Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Неркәсіптік токсикологияның міндеттері

Читайте также:
  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері
  2. Паразитология пәні, міндеттері маңызы.
  3. Типологиялық әдiсiнiң мақсат және міндеттері
  4. Улардың сенсибилизациялық әсерін зерттеу токсикологияның қандай әдістері қамтиды?
  5. Халыќтыѕ саяси ґмірге немќўрайды, селќос ќарауы, сайлаушылардыѕ сайлаудан бас тартып, азаматтыќ міндеттерін орындамауы

1. Жаңа өнеркәсіптік заттарға токсикологиялық баға беру және гигиеналық реттеу - ШРЕК-ны бекіту. Қазіргі уақытта жұмыс аймағы ауасындағы 800-ден астам химиялық заттарға ШРЕК бекітілді. Бұл нормалар өнеркәсіптік өндірістерді жобалауда басты дерек болып саналса, өнеркәсіпте санитарлық дәрігер үшін ағымды санитарлық қадағалауда заңды негіз болып есептелінеді. Біздің елімізде гигиеналық реттеу мақсатымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулер принципі бір жүйеге келтірілген, оған сәйкес эксперимент – бұл тек бір ғана заттың әсерін зерттеуге мүмкіндік тудыратын өндірістік жағдайдың үлгісі болып табылады.

2. Өндірістік жағдайларда организмге бірнеше химиялық және физикалық факторлардың әсер етуі – қосарланып әсер ету орын алады. Осыған байланысты өнеркәсіптік токсикологияның келесі міндеті туындайды ол: өндірістік ортаның бірнеше факторларының сонымен қатар бірнеше уытты заттардың организмге қосар әсерін реттеу.

3. Удың әсер ету механизмін, интоксикация патогенезін, удың организмге сіңірілуін (түсуін), таралуын, өзгерістерге ұшырауын және организмнен шығарылуын токсикологиялық зерттеу. Бұл мамандарды медициналық тексерулерді дұрыс жүргізіп, интоксикация белгілерін ерте анықтауға, емдеу және профилактикалық шараларды тиімді де сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

4. Өнеркәсіптік заттардың әртүрлі мүшелер мен жүйелерге тигізетін арнайы әсерлерін зерттеу. Мұндай арнайы әсерлерге сенсибилизациялық (Ni,Cr,Be), бластомогендік әсерлер және ұрпақ көбейту қызметіне әсер ету жатады. Соңғысына гонадотропты және мутагенді әсерлер кіреді.

5. Кешенді әсерлердің теориялық мәселелерін шешіп, тәжірибе жүзінде, адамға тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақыттарда әсерін тигізетін, қоршаған ортадағы зиянды заттардың шектеулі көлемін гигиеналық реттеуді енгізу.

6. Өнеркәсіптік токсикологияда әр түрдің уларға сезімталдығы айырмашылықтарына ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан, эксперимент жүзінде алынған нәтижелерді адамдарға бейімдеу, яғни экстраполяцияның ғылыми негіздерін әзірлеу аса маңызды мәселе болып табылады.

Адам организмінің әртүрлі химиялық агенттер әсеріне реакциясы, жануарларға жасалған эксперименттерден алынған көрсеткіштерден сапалық, күш жағынан айырмашылықта болуы мүмкін. Заттардың уыттылық көрсеткіштері тек қана удың қасиетіне байланысты емес. Сонымен қатар адамдардың жыныстық ерекшеліктеріне және жеке бас сезімталдығына байланысты. Сонымен қатар уға сезімталдықтың түрлік ерешеліктерінің маңызы өте зор.

Химиялық заттардың эмбриотроптық, мутагендік және концерагендік әсерлерін адамдарға экстраполяциялау ең аз зерттелген сұрақ болып қалуда. Сондықтан ШРЕК жануарларға жасалған эксперименталды зерттеулер негізінде бекітілген. ШРЕК екі кезеңде анықталып бекітіледі. Бірінші кезең лабораторияда жануарларға эксперимент өткізу – клиникалық – гигиеналық кезең. Екінші кезең өндірістегі жұмысшылар мен олардың ұрпақтарының денсаулық көрсеткіштерін еңбек жағдайымен, демек жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттар концентрацияларынын әсерімен байланыстылығын анықтау.

Өнеркәсіптік токсикология алдындағы практикалық тапсырмалардың шешілуі теориялық зерттеулердің кеңейтілуін, бар деректерді тұжырымдауды, жасалынатын эксперименттерді жеңіл тұжырымдалатын және жасалынған қортындыларды тексере алу мүмкіндігін тудыратындай формада өткізуді талап етеді.

Теориялық сұрақтардың ішінен химиялық зиянды факторларға икемделу процесін әрі қарай зерттеу мен кумуляция мен икемделу (адаптация) арасындағы қатынас сұрақтары ерекше орын алады. Өнеркәсіптік органикалық заттардың физико-химиялық қасиеттері мен олардың уыттылығы арасындағы байланыстарды анықтау да өнеркәсіптік токсикологияның алдындағы маңызды сұрақ болып табылады. Химиялық заттардың организмге түсуі мен шығарылуын анықтайтын негізгі заңдылықтар айқындалады. Алынған теориялық деректер жаңа заттардың уыттылығын болжаудың және токсикологиялық баға беруді тездететін есептеу әдістерін ойластырудың ғылыми негізі болып септігін тигізді.

Токсикологиялық баға беруді тездететін есептеу әдістері эксперименттерді қою көлемін шектеуді және шамамен қауіпсіз әсері деңгейін (ШҚӘД) болжайды.

Сонымен, өнеркәсіптік токсикология, физиология, биохимия, кәсіптік патология, онкология, иммунология, генетика, химия, математика сияқты көптеген ғылымдар саласынан білім мен зерттеу әдістерін игеруді талап ететін көптеген проблемелардың шешімін табады. Аталған ғылымдар төңірегінде методикалық тәсілдерді жетілдіру өнеркәсіптік токсикологияны байыта отырып, удың мүшелік, жүйелік, клеткалық, субклеткалық дәне молекулалық деңгейдегі күрделі механизмдерін айқындауға мүмкіндік тудырады.




Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 208 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав