реттеуші, ынталандырушы
Б) бақылаушы, қайта бөлуші, конфискациялық
В) экономикалық, автоматты, реттеуші
Г) Фискалды, әлеуметтік, экономикалық
Д) автоматты, реттеуші, бақылаушы
454. Жанама салыққа жатады:
А) Капиталдың өсуіне салық
Б) табыс салығы
В) Мұрагерлік және сыйлық салығы
+Г) ҚҚС және акциздер
Д) Кеден тарифі
455. Мемлекеттік қарыздың айқын мәселелерінің бірі:
А) Ұлттық өнімнің бір бөлігі экспортталады
Б) Табыстағы теңсіздік қысқартылады
+В) Қолдағы табыстың барлық деңгейінде жинақтың үлесі өседі
Г) Жинақ үлесі өзгермейді
Д) Мемлекет банкротқа ұшырауы мүмкін
456. ТҰӨ өзгеруінің үкіметтік шығыстар өзгеруіне қатынасы:
А) Инвестиция мультипликаторы
Б) Салық мультипликаторы
В) Банктік мультипликатор
+Г) Мемлекеттік шығыстар мультипликаторы
Д) Мемлекеттік табыс мультипликаторы
457. Мемлекеттік қарыз қандай экономикалық салдарға әкелуі мүмкін?
А) Ұлттық экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінің қысқаруы
+Б) Өмір деңгейінің төмендеуі
В) Ұлттық байлықтың қайта бөлінуі
Г) Ұлттық шығындардың артуы
Д) Өмір деңгейінің жоғарылауы
458. Егер үкімет жыл сайын бюджеттің тепе теңдігін сақтауға ұмтылса, ондай бюджет...
+А) Экономикалық цикл шеңберіндегі тербелісті басады
Б) Экономикалық цикл шеңберіндегі тербелісті күшейтеді
В) Өндіріс және жұмысбастылық көлеміне әсер етпейді
Г) Инфляцияның әлсіреуін реттейтін болады
Д) Жиынтық сұранысты реттейтін болады
459. Салық мөлшерлемесі мен мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімнің өзара байланысын көрсетеді:
А) Филлипс қисығы
Б) Оукэн қисығы
+В) Лаффер қисығы
Г) Лоренц қисығы
Д) Ұсыныс қисығы
460. Мемлекеттік бюджет тапшылығы:
А) Жағымсыз
Б) Жағымды
В) Бейтарап
+Г) Әр түрлі көзқарас бар
Д) Тек жағымсыз әсер етеді
461. Фискалды саясат ол:
+А) Салықтар мен мемлекеттік шығыстарды реттеу жүйесі
Б) Орта ғасырларда банк жүйесінің саясаты осылай аталған
В) Салық түсімдерінің үнемі өзгеруі
Г) Компания шығыстарын түрлендіру
Д) Трансферттік төлемдерді реттеу
462. Экономикалық база және мемлекеттің фискалды саясатының құралы:
А) Бюджет
+Б) Салық
В) Бюджет тапшылығы
Г) Мемлекеттік қарыз
Д) Шетелдік инвестициялар
463. Несие жүйесінің негізі:
А) Жеке тұлғалардың ақшалай салымы
Б) Халықтық банк
+В) Ұлттық банк
Г) Заңды тұлғалардың ақшалай салымы
Д) Ұлттық валюта
464. Мемлекеттік қарызды туындатады:
+А) Бюджеттің тапшылығы
Б) Бюджеттің артықшылығы
В) Халықтан қарыз алу
Г) Шетелдік тікелей инвестициялар
Д) Шетелдік мемлекеттерден қарыз алу
465. Бюджет тапшылығының жоғары болуы мына жағдайға әкеледі:
А) Экспорт импорттан жоғары болады
+Б) Валютаның халықаралық бағасы төмендейді
В) Шығындармен байланысты инфляция болады
Г) Нақты пайыз мөлшерлемесі өседі
Д) Нақты пайыз мөлшерлемесі төмендейді
466. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің басты себебі:
А) Жұмыс уақытының ұлғаюы
+Б) Өндірістегі технолгиялық өзгерістер
В) Капитал мөлшерінің артуы
Г) Экономикалық өсуге ықпал ететін ақша несие және фискалды саясатты жүзеге асыру
Д) жұмыс күші біліктілігінің артуы
467. Мемлекеттік бюджетті толтырудың негізі болып салық табыла отырып, мынаны атқарады:
+А) Фискалды қызмет
Б) Бөлуші қызмет
В) Бақылаушы қызмет
Г) Ынталандырушы қызмет
Д) Ұстамды қызмет
468. Мемлекеттік бюджет:
+А) Мемлекеттің табыстары мен шығыстарының есебі
Б) Мемлекеттің барлық табысының көзі
В) Мемлекеттің барлық шығыстарының көздері
Г) Салықтық түсімдер
Д) Мемлекеттің табыстары мен шығыстарының балансы
469. Дискретті фискалды саясат:
а) мемлекеттік сатып алуларды саналы түрлендіру
б) салық мөлшерлемесін саналы үрлендіру
+в) мемлекеттік сатып алуларды, салық мөлшерлемесін, трансферттік төлем мөлшерін саналы түрлендіру
г) трансферттік төлем мөлшерін саналы түрлендіру
д) мемлекеттік шығыстарды саналы түрлендіру
470. Әлемдік нарықтың қызмет етуінің негізі не?
+а) халықаралық еңбек бөлінісі
б) біріккен еңбек
в) ватлюта «қоржыны»
г) саяси ретеу
д) дипломатиялық байланыстар
471. Халықаралық еңбек бөлінісіне анықтама беріңіз:
+а) елдің белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндірісіне мамандануы
б) әлемдік шаруашылықта шектеулі ресурстарды бөлу
в) білікті жұмысшы күшінің әлемдік нарықтағы қозғалысы
г) ұлттық және әлемдік жұмыс күшінің пропорциясын белгілеу
д) елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы
472. Капиталды сыртқа шығару ұғымын түсіндіріңіз:
а) өндірісті тиімді ұйымдастыру
+б) капиталды тиімді орналастыру және пайдалану мақсатында басқа елдерге экспорттау
в) басқа елдерге көмек көрсету
г) халықаралық несилеуді ұлайту
д) басқа елдерге қарызды жабу
473. Валюта бағамы:
а) валюталық мәмле субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы
б) валюта мәмлелерін реттеудің ұлттық режимі
в) халықаралық есеп айырысуда қолданылатын төлем құжаты
г) сатып алу қабілетінің паритеті теориясы
+д) басқа елдің ақша бірлігімен есептелген ақша бірлігінің бағасы
474. Протекционизм саясатын алғаш ұсынған кімдер?
а) физиократтар
б) ерте меркантилистер
в) максималистер
+г) кейінгі меркантилистер
д) неоклассиктер
475. Протекционизм өкілдерінің пікірі бойынша сауда кедергілерін енгізудегі мақсат:
а) ұлттық экономика салаларындағы жұмысбастылықты азайту
+б) ұлттық экономика салаларын қорғау
в) ішкі монополияларды қалыптастыру
г) елдің қорғаныс қабілетін әлсірету
д) әлемдік нарықтың бәсекеге қабілетін әлсірету
476. Абсолютті артықшылықтар қағидасын ең алғаш енгізген кім?
а) К. Маркс
б) Дж.М.Кейнс
в) Д. Рикардо
+г) А. Смит
д) А. Маршалл
477. Халықаралық сауда өзара тиімді болады, егер:
а) бір ел бір тауардың өндірісінде, ал екінші ел басқа тауардың өндірісінде абсолютті артықшылыққа ие болса
б) елдер бірде бір тауар өндірісінде абсолютті артықшылыққа ие болмаса
+в) елдер белгілі бір тауар өндірісінде салыстырмалы артықшылыққа ие болса
г) бір ел бір тауар өндірісінде салыстырмалы және абсолютті артықшылыққа ие болса
д) барлық елдер тауарлар өндірісінде салыстырмалы және абсолютті артықшылыққа ие болса
478. Валюталық түсімдер мен валюталық төлемдердің балансыы қалай аталады?
а) сауда балансы
+б) төлем балансы
в) мемлекеттік бюджет
г) қызметтер балансы
д) аударымдар балансы
479. Егер бір елдің валютасы басқа кез келген валютаға еш кедергісіз айырбасталатын болса, онда ол:
а) сыртқы айырбасталуға қабілетті
б) ішкі айырбасталуға қабілетті
+в) еркін айырбасталуға қабілетті
г) ішінара айырбасталуға қабілетті
д) айырбасталуға қабілетсіз
480. Капитал салынған объектілерді толық бақылауға, акциялардың бақылау пакетін иеленуге не мүмкіндік береді?
а) қарыз капиталын сыртқа шығару
б) кәсіпкерлік капиталды ішке енгізу
в) портфельді инвестиция түрінде капиталды сыртқа шығару
+г) тікелей инвестиция түрінде кәсіпкерлік капиталды сыртқа шығару
д) қарыз капиталын ішке енгізу
481. Халықаралық монополияға жатқызуға болады:
а) трансұлттық компанияларды (ТҰК)
б) көп ұлтты компанияларды (КҰК)
в) халықаралық монополиялық одақтарды (ХМО)
г) ұлттық компанияларды
+д) ТҰК, КҰК, ХМО
482. Сауда балансының оң қалдығы өседі, егер:
а) нақты пайыз мөлшерлемесі төмендесе
б) инфляция қарқыны өссе
+в) экономикалық өсу қарқыны артса
г) экономикалық өсу қарқыны төмендесе
д) нақты пайыз мөлшерлемесі артса
483. Қазіргі жағдайда тауар саудасының өсу қарқыны төмен:
а) алтын саудасынан
б) капитал саудасынан
в) жұмыс күші қозғалысынан
г) жер саудасынан
+д) қызметтер саудасынан
484. Халықаралық саудадан алынатын табыстың көзі не?
+а) жеке елдердегі бағалардың айырмашылығы
б) шекаралас елдердегі бағаларды білмеу
в) арзанға сатып алу, қымбатқа сату
г) бағалардың төмендеуі
д) әр елдегі кеден тарифтерінің әртүрлілігі
485. Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық сауда арқылы табыс алуға мүмкіндік береді деген кім?
а) У.Петти
б) Д. Рикардо
в) К. Маркс
+г) А.Смит
д) Дж.М.Кейнс
486. Ғаламдық әлеуметтік экономикалық мәселеге жатпайды:
а) экономикалық артта қалу
б) демографиялық мәселе
в) азық түлік мәселесі
г) экология мәселесі
+д) қылмыстың өсуі
487. Валюта бағамын анықтауға қатысы жоқ фактор:
а) ақша бірлігінің сатып алу қабілеті
+б) әлемдік нарықтағы бағалар динамикасы
в) инфляция қарқыны
г) төлем балансының жағдайы
д) әлемдік валюта нарығындағы валютаға деген сенімділік
488. Салыстырмалы артықшылықтар қағидасына негізделген халықаралық сауда мен мамандану:
а) елдің ішкі тұтынуының қысқаруы
б) елдің ішкі тұтынуының артуы
+в) өндіріс тауарларының артуы, елдің тұтыну деңгейінің оның өндірістік мүмкіншіліктерінен жоғары болуы
г) жалпы тұтынудың артуы
д) жалпы тұтынудың қысқаруы
489. Егер импорт тауарларына кеден салығы салынбаса, онда (дұрыс емес жауапты табыңыз):
а) тауардың іштегі бағасы төмендейді
+б) тауардың іштегі бағасы жоғарылайды
в) тауарды тұтыну артады
г) ел ішінде тауардың өндірісі қысқарады
д) мемлекеттік бюджет табысы кемиді
490. Салыстырмалы артықшылықтар қағидасы бойынша:
а) айнымалы шығындары төмен елдерде тауарлар өндірілетін болса ғана өндірістің жалпы шығындар аз болады
б) әрбір тауар мамандануы тиімді жүзеге асқан елдерде өндірілетін болса ғана өндірістің жалпы көлемі аз болады
+в) әрбір тауар айқын шығындары төмен елдерде өндірілетін болса ғана өндірістің жалпы көлемі жоғары болады
г) әрбір тауар мамандануы тиімді жүзеге асқан елдерде өндірілетін болса ғана өндірістің жалпы көлемі жоғары болады
д) елдің таза экспорты басқа елдерден жоғары болады
491. Бреттон Вуд валюта жүйесі:
а) алтын стандарты жүйесі
б) алтын паритеті жүйесі
+в) өзара байланысты валюта бағамы белгіленген жүйе
г) құбылмалы валюта бағамы жүйесі
д) айырбас бағамы жүйесі
492. Елдің импорттық тауарларға шығыстарынан сол елдің тауарларына басқа әлемнің шығыстарын шегерген кездегі қалдық қалай аталады?
а) ұлттық тұтыну
б) импорт
в) экспорт
г) ұлттық жинақ
+д) таза экспорт
493. Елдегі төлем балансының тапшылығының өсуі:
а) орталық банктің валюталық қорын арттырады
+б) орталық банктің валюталық қорын және елдегі ақша массасын кемітеді
в) елдегі ақша массасын арттырады
г) орталық банктің валюталық қорын және елдегі ақша массасын арттырады
д) ақша массасына әсер етпейді
494. Ұлттық валютаның толық айырбасталу қабілеттілігі:
а) шетел валютасын шектеусіз сатып алу мүмкіншілігі
б) ұлттық валютаның еркін ену және шығу мүмкіндігі
в) шетел валютасының еркін ену және шығу мүмкіндігі
+г) шетел валютасының ұлттық валютаға еркін айырбасталу мүмкіншілігі
д) ұлттық валюта бағамының еркін қалыптасу мүмкіндігі
495. Импорт және экспортқа тікелей шектеу қою, салық салу, субсидия беру арқылы сыртқы сауда көлемін мемлекеттік реттеумен байланысты бюджет салық саясатының бағыты қалай аталады?
а) қаржы саясаты
б) ақша саясаты
в) фискалдық саясат
+г) сауда саясаты
д) сыртқы саясат
Дата добавления: 2014-12-20; просмотров: 257 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |