Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аллаһтың Елшісі менің қасымда бір шайтан бар ма?, - деп сұрады.

Читайте также:
  1. Аллаһтың бар және бір екендігіне сену
  2. Аллаһтың о дүниеде мумин пенделеріне көрінуі
  3. Проклятого шайтана.
  4. Шайтан және оның кейбір өзіндік ерекшеліктері хақында

Пайғамбарымыз:

- Ия, - деп жауап қатады. Хазіреті Айша және:

Рбір адамның қасында бір шайтаннан бар ма?, – деп сұрады.

- Ия, бар,- деп жауап береді Пайғамбар. Сонда Хазіреті Айша анамыз:

- Уа, Аллаһтың Елшісі! Сізбен бірге де бір шайтан бар ма?, - деп сұрайды. Пайғамбарымыз:

Ия. Бірақ Раббым оған қарсы маған көмек берді, ол да маған тәсілім болды, (яғни мұсылман болды),- дейді, (Муслим, Мунафиқун – 11).

Шайтан адам баласын азғыру үшін түрлі айла, тәсіл жасайтындығы бәрімізге мәлім бола тұра, оның азғыруына қалай түсіп қалатынымызды сезбей де қаламыз. Шайтан адамды азғырғанда әуелі оның жағдайына қарап, өзінің айла‑тәсілдерін де соған сай қолданады. Ең алдымен, бізге ол алып бара жатқан пайдасы да артықшылығы да жоқ, яки сауабы өте аз амалдарды істеуге шақырады. Ешкім де періште емес қой демекші, адам бірте‑бірте парыз, уәжіп, сүннет амалдарына қарағанда сауабы жоқ амалдарды көбірек орындай бастайды. Енді, екінші кезекте шайтан сізге сауабы да, күнәсі де жоқ мубах амалдарды істетуге көшеді. Яғни, мұның нәтижесінде сіз киім‑кешек, маңғаздық, ішіп-жеу, ұйықтау секілді әрекеттерге көбірек мән бере бастайсыз. Үшінші кезекте жәйләп-жәйләп кіші күнәларды істеуді үйретеді. «Бұлар аса үлкен күнә емес қой иманыма пәлендей зиян келе қоймас» деген сұрпайы түсінікті санаңызға құяды да, кіші күнәларды істеуді тұрақты әдетке айналдырады. Мұның нәтижесінде, ұятты нәрселерге қарау, темекі шегу, дөрекі сөйлеу, балағаттау, біреудің затын рұқсатсыз алу секілді іс-әрекетті тартынбастан орындайтын боласыз. Адам осыларды істеп, еті үйренген соң, төртінші дәреженің кезегі келеді де, шайтан енді сізді үлкен күнәләрға жетектей жөнеледі. Соңында адам үлкен күнәләрға да әбден етін үйретіп, тіпті олардың күнә екендігін де ұмытады. Оларға күнә ретінде емес, күнделікті тірліктегі болуға тиісті қалыпты нәрселер ретінде қарайды.

Мысалы еш шімірікпестен өтірік айта салу, әңгіме барысында біреуді жамандау (ғайбаттау), біреудің сөзін екінші біреуге жеткізу (өсек), әке-шешесін тыңдамау, ұрлап кету, тәкәппарлық мінез көрсету секілді күнәларға бой алдырып, күнделікті тірлікте ол күнәларға елеусіз жол беріп жататынымыз бар. Егер бір сәт ойланып қарасақ, Құранда аталмыш күнәларға қатаң тыйым салынған. Солай бола тұра, адам күнәні әдетке айналдырып, шайтанның жетегінде кеткенін мойындай бермейді. Себебі, нәпсі тек өз дегенім болса екен дейді. Бесінші, кезекте шайтан бидғат амалдарды істетуге ауысады. Алтыншысы, Аллаһ Тағалаға қарсы келу, күпірлік, ширк секілді шектен шыққан әрекеттерге бір‑ақ жеткізеді. Сонымен шайтанның асыл мақсаты да толықтай орындалады [14]. Адам Аллаһқа серік қосқан соң, шайтан ол адамды өз еркіне қоя береді де, дін жолындағы екінші бір мұсылманды әлгіндей күнә сатыларынан жетелеп өткізуге күшін сала бастайды[15].

Дегенмен, айта кету керек, шайтанның азғыруы шын мәніндегі тақуа, ықыласты жандарға аса қауіпті емес. Себебі, Аллаһ Тағала шайтанға қияметке дейін мұрсат берген кезде: «Менің шынайы құлдарыма ықпалың жүрмейді»,- деген еді. Бұл Құранда былайша беріледі: «Қашан Құран оқысаң, қуылған шайтаннан Аллаһқа сиын. Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды. Шынында оның үстемдігі оны дос тұтып Аллаһқа серік қосушыларға ғана жүреді» ( 16.Нахыл, 98-100).

Расында, Аллаһтың жаратқан әрбір ісінде бір хикмет бар. Олай болса, шайтанның азғырушылық міндетінің де бір хикметі болары сөзсіз. Аллаһ Тағала бүкіл мақлұқат пен заттарды біз ажырата алатындай оң‑теріс, ақ‑қара етіп жаратқан. Мысалы, періштелер мақлұқат атаулының ең ұлықтары, ең пәктері болса, шайтан жамандық атаулының падишасы ретінде жаратылған. Олай болса, адам жақсы мен жаманды салыстыру арқылы нәрсенің сапасын бағамдайды. Тіршіліктегі кез‑келген әрекеттер мен құбылыстардың қайсысы пайдалы қайсысы зиян екенін анықтайды. Періште мен шайтан ұғымы да адамға бірінің қадірін бірі танытады. Ластық болмаса, тазалықтың мәнін жете ұқпаған болар едік. Сол секілді, сәт сайын азғыруын қоймайтын шайтан болмаса, құлшылықтың да айтарлықтай маңызы қалмас еді. Баршамыз періште секілді тақуа болып, біреудің ала жібін аттамас едік. Демек, біздің өмірімізге шайтанның функциясы да қажет. Көбіне сол арқылы да пенденің құлшылық деңгейін таразылауға болады. Ақыретте адамның тақуалық мәртебесін айқындауда да мұның маңызы арта түспек.




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 23 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав