Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий

Читайте также:
  1. Глоссарий
  2. ГЛОССАРИЙ
  3. ГЛОССАРИЙ
  4. Глоссарий
  5. ГЛОССАРИЙ
  6. Глоссарий
  7. ГЛОССАРИЙ
  8. ГЛОССАРИЙ
  9. Глоссарий

 

Сот медицинасы -сот және тергеу тәжірибесіндегімедицина, биология және жаратылыстанусұрақтарын шешуші және зерттеуші медициналық ғылым.

Сот-медициналық тәжірибесі -қылмыстық және азаматтық істер материалдары, тірі тұлғалар, мәйіттер, биологиялық тұрғыдан пайда болған заттық дәлел болып табылатын сот-медициналық сараптама объектілерін зерттеу.

Соттың-медициналық сараптамасы – қылмыстық, қылмыстық-процестікжәне азаматтық-құқықтық мақсаттарды шешуге қажетті арнайы медициналық білім.

Бастапқы сараптама – нысанның алғашқы зерттеуі.

Сарапшы қортындысы толық емес немесе айқындығының жеткіліксіз жағдайында, сонымен қатар қылмыстық істің тергеу жағдайында жаңа сұрақтар пайда болғанда қосымша сараптама тағайындалады.

Сарапшы қортындысының негіздемесіне күмәндәну немесе сарапшы, не сарапшылар тұжырымдамасында қарама-қайшылық пайда болғанда қайта сараптама тағайындалады.

Мамандығы бірдей екі сарапшыдан кем емес жағдайда комиссиялық сараптама жүргізіледі.

Кешенді сараптама – істе түрлі маманды сарапшылар (мысалы, сот- медициналық сарапшы, сот химиялық, көлік техникасы бойынша сарапшы және т.б.) қатысатын сот сараптамасы.

Клиникалық өлім – демалу тынысының және жүрек қызметінің тоқталуы, барлық мүшелері мен ұлпаларына оттектің жетіспеу жағдайы.

Биологиялық өлім -дене ұлпалары мен мүшелерінде қайтымсыз өзгерістер басталу процесі өлімнің келесі кезеңі. Алдымен оттек жетіспеуіне сезімтал орталық жүйке жүйесі жоғарғы бөлімдерінде, бастың ми қабында басталады.

Мумификация – мәйіттің тез құрғау себебінен белгілі жағдайларда шіріп бастаған процесі тоқталу мүмкін. Бұл құбылыс мумификация деп аталады. Мумифмкацияға қолайлы жағдайда (ауаның құрғақтығы және жеткілікті ауа алмасу) толық құрғап кету процесі басталады.

Майбалауыз - мәйіт ылғал, балшық жерге немесе батпаққа көмген кезінде, сондай ақ су қоймаларында қалып қою жағдайларында оттек жоқтығына байланысты шіріп бастаған өлік ұлпалары мен мүшелері біртіндеп майбалауыз күйіне жетеді.

Жертезек илеу – мәйіт батпақ жерде немесе жертезек батпақта болған жағдайда батпақ ішіндегі қышқыл және танин салдарынан «жертезек илеуге» ұшырайды.

Таңба, жара – лимфалық және қан тамырларына зақым келгентерінің беткі қабатыжаралануы. Терінің барлық қабатына жетпей беткі таңба болып табылады.

Қанталау – ұру немесе қысудан тері астына немесе терең орналасқан ұлпаларына қан құйылу салдарынан тамырлар жарылуы.

Жарақат – тері қалындығының немесе шырышты қабық тұтастығын бұзып, әдетте терең орналасқан ұлпаларға өткен жарақаттану. Адам үшін негізгі үш қауіппен байланысты жарақаттар: зақым келген үстінгі қабатынан инфекция кіру мүмкіндігенен қансырау, қозғалыс және анатомиялық дене ұлпалары мен мүшелерінің зақымдануы.

Сүйек сынығы – сүйектің барлық қалыңдығының зақымдануы, әдетте іргелес ұлпалардың көлемді зақымдануымен, қансырауымен, бұлшық етпен тамырдардың жарылуыменбірге жараланады.

Кесетін құралмен зақымдану - кесетін құралдарға жайпақ өткір пышақ, ұстара жүзі жатады.Үшкір қарудан болған жара түзу сызықты, тура шеті ұшталған, басқа ұзын өлшемдерден артық, жүзді, көлденен кесуі, үңіреюімен сипатталады.

Шанышқылы құралмен зақымдану – шанышқылы құралдарға цилиндрлік немесе сан қырлы өткір ұшы бар ине, біз, шеге жатады. Үшкір қарудан болған жараның кірер тесігі кішкентай және білінер-білінбес болады.

Шабу құралмен зақымдану – шабу құралдарымен (балта, шалғы, шапқы және т.б.) ұрған күшінің көптігінен әдетте жаралау орны көлемді болады.

Кесу құралдарымен зақымдану – сот—медициналық тәжірибесінде кесу құралдарымен (ара, қол ара, циркулярлық ара) жаралану сирек кездеседі.

Ұшы жоқ құралдармен зақымдану – тыным жағдайда немесе кішкене қозғалыстағы адамға қозғалыс құралмен зақым келтіру, не қозғалмайтын затқа қозғалыстағы адам денесін соғу (мысалы, құлау кезінде)

Токсикология - у және улану туралы ғылым.

Улану – сырттан адам ағзасына түскен улы немесе қатты әсере бар зат салдарынан денсаулыққа зиян келтіру немесе өлу.

У – сырттан адам денесіне түскен зат, тіпті азғантай мөлшерінде белгілі жағдайларда адам денсаулығына зиян келтіріде және өлтіреді.

Оттегі жетіспеушілігі (гипоксия) – ағзаға немесе дене жасушаларына оттегі жетіспеу салдары болып келеді.

Странгуляциондық – асылу, шалмаға буыну, қолмен буындыру.

Обтурациондық – ауыз және мұрынның дем алу тесіктерінің жабылуы, басқа заттармен дем алу жолдарының жабылуы, суға кетуі.

Электр қуатынан зақымдану – тірі денегетехникалық (қуатты және жарықтандыру жүйесінен) және атмосфералық электр көздерінің (найзағай) әсер етуі.

Электр таңбалары – электр тоғы салдарынан өзгеше зақымдану белгісі

Өткір сауле ауруы – иондық радиациядан дененің едәуір бөлігіне қысқа мерізімде сәуле немесе ағзаға радиоактивті заттар түсу нәтижесінде, сыртқы гамма-сәулеленудің жалпы бір реттік мөлшері 200 рентген құрайтын өзіндік ауру болып табылады.

Сот психиатриясы – сыналатын адамның психикалық жағдайын анықтау және сот-тергеу ісінде пайда болатын қылмыскер немесе психикалық ауру адам заңсыз іс істеген жағдайда сот төрелігіне басты проблеманы шешуге көмек көрсету.

Шизофрения – күшейетін және шизофрениялық ақыл кемдік болуына дейін баратын түрлі психологиялық дерт белгілері бар психикалық ауру.

Эпилепсия – тамыр тартылу себебінен қалшылдаған және бұл белгісі болмайтын ұстамалы ауру(пароксизм), психоз және эпилепсиялық ақыл кемдік болуына дейін баратын адамның өзгеше өзгеруі, созылмалы психикалық ауру.

 

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 139 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав