Читайте также:
|
|
Пренаталды патологияны анықтау үшін және тұқым қуалайтын және іштен біткен аурулардың алдын алу үшін жүкті әйелді 3 этапта тексеру қажет:
Жүкті әйелді тексерудің бірінші этапы:
· УДЗ-диагностикамен жүктілік мерзімін нақтылау
· Ұрықтағы дөрекі аномалиялар мен хромосомды патологияның бар екендігін көрсететін стигмаларды анықтау
· Әйелдің қан тобы мен резус-факторын анықтау
· Әйелдің В және С вирусты гепатитін, токсоплазмозды, мерезді, ЦМВ, ВИЧ-ті жұқтырғандығын анықтау
· Хромосомдық және гендік аурулары бар бала туудың жоғары қаупі бар жүкті әйелдер медико-генетикалық кеңеске жіберіледі.
Медициналық генетиктің кеңесі үшін көрсеткіштер:
· Жүкті әйелдің жасының 35 жастан үлкен болуы
· Алдыңғы жүктіліктен балалардағы хромосомдық аурулардың болуы
· Ата-анасының біреуіндегі анықталған хромосомдық аномалиялар
· Жанұя мүшесінің біреуіндегі, анасы немесе әкесіндегі Даун ауруы
· Көп (3 және одан көп) спонтанды түсіктер, өлі туылу
· Алдыңғы баладағы көптеген даму ақаулары.
Ұрықтың жағдайын бағалаудың негізгі әдістері
1. Тура емес әдістер (акушерлік-гинекологиялық, медико-генетикалық, бактериологиялық, биохимиялық).
2. Прямые методы (ұрықты тексеру)
· Инвазивті емес (УДЗ, сканирлеу)
· Инвазивті (хорионбиопсия, плацентобиопсия, амниоцентез, ми тінінің биопсиясы)
Перинаталдық технологиялар облысындағы БДҰ-ң жалпы негізгі ұсыныстарына
жатады (1985):
ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ /БДҰ/ЮНИСЕФ/
4. Иллюстративті: Power Point форматында электронды тасымалдаушылардағы көрсетілімдер.
5. Әдебиет:
Негізгі:
1. Шабалов Н.П. – Учебник. Детские болезни, І том Питер, 2008
2. Неонатология. Шабалов Н.П.,М., 2006
3. Программы ВОЗ и ЮНИСЕФ по снижению заболеваемости и смертности детей
4. Программа ВОЗ по естественному вскармливани.
Қосымша:
1. Геппе Н.А. – Педиатрия; Учебник + CD, -М., 2009, 352 с
2. Педиатрия: Болезни плода и новорожденного, врожденные нарушения обмена веществ. Берман Р.,Воган В.К., М.,1995
6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Педиатрияның дамуындағы негізгі бағыттар
2. Педиатриялық негізгі емдеу-алдын алу мекемелері:
3. Антенаталды патологияның этиопатогенезі
4. Жүкті әйелді тексерудің этаптары:
5. Ұрықтың жағдайын бағалаудың әдістері
6. Балаларды табиғи тамақтандырудың негізгі принциптері.
1. №2 тақырып: Құрсақ ішілік инфекциялар (ҚІИ)
2. Мақсаты:
· ҚІИ-ң этиопатогенезі, клиникасы мен диагностикасының ерекшеліктері сұрақтары бойынша білім қалыптастыру
· ҚІИ-ң емдеу және алдын алу принциптерін ұғындыру.
3. Дәрістің тезистері:
Жүктілік кезінде немесе туыт жолдарынан өту кезінде жұқтырған жұқпалы аурулар құрсақ ішілік инфекциялар (ҚІИ) деп аталады.
ҚІИ-ң таралуы туралы дәйекті мәліметтер жоқ. Көптеген авторлар туылған 1000 баланың 5-де ҚІИ бар деп көрсетеді. БДҰ сарапшыларының мәліметтері бойынша (1984) нәрестелердің 1,5%-ы ЦМВ, 3% - хламидия, 0,3% - жай герпес вирусын жұқтырған. Перинаталдық өлім себептерінің құрылымында ҚІИ даму ақаулары, тыныс бұзылыстары синдромы, асфиксиялардан кейінгі 2-3 орынды алады. ҚІИ 10-26% жағдайда 2 айға дейінгі балалардың өлімінің басты себебі болып отыр.
ҚІИ бұрыннан белгілі. 9 ғасырдың өзінде-ақ арабтар іштен біткен қара шешек туралы жазады, 12 ғасырда ұрықтың қызылша мен герпес вирустарымен құрсақ ішінде зақымдалатыны айтылады.
Қоздырғыштың ұрыққа ену жолдары:
1. Аналық жасуша мен сперматозоидтың зақымдалуы
2. Гематогендік (трансплацентарлы)
3. Инфицирленген ұрық маңы суы:
Ø Ішке (ас қорыту жолы, өкпе)
Ø Сыртқа (тері, кілегей қабық)
Ұрық маңы суы мына жағдайда инфицирленеді:
Ø Өрлеуші жолмен (қынап)
Ø Төмендеуші жолмен (жатыр түтіктері)
Ø Трансмембранды
Ø Тікелей ұрықтың өзімен – гематогенді жолмен инфицирленген және зәр мен нәжіс арқылы қоздырғышты бөлуі.
Бала үшін қоздырғыш көзі ретінде анасының зәр-жыныс жолдарының инфекциясының маңызы зор.
Бірақ науқас анадан туылған нәрестелердің барлығы инфекцияны жұқтырмайды.
Жүктілік пен босану қалыпты өткен жағдайда ұрықтың плацентарлық тосқауыл, ұрық қабықшасы, плацента арқылы өтетін анасының IgG классының антиденелері және өзінің қорғаныс механизмдері түріндегі күшті қорғаныс механизмдері болады.
Патогенезі
Эмбрион мен ұрыққа гематогенді жолмен енген қоздырғыш тіндерге шөгіп қабыну шақырады.
Қабыну реакцияларының ерекшеліктері антенаталдық өмірдің әр кезеңінде әртүрлі болады.
Эмбрионның инфицирленуінде – инфекцияның енуіне қабыну реакциясында альтеративті компонент басым болады. Осыған байланысты жиі даму ақаулары түзіледі, бұл ақаулар негізінен өмірмен сиымсыз болады. Және де ерте түсіктерге әкеліп жатады.
Ұрықтың ерте феталды кезеңде инфицирленуінде – альтеративті компонентпен қатар пролиферативті компонент те басым болады. Бұл шамадан тыс склероздың дамуына әкеледі.
Ұрықтың кеш феталды кезеңде инфицирленуінде – альтеративті, пролиферативті және тамырлық компоненттер болады. Ұрық құрсақ ішінде оның өлуіне немесе шала туылуына әкелетін инфекцияға шалдығады.
Ұрықтың инфицирленуі неғұрлым ерте болса, оның салдары соғұрлым ауыр болады.
Балалардың 10% құрсақ ішінде инфицирленіп, олардың тек 10%-да ғана неонаталды инфекциялық ауру дамитыны жөніндегі мәліметтер бар.
ҚІИ бойынша қауіп топтары.
Оны аналарының анамнезінде келесідегідей ерекшеліктері болған нәрестелер құрайды:
1. Жүктілікке дейін жиі ауырған (ЖРВИ, дене қызуының жоғарылауы, зәр-жыныс жолдарының инфекциялары, терісіндегі түрлі патологиялар)
2. Менструалды функцияның қалыптасуындағы ауытқулар (реттілігі, ұзақтығы, ауыру сезімімен болуы)
3. Бедеулік
4. Түсіктер (ҚІИ кеш мерзімдегі түсіктер тән)
5. Мед. түсіктер
6. Қазіргі жүктілігінің ағымында асқынулар болды
7. Босану кезінде асқынулар болды
8. Плацентаны гистологиялық зерттеу барысында патология анықталды: хорионамниониттер, некроздар, қан құйылулар, тромбтар
9. Босанудан кейінгі кезеңде патологиясы болды
Нәрестеде осылардың 3-5 және одан көп болуы ҚІИ-ң реализациясының қаупі жоғары.
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 225 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |