Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдік-профилактикалық шаралар.

Читайте также:
  1. Техникалық шаралар.

Медициналық қараулар. Улы қосылыстармен жұмыс істейтіндердің жұмыс жағдайын жүйелі түрде бақылау – кәсіптік созылмалы уланулар мен аурулардың профилактикасында маңызды звено болып табылады. Қазіргі кезде жұмысқа орналасқан кезде міндетті және көптеген химиялық заттармен жұмыс істеген кезде жүйелі медициналық қараулар қабылданған. Улы заттардың, өндірістердің және кәсіптердің сәйкес тізімдері ҚР ДСМ-мен реттелген (№243 бұйрық, 12.03.04). Бұл тізімдерде олардың ықпалы таралатын химиялық заттар, өндірістер және кәсіптер тізімі, жүйелі медициналық қараулардың мерзімдері, оларға қатысатын мамандар және қажетті зертханалық зерттеулер тізімі, сонымен қатар бұл жұмысқа алу және оны жалғастыруға қарсы көрсеткіштер берілген.

Жүйелі медициналық қарауларды жүргізудің басты міндеті – созылмалы улану немесе ауру белгілерін ерте анықтау. Жүйелі медициналық бақылау профилактикасына, ерте диагностикасына және терапиясына жағдай жасап, кәсіптік уланулар мен аурулардың симптпомдарын анықтауға және нақтылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге едәір контингенттер денсаулығын жүйелі бақылау жұмыс аймағының ауасындағы улы заттардың концентрацияларын салыстырған кезде ШРЕК дұрыстығын және оны түзету қажеттілігін бағалауға мүмкіндік береді.

Жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі ережелеріне, улы заттармен жұмыс істеу тәртіптеріне үйрету, өмірге қауіпті қондырғылар мен процестерді тиісті ескерту жазуларымен, нұсқауларымен қамтамасыз ету профилактикалық шаралардың маңыздыларының бірі болып табылады.

Емдік-профилактикалық тамақтану. Кәсіптік уланулар мен аурулардың жеке профилактикасына химиялық өнеркәсіп жұмысшыларының белгілі бір топтарының ұтымды тамақтануы болып табылады.

Емдік-профилактикалық тамақтану организмнің төзімділігін, удың әсерінен пайда болған бұзылыстарға қарсы тұру қабілеттілігін жоғарлатады. Сонымен қатар ол жеке химиялық заттарға антитоксикалық әсер көрсетіп, олардың жиналуына кедергі жасап, шығарылуына мүмкіндік жасау керек.

Тамақтанудың көмірсулық сипаты бауырдағы гликогеннің құрамын жоғарлатып, оның барьерлік функцияларын, организмнің фосфор, хлороформ, циан қосылыстарына төзімділігін арттырады. Бірақ бұл рацион уланулармен күресудің әмбебап құралы болып табылмайды.

Тағам құрамындағы, зат алмасуға белсенді қатысатын минералды заттардың бірі болып, көптеген ағымына әсер ететін фактор ретінде кальций табылады. Оның рационда жетіспеушілігі организмнің көптеген уларға, әсіресе фторидтерге және майлар қатарының хлор алмасқан көмірсутегілеріне қарсы тұруын төмендетеді. Керісінше, тағамда кальцийдің жоғары мөлшері бұл интоксикациялар ағымын едәуір жеңілдетеді.

Темір препараттарын қолдану күкіртті және цианистый натриймен, сонымен қатар қанға әсер ететін кейбір улармен улану ағымын жеңілдетеді.

С витамині қорғасынның аз ерігіш қосылыстарын тез ерігіш қосылыс-тарына айналдырады. Аскорбин қышқылының, әсіресе кальций аскорбаты-ның зиянсыздандырғыш әсері бензолмен, фосформен, мышьякпен улану ке-зінде дәлелденген; организмнің гексахлорциклогексанға, тиофосқа, окта-метилге, күкірт көмірсутекке, фосгенге және т.б. уларға төзімділігін жоғарлатады.

В тобының витаминдері хлор алмасқан көмірсутектермен, плавик қышқылының тұздарымен, бензолмен, сынаппен, қорғасынмен, фтормен, күкіртсутекпен уланулардың ағымын жеңілдетеді. К витамині хлор алмасқан көмірсутектермен, бензолмен, сынаппен, қорғасынмен интоксикацияның ағымына әсер етеді; Р витамині кремний құрамдас шаңдардың әсері кезіндегі капилярлардың жоғарлаған өткізгіштігін төмендетеді. Д витамині кадмий интоксикациясы кезіндегі сүйек зақымдалуларын алдын алады.

Өнеркәсіптік улардың белгілі бір топтармен жанасатын жұмысшыларға ҚР Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау Министрінің «Об утверждении норм выдачи молока, рационов лечебно-профилактического питания работникам за счет средств работодателя» Бұйрығы №170-п 29.06.05 қосымша емдік-профилактикалық тегін тамақтану ескерілген.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 252 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.015 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав