Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім беру мекемелерінің имиджінің құрылымы тауардың,қызметкердің имиджі.

Читайте также:
  1. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  2. Бағалы қағаздар нарығы: мазмұны, құрылымы, экономикадағы ролі.
  3. Білім беру мекемелерінің әлеуметтік жауапкершілігі.
  4. Білім беру нарығында маркетингтік қызметті жоспарлау және бақылау.
  5. Білім беру нарығындағы ұйымдастырушылық іс-әрекеттің мәні.
  6. Білімгерлерге берілетін СӨЖ тапсырмалары.
  7. Дәлелді медицина» пәні бойынша қорытынды білімді және дағдыны бағалауға арналған бақылау сұрақтары
  8. ІХ– дәріс. Арнайы әлеуметтанулық теориялар. Білім беру әлеуметтануы
  9. Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін ²Ғылыми білімсіздік² деп атауының сырын айқындап беріңіз

Имидж – тауардың, қызмет көрсетудің, мекеменің, мемлекеттің бейнесі. Бұл ұғымның екі аспектісі бар: 1) сатып алушының өзін-өзі көруі, сатып алушының өнімді (тауарлар, қызметтер) көруі; 2) сатып алушының мекемеге қатынасы. Сонымен, фирма имиджі – бұл тек тұтынушылардың көрінісі мен жай ғана білімдер емес, сонымен бірге берілген өнімге және сол өнімді шығаратын мекемеге деген эмоционалды қатынасы.

Мекеме имиджі – бұл фирманың коммерциялық маңызды, шынайы сипаттамаларын тұтынушылардың өзі және потенциалды тұтынушылардың сана-сезімінде бейнеленуі.

Имидждің құрылуы – қоғамдық байланыс аймағында және білім беру мекемесіндегі білім беру қызметтерін тұтынушылардың дамытуына, жақсартуына, жалпы жаңартуына деген қатынасы.

Білім беру мекемелері – бұл әр түрлі әлеуметтік институттармен өзара әрекеттесетін ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе. Оның сыртқы көрінісі әр уақытта өзекті мәселе болған, бірақ қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайында ол неғұрлым анық айқындалады. Білім беру мекемесінің имиджін қалыптастыру сұрақтарымен ғылыми саланың екеуінде мамандармен зерттеледі:

1) психология саласы бойынша Пискунова Т.Н. «Білім беру мекемесінің имиджі» – бұл белгілі бір бағыттағы жалпы білім беру мекемелерінің әлеуметтік қоршаған нақты топтарына психологиялық әсер ету және мақсатты бағытталған сипаттамаларға ие болатын эмоционалды боялған сыртқы бейнесі, – деп түсіндіреді;

2) экономика саласы бойынша Измайлова Е.А. «ЖОО имиджі» – бұл ЖОО-ның әр түрлі әрекеттерін (оқыту, тәрбиелеу, ғылыми, қоғамдық жақтарын) сипаттайтын мақсатты аудиторияның әр түрлі топтар көрінісі мен оларды бағалау жүйесі ретінде қарастырылады.

Кадочников Н.А. «Корпоративті имидж» – жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде корпоративті немесе ұйымдастыру имиджін анықтайды, яғни қоғамның әр түрлі топтарын ұйымдастыру бейнесі. Кез-келген мекеменің жағымды бейнесін құру бойынша негізгі ереже – білім беру мекемесінің сыртқы бейнесі тұтынушылардың санасында педагогикалық ұжыммен құрылған бейнесіне неғұрлым сәйкес келуіне талпыну керек.

Білім беру мекемесінің имиджі сол мекеменің педагогтарымен құрылады және ол шынайы жетістіктерге негізделеді, ал білім беру қызметтерін тұтынушылардың өзімен қосылатын сипаттамалар осы шынайы жетістіктерден шығу керек. Кез-келген имидждің өзіндік мекен-жайы болған дұрыс, яғни белгілі бір тұтынушылар тобының өзіне назарын аудару керек. Әрине, имидж қарапайым және түсінікті, сонымен қатар ерекше болуы керек, өйткені ол басқа фирмалар бейнесінен ерекшеленіп, жеңіл танылатындай болуы тиіс. Сонымен қатар имидждің икемді де болғаны жөн, себебі экономикалық, саяси жағдайлардың өзгеруіне және тұтынушылардың оны дұрыс қабылдауына байланысты икемделуі тиіс.

Білім беру мекемесінің кез-келген уақытта өзінің имиджін құруы үшін, оның барлық компоненттері мен оларға әсер ететін факторлардың бәрін білу керек. Әр түрлі фирма имиджі бойынша жүргізілген көптеген зерттеулер имиджді құрайтын келесідей факторлардың сипаттамасын анықтауға мүмкіндік берді:

- ұйымдастырушылар;

- орналасуы;

- кеңсе;

- баруға ыңғайлы болуы;

- телефоннан қажетті ақпараттарды алу;

- ақпараттың толықтығы;

- жарнаманың ақпараттығы;

- қызметшілердің сыртқы түрі;

- білім беру қызметтерінің кеңдігі;

- қызмет көрсету жылдамдығы;

- өнімнің (тауарлар, қызметтер) сапасына кепілдеме беру;

- міндеттерді орындау;

- жоғары білікті мамандар;

- бұрынғы клиенттердің пікірі;

- бағаның тартымдылығы;

- қызметкерлердің әдептілігі, сыпайылығы;

- филиалдарының мөлшері;

- фирмалық белгісі;

- фирма киімі;

- қамқорлық етушілік;

- қаржы сенімділігі;

- бұрынғы клиенттердің пікірін оқу;

- нарықтағы жұмыс тәжірибесі.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында Қазақстан заңдар, жарлықтар, қаулылар мен бұйрықтар қатарына «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен жолдау туралы» ҚР заңы.

Кейін «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» ҚР Заңы 1992 жылғы 4 шілдеде қабылданды, жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау нысандары мен әдістерін белгіледі, ол мемлекеттің жеке кәсіпкерлік қызметіне қол сұғуынан бас тартуды, жеке кәсіпкерлердің еркіндігін, коммерциялық құпияны қорғауды, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың жеке кәсіпкерлер құқығын бұзуға қатысты жауапкершілігін анықтады. Жеке кәсіпкерлік азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайда көруге бағытталған, азаматтардың (жеке кәсіпкерлердің) өздерінің меншіктері және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) негізінде жасалған және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан әрекет ететін және мүліктік жауапкершілік алатын бастамашы қызметі ретінде анықталды




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 203 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.102 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав