Читайте также: |
|
1. Технологиялық процестерді автоматтау және механизациялау
2. Алыстан басқаруды ұйымдастыру.
3. Зиянды өндірістік процестерді (заттарды) зияндылығы аз заттарға
ауыстыру.
4. Технологиялық процестердің тұйық циклдерін орнату.
5. I және II қауіп класқа жататын химиялық заттармен жұмысты роботтау.
Санитарлық-техникалық шаралар. Ауа ортасы процестердің үздіксіздігінің бұзылысы кезінде, жұмыс жүктемесі артық болса ластанады. Сондықтан химиялық заттардың зиянды әсерінің профилактикасында ұтымды жасанды желдету маңызды орын алады. Желдетуші құрылғылар бөлінетін газ, бу, шаң түзілу уақыты мен орнында жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың шектеліп рұқсат етілген концентрацияларын сақтай отырып, шығарылуын қамтамасыз ету керек.
Қазіргі кезде өндірістің көптеген процестерінің және аппаратураларының толығымен тұмшаланбағандықтан, ауа ортасы бірқатар жағдайларда улы заттармен ластанады. Кәсіптік уланулар және аурулармен күресуде зиянды процестерді оңашалау және өндірістік бөлмежайларды ұтымды жоспарлау мәселелері шешілуі керек.
Аса зиянды операциялар мен технологиялық процестер ортақ өндірістік жайлардан (реакторлар, насостар, компрессорлар т.б.) оқшаулануы тиіс. Жұмыс жайларының ішкі өңделудің үлкен маңызы бар. Қабырғалардың, едендердің, төбенің жабу материалдарын таңдаған кезде ғимарат қорабының химиялық заттарды сорбция және кейінгі десорбция мүмкіндігін ескеру керек.
Сондықтан ішкі жабу және өндірістік жайларды өңдеу материалдарын таңдаған кезде сынап-күкірт және т.б. жұмыс істегенде құрылыс материалдарын қорғайтын жабындыларды (полихлорвинил, пластик т.б., сонымен қатар сорбция процесіне кедергі болатын химиялық қоспаларды) пайдалану керек. Құрылыстау кезінде өте улы заттар өндірісінде едендерді, қабырғаларды және төбені жуу және дегазациялау үшін құрылғылар ескерілуі тиіс.
Санитарлық-гигиеналық шаралар. Санитарлық-гигиеналық шаралардың ішінен жұмысшылардың еңбегі мен демалысын дұрыс ұйымдастырудың зор маңызы бар. Кумуляцияға қабілетті заттармен жұмыс істегенде таза ауада табиғи және климаттық жағдайларды және витаминдерге бай тамақтануды ескеріп, демалысты ұйымдастыру үлкен мәнге ие.
Зияндылық бойынша компенсациялау кең тараған. Оған жататыны: жұмыс күнін қысқарту, қосымша демалыстар, арнайы тамақтану және ерте зейнетке жіберу. Бұлар ауа ортасын және еңбек жағдайын сауықтандыруда қосымша ретінде қолданылады.
Сұйық және себілетін денелерді тасымалдауды механизациялауды, тиеу және төгу операцияларын автоматтауды, жұмысшылардың улы заттармен тікелей қатынасын болдырмауды, ұтымды және қауіпсіз жабдықтарды пайдалануды, улы заттарды улы емес немесе улылығы аз заттармен ауыстыруды енгізу керек.
Өндірістік улануларды төмендетуде нәтижелі лактар мен бояулар құрамындағы бензол, дихлорэтан, төртхлорлы көміртегі сияқты улы заттарды қолдануын шектеу болып табылады.
Жеке қорғаныс құралдары. Жұмысшылардың тыныс алу мүшелері мен терісі арқылы енетін өнеркәсіптік улардың тікелей әсері әлі де қауіпті болып саналады. Бұл жағдайларда жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек. Тыныс алу мүшелерін қорғау үшін әр түрлі жүйедегі газқағарлар мен респираторлар бар: сүзгіш газқағарлар - бөлек улар мен олардың қоспаларынан қорғайды, ауада оттегі жеткілікті болғанда қолданылады; оқшаулағыш газқағарлар – оттегі жеткіліксіз болғанда немесе зиянды бу мен газдың өте жоғары концентрациялары кезінде (апаттық жағдайларда) қолданылады.
Теріні қорғаудың маңызы үлкен, себебі оның аурулары (дерматиттер, экземалар) кейбір өндірістерде барлық кәсіптік аурулардың негізгі құрамдас бөлігін алады.
Қолдың терісін қорғау үшін қолғаптардан, арнайы киімнен басқа биологиялық қолғаптар типіндегі гидрофобты, гидрофильді қорғаныс майлары, химиялық дезактивациялау заттары, ластарды жуатын бірқатар заттар қолданылады.
Химиялық заттардың зиянды әсерінен көзді қорғау үшін әр түрлі көзілдіріктерді, сонымен қатар қорғаныс экрандарды қолданады.
Жеке қорғаныс құралдарымен бірге ластанған теріден химиялық ластарды жоюын қамтамасыз ететін өндірістік жайларды жабдықтау керек.
Дата добавления: 2015-02-22; просмотров: 153 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |