Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адамдар мен періштелерді дәреже тұрғысынан салыстыру жайында

Читайте также:
  1. Жындардың муминдері адамдардың муминдерімен бірге жәннәтқа, кәпірлері кәпірлермен бірге тозаққа кіреді.
  2. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қоғамдық қатынастың модельдері
  3. Періштелердің қызметтері
  4. Періштелердің ерекшеліктері
  5. РАL, SECAM,NTSC аналогтық стандарттарын салыстыру
  6. Социология қоғам жайындағы ғылым ретінде.
  7. Ылыми теория: анықтамасы, дәрежесі, типология мағынасы, мәнін ашыңыз.

Адамдар періштелер секілді нұрдан жаратылмаған, қанаттары да жоқ, әрі олар секілді алапат күш пен жылдамдық иесі де емес. Мәселе солай бола тұра, адамдар дәреже тұрғысынан салыстырғанда, періштелерден әлдеқайда жоғары.

1. Адамдар арасынан шыққан пайғамбарлардың дәрежесі періштелердің пайғамбарларынан жоғары. Аллаһ Тағала адамдар арасынан пайғамбар шығарғаны секілді, періштелер арасынан да пайғамбарлар сайлаған: «Аллаһ періштелерден де, адамдардан да елшілер белгіледі. Шәксіз Аллаһ әр нәрсені аса естуші, тым көруші» ( 22.Хаж-75). Ислами тақырыптағы еңбектердегі деректерге жүгінсек, ғұламаларымыз төрт үлкен періштені өзге періштелердің пайғамбарлары деп бөліп қарастырады. Мұнымен қатар, Аллаһ Тағала адамдарға «Халифа» ұғымын қолданып, (қараңыз: 2.Бақара-30) періштелерден жоғары екендігін айқын білдіреді.

2. Аллаһ Тағала Адам атаны жаратқан соң бүкіл періште атаулыға оған сәжде етулерін бұйырды және күллі періште Адамға сәжде етті (2.Бақара-34). Әлбетте, бұл да адам баласының періштелерге қарағанда дәрежесінің әлдеқайда жоғары екендігін тайға таңба басқандай дәлелдеп тұр. Егер періште адамнан жоғары болғанда адамға әсте сәжде етпеген болар еді. Ал дәрежесі төменнің дәрежесі үлкенге тағзым ететіндігі бесенеден белгілі жайт.

3. Адам ата Аллаһ Тағаланың өзіне берген қабілет‑қарымы мен зеректігінің арқасында періштелерге қарағанда көп нәрсенің ақиқатына молынан қанық болатын. Себебі, Аллаһ Тағала заттардың атауын періштелерден сұрағанда олар атай алмай, Адам атаның айтып беретіні белгілі (қараңыз: 2.Бақара-31-33). Бұл да білгенмен, білмегеннің бір деңгейде емес екендігін аңғартады.

4. Періштелердің ең ұлығы Жәбірейл (а.с.) Аллаһ Тағала мен Оның пайғамбарлары арасында елшілік қызметті атқарған. Елшілікке барған кісінің өзі баратын кісіден дәрежесі жоғары болмасы белгілі. Олай болса, мұнда да пайғамбарлар, дәреже тұрғысынан алғанда, періштелерден әлдеқайда жоғары болып тұр деген сөз.

5. Періштелердің ең ұлығы Жәбірейл (а.с.) Миғраж түні Хазіреті Пайғамбарымызды көкке алып шығады да, Сидрәтул-мунтаха деген жерге келгенде Пайғамбарымызға: «Мен мына жерден ары өте алмаймын. Егер бір қадам аттасам, күл болып кетемін. Ары қарай өзің барасың», - дейді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) болса одан ары өзі көтеріліп, Аллаһ Тағаламен перде арқылы дидарласады. Адамның көтерілген жеріне періштенің жете алмауы да, соңғысының дәрежесінің төмен екендігінің бірден‑бір айғағы.

6. Ұлық періштелердің пайғамбар емес қарапайым қатардағы пенделерден дәрежесі жоғары болмақ.

7. Тақуалар мен шейіттер, ізгі амал істеуші пенделер жай қатардағы періштелерден дәреже тұрғысынан жоғары тұрады.

8. Ал сол қатардағы жай періштелердің дәрежесі – адамдар арасындағы күнәһар, кәпір, мунафиқ, фасық секілді пенделердің дәрежесінен әлдеқайда жоғары болары сөзсіз.

9. Періште Жаратушыны көріп иман еткен болса, адам Аллаһ Тағаланы көрмей иман етті. Иманның ең жоғарғысы - ғайыпқа, яғни көзге көрінбейтін нәрсеге сену. Олай болса, адам имани дәреже тұрғысынан да періштеден жоғары екендігі шүбесіз.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 29 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав