Интернатура - медициналық жоғары білім беретін оқу орындарында студенттерді нақты мамандандыққа дайындаудың екі жылдық түрі болып табылады. Интернатурада оқытудың басты мақсаты денсаулық сақтау мекемелері мен жеке тәжірибеге арналған мамандарды даярлау болады. Еліміздегі фармациялық өндірістің тұрақтануы және дүниежүзілік фармациялық өндірістің жақсы дамуы шарттарында, халықтың сапалы медициналық көмекке қажеттілік және дәрілік заттарды ұтымды қолдану және пайдалану сұрақтары ерекше медико- әлеуметтік маңызға ие. Бұл мәселені шешудің маңызды аспектілерінің бірі мамандарды рационалды медицина қағидаларына сай дәрілік заттарды дұрыс таңдау жүргізуге және оларды ревмотология жүйе мүшесі ауруларында ұтымды қолдануды бағалауға үйрету болып табылады.
Пәннің мақсаты: Пәнді оқу соңында «Ішкі аурулар» бағытындағы дәрігер - интерндерді тәжірибелік қызметінде дәлелді медицина тұрғысынан ревмотология жүйе мүшесі ауруларының дұрыс дәрілік емін клиникалық және экономикалық тиімділікті ескере отырып, нақты клиникалық жағдайда және полиморбидтікті ескере отырып, ішкі ауруларда дәрілік заттарды ұтымды қолдануды дәлелді медицина қағидалары негіздеріне сай талдау жүргізе білуге үйрету
Пәннің міндеттері:
Білім алушы міндетті:
клиникалық фармакологияның негізгі терминологиясын, түсініктерін және қағидаларын теңестіре білуі керек; дәрілік формулярдың, емдеу стандарттарының (клиникалық хаттамалар, клиникалық нұсқаулардың) анықтамасын, құрылымын, құрамын және тағайындалуын қысқаша айта алуы керек; дәлелді медицинаның мәліметтер базасын көрсетіп және медициналық ақпаратты іздестіру алгоритмін қысқаша айта алуы керек; дәрілік заттардың жағымсыз кері әсерлерінің классификациясын, оларды анықтау әдістері мен алдын-алу түрлерін білуі керек.
полиморбидтілікті ескеріп, ревмотология жүйе фармакотерапиясында дәрілік заттардың ұтымды таңдауын өткізуін түсіндіріп беруі керек; фармакобақылаудың негізгі қағидаларын түсіндіру.
клинико-фармакологиялық анамнез жинауды; белгілі бір науқастағы физиологиялық және (немесе) патологиялық профилі, дәрілерге жеке сезімталдығы, олардың өзара әсерлесулері мен қарсы көрсеткіштері, препараттың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық параметрлерін клиникалық диагнозға сай ескере отырып тиімді, қауіпсіз және қол жетімді дәрілік заттарды таңдай білуі керек; клиникалық фармакология мен ұтымды фармакотерапия сұрақтарына дәлелді медицинаның ақпаратты жүйелерін қолдана отырып жауап іздестіре алуы керек; дәрілік заттардың қолайсыз жанама реакцияларын болжау және анықтау және емдеуді, дәрілік заттардың кері әсерінің мониторингін жүргізе алуы керек.
· дәрілік заттардыңжағымсыз керіреакцияларының даму қаупін бағалау; тәжірибедегі науқастардың ішкі ауруларының клинико-фармакологиялық сараптамасы негізінде медикаментозды емнің сапасы жайлы қорытынды жасай білуі керек.
медикаментозды ем жүргізгенде пациенттің дәрігерге келісімі мен емделуге ыңғайлығын арттыруды жоғарылатуға арналған шараларды жүргізе алуы керек.
а ры қарайішкі аурулартәжірибеде ұтымды фармакотерапияның негізгі қағидаларын қолдана алуы керек.
lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.)
Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав