Читайте также:
|
|
Әлеуметтік қамсыздандырудың мәні келесі функциялардан көрініс табады:
- саяси;
- экономикалық;
- әлеуметтік;
- еңбек;
- демографиялық;
- сауықтыру.
Әлеуметтік қамсыздандырудың саяси функциясы әлеуметтік тұрақты-лықты сақтаудан және халықтың әртүрлі тобының өмір деңгейінің ерекше-ліктеріне толы қоғамдағы әлеуметтік шиеліністі әлсіретуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың экономикалық функциясы жасына,
еңбекке қабілеттігінен айырылуына немесе асыраушысынан айырылуына байланысты жалақыны немесе өзге де табыстың орнын толтырудан және тұрмыс жағдайы нашар тұлғаларға көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың әлеуметтік функциясы әлеуметтік қор-ғалмаған, өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж азаматтар санаттарына оларға қосымша қаржы бөлу жолымен көмек көрсетуден көрініс табады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың еңбек функциясы әлеуметтік қамсыздан-дырудың барлық түрлері үшін қаржының қайнар көзі болып осы қоғамдағы еңбек қатынастарының табылуынан көрініс табады. Олардың даму деңгейіне әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің барлық буындары тәуелді болады.
Әлеуметтік қамсыздандырудың сауықтыру функциясы мүгедектер мен халықтың өзге де әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қоғамдық мәртебе-сін қалпына келтіру үшін қалыпты жағдайлар жасаудан көрініс табады. Бұл аталған тұлғалардың өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Әлеуметтік қамсыздандырудың демографиялық функциясы елдің халық санының көбеюін көтермелеуге бағытталған. Бұл мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажет.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәні болып азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен, өтемақылармен қамтамасыз етумен, сонымен қатар процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қызмет-тер көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар табылады. Олар мыналар-ды қамтиды:
· азаматтарды зейнетақылармен, жәрдемақылармен және өтемақылармен қамтамасыз етумен байланысты қоғамдық қатынастарды;
· заттай нысанда көмек көрсетумен байланысты қоғамдық қатынастар, яғни тегін немесе жеңілдікті бағамен берілетін нақты тауарлармен,
қызметтермен қамтамасыз ету;
· процедуралық және құқық қорғаушылық сипаттағы қоғамдық қатынас.
Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастар өз мәні бойынша әкімшілік-биліктік қатынастар болып табылады. Олардың 5 тәсілін бөліп қарастыруға болады:
- тегін, әрбір азаматтың бөлінетін, алайда мемлекет белгілеген әлеумет-тік нормативтің (стандарттың) шегінде қоғамның саналы (ұтымды) қажетті-ліктеріне және экономикалық мүмкіндіктеріне сай игіліктерге қатысты тең-дей құқықтарына негізделеді. Мысалы, отбасының жан басына шаққан табы-сына сәйкес медициналық қызмет көрсету, өтемақылар төлеу кезінде, бірақ кез келген жағдайда мұндай көмек еңбек қызметімен немесе зейнетақы жар-наларын төлеуменбайланысты болмайды;
- бұрынғы немесе ағымдағы еңбектің шығындарын, өндірістің, материал-дық қамсыздандырудың қажеттіктерін ескере отырып теңестірілмейтін, бірақ нормаланған сипаттағы;
- құнды ішінара төлеумен байланысты жеңілдетілген жағдайдағы.
Мысалы, дәрі-дәрмектерді, санаторийларға жолдамаларды жеңілдетілген бағамен сату;
- ақы үшін;
- еңбектің саны мен сапасына қарай.
Байқағанымыздай, бұл қатынастар әртекті және құқықтық реттеудің әр-түрлі әдістерін талап етеді. Қызметті ақылы түрде көрсету қағидасына негіз-делген қатынастар азаматтық құқықтың реттеу саласын қамтиды. Оларға үшінші тәсілдің ақылылыққа негізделетін қатынастары да жатады. Қатынас-тардың бесінші түрі еңбек құқығы саласына жатады. Алғашқы үш тәсілдегі қатынастар негізінен әлеуметтік қамсыздандыру құқығына жатады.
Ұзақ уақыт бойы бұл қатынастар еңбек, әкімшілік және қаржылық құ-қықтар шеңберінде дамыды. Алайда, уақыт ағымымен заңшығарушылық материалдың дамуымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының және оның ерекшеліктерінің дамуымен әлеуметтік қамсыздандыру құқығы дербес құқық саласы болып бөлініп шықты.
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың негізгі түрі болып, жоғарыда атап өткеніміздей, зейнетақы-лық қатынастар табылады. Зейнетақылық құқықтық қатынастар мыналарды
төлеумен байланысты туындайды:
· жасына байланысты зейнетақыларды;
· мүгедектігі бойынша зейнетақыларды;
· еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақыларды;
· әлеуметтік зейнетақыларды.
Жәрдемақы алуға қатысты құқықтық қатынастар мыналарды төлеумен байла-нысты туындайды:
· еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыларды;
· жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды;
· қайғылы оқиғаның немесе кәсіптік аурудың нәтижесінде қызметкер-лердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеумен байланысты жәрде-мақыларды;
· жұмыссыздарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті;
· бала туумен байланысты бір жолғы жәрдемақыны.
Өтемақы алуға қатысты құқықтық қатынастар келесідей өтемақыларды төлеумен байланысты туындайды:
· 18 жасқа дейінгі мүгедек-баланы, І-топ мүгедегін, 80 жастан асқан қартты күтуші еңбекке қабілетті азаматтарға берілетін өтемақыларды.
Заттай нысанда көмек көрсетуге қатысты құқықтық қатынастарға мына-лар негіз болады:
- тегін немесе жеңілдікпен берілетін тауарлар және көрсетілетін қызмет түрлері;
- медициналық көмек;
- дәрі-дәрмектер;
- санаторийлық-курорттық емделу;
- балаларды балалар мекемелеріне орналастыру;
- мүгедектерге берілетін көлік құралдар;
- кәсіби оқыту және қайта дайындықтан өткізу;
- өзге де жеңілдіктер.
Процедуралық сипаттағы құқықтық қатынастар келесідей заңды мәнге ие әрекеттерді жасаумен байланысты туындайды:
1. оларсыз материалдық қатынастар туындамайтын заңды фактілерді
белгілеу (мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетақыны тағайындау үшін
мүгедектік фактісін анықтау қажет, ал еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін еңбекке жарамсыздық фактісін анықтау қажет және т.б.);
2. әлеуметтік қамсыздандыруға құқықты жүзеге асыру, яғни әлеуметтік қамсыздандырудың кез келген түрін тағайындау кезінде.
Іс жүргізушіліқ сипаттағы құқықтық қатынастар осы салада туындайтын дауларды қараумен және лауазымды тұлғалардың немесе мемлекеттік орган-ның шешімін әкімшілік не сот тәртібінде шағымдаумен байланысты. Бұл дау-лар әртүрлі мәселелер бойынша туындауы мүмкін: қандай да бір әлеуметтік қамсыздандыру түрін тағайындаудан бас тартуға қатысты немесе оның мөл-шерін ақшалай нысанда анықтау кезінде, мүгедектің себептерін не тобын, жеңілдіктерге құқықтарды анықтау кезінде және т.б.
Әлеуметтік қамсыздандырудың пәнінде, негізгі, зейнетақылық қатынас-тармен қатар туынды, процедуралық қатынастарды да бөліп қарастыруға болады. Оларға Зейнетақы қорын қалыптастыруға және пайдалануға қатысты қатынастар, әртүрлі жәрдемақыларды төлеуге қатысты қатынастар, азамат-тарға медициналық және санаторийлық-курорттық көмек көрсетуге қатысты қатынастар, соғыс және еңбек ардагерлеріне мемлекеттік қайнар көздер есе-бінен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруге қатысты қатынастар жатады.
Бұл құқықтық қатынастардың барлығының жиынтығы әлеуметтік
қамсыздандырудың пәнін құрайды.
Әлеуметтік қамсыздандырудың тиісті түрлері болып мыналар табылады:
1. зейнетақылар, жәрдемақылар, өтемақылар;
2. заттай көмек көрсету;
3. процедуралық немесе іс жүргізушілік сипаттағы көмек.
Зейнетақының түрлері:
1. жасына байланысты;
2. мүгедектік бойынша;
3. еңбек сіңірген жылдары үшін;
4. асыраушысынан айырылуына байланысты;
5. әлеуметтік зейнетақылар.
Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 134 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |