Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін ²Ғылыми білімсіздік² деп атауының сырын айқындап беріңіз

Читайте также:
  1. Lt;question> Оқиға болған жерді қарау нәтижелерін бекітетін негізгі құжатты атаңыз
  2. Lt;question> Папиллярлық өрнектердің өзінің құрылысы жағынан ең күрделі типі қандай
  3. Lt;variant>негізгі кедендік ресімдеу
  4. R Николай Кузанский
  5. R Николай Кузанский
  6. Алкоголизмнің 3*сатысына қандай негізгі клиникалық белгі тән?
  7. атерсіз және қатерлі ісіктерге жалпы сипаттама беріңіз
  8. Балалар сүт өнімдерінің технологиясы негізгі технологиялық операциялар
  9. Гераклит пен Сократтың диалектика іліміне қосқан үлестері жөнінде айтып беріңіз
  10. Дамуының негізгі кезеңдері

Николай Кузанский (1401-1464ж.ж.) жас кезінде Падуя университетінде (Италия) оқып соңынан діни қызметпен айналысады. Ол өзінің ой-өрісінде Орта ғасырлық философия мен Қайта Өрлеу заманындағы гуманистік ой-пікірді ұштастырды. ұлы ойшылдың діни еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы – ол “Ғылыми білімсіздік²,- деп аталады.

Енді сол “ғылыми білімсіздік² деген қайшылықты ұғымның мән-мағнасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз анықталмағанды анықталғанмен, белгісізді белгілімен т.с.с. салыстырамыз. Сондықтан, бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде белгілі бір пікірлер айту онша қиын емес. Ал енді шексіздікті зерттеген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әр-қашанда шектелген) ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н. Кузанскийдің ойынша,- ғылыми білімсіздікті тудырады.

Осы тұрғыдан келгенде Құдай үзілді-кесілді түрде танылмайды - өйткені, ол шексіздік, оны ешқандай шектелген бұл Дүниедегі заттармен салыстыру мүмкін емес. Егер Құдай шынайы шексіздік болатын болса, онда ол жаратқан Дүние - шексіздіктің мүмкіндігіне ғана ие, олай болса, бір көкжиектің аржағында екіншісі, одан әрі - үшіншісі т.с.с. ашылады. Сондықтан, Құдай танылмағанмен, ол жаратқан Дүниені танып бір белестен екіншісіне өтіп тереңдей беруге болады.

Бұл ойын дәлелдеу үшін Н. Кузанский шеңбердің ішіндегі көп бұрышты келтіреді. Оның бұрыштарының санын көбейткен сайын ол шеңберге ұқсай береді, ал шексіз өсірсек - шеңберге ұласады, екі жағы тең үшбұрышты да ұзарта берсек, оның екі жағы бір-біріне жақындап шексіздікке жақындаған сайын бір сызыққа айналады, яғни қарама-қарсылық-бір-біріне өтіп бірегейлікке ұласады. Олай болса, адамның шектелген ақыл-ойы шексіздікке, яғни Құдайға қарама-қарсылықтың бірлігін түсіну арқылы жақындай береді. Шектелген заттарды біз шексіздікпен байланыстырып қарауымыз керек. Ал адам оның сыртында ақыл-ой иесі болғаннан кейін өзінің санасында бүкіл болмыстағы шынайы және болуы мүмкін заттардың кейпін сақтайды. Адам, сондықтан, шығармашылыққа жаратылған пенде. Олай болса ол – адамдық Құдай (Humanus Deus).

Адам Құдайға, әсіресе, өзінің ақыл-ойы арқылы жақындайды. Ол күрделі және үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол сезім мен елестеу (Sensus), ақыл-ой (ratіo) және зерде, парасат (іntellectus). Ақыл-ой сезім мен зерденің арасындағы дәнекер. Сезіммен тығыз байланысты ақыл-ой ғылымды тудырады. Бірақ, адамның таным мүмкіндігі ол екеуімен сарқылмайды. Тіпті сезім мен ақыл-ойдың тұрпайы түрлері жануарларда да бар. Адамның басқа тіршіліктерден үзілді-кесілді айырмашылығы - ақыл-ойдың зердемен байланысында. Соңғы толығымен жануарларда жоқ. Зерде арқылы біз Дүниеденің ең терең алғашқы негіздеріне дейін жете аламыз, метафизикалық сұрақтарға жауап береміз. Зерденің “сезімдік-денелік² Дүниеге еш қатысы жоқ “Ол уақыттан да, өтпелі дүниеден де тыс, олардан абсолютті ерікті². Егер сезімдік және ақыл-ой танымы жағалай қоршаған ортаға тәуелді болса, зерде олардың бәрінен тәуелсіз, ол Құдайдың ақыл-ойына жақын, сондықтан, ол ең жалпы, тұрақты, өшпейтінді аша алады. Әрине, әр адам қанша ұлы болса да - өз заманының тұлғасы. Сондықтан Н. Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе, сенімді жоғары тұтады. Бірақ ол соқыр сенім емес, өйткені “Зерде сеніммен бағытталады, ал сенім зерде арқылы анықталады². Тек Зерде арқылы ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай барлық жерде болғаннан кейін - ол “бәрі², ал еш жерде оның тұрақтанып қалмағанынан кейін - ол “бәрінің жоқтығы². Бүкіл Ғарышты өзі ішінде қамтығаннан кейін – ол “абсолютті максимум², ал сонымен бірге ол көзге ілінер-ілінбес кішкентай да болғаннан кейін - ол “абсолюттік минимум². Абсолютті максимум мен минимумның екі ортасында көз алдымыздағы бүкіл Дүние орналасқан. Ақиқатқа жету мәселесіне келер болсақ, бұл жолда өзінің қарама-қарсылығы - жалғандықпен бірге беріледі. Ақиқат пен жалғандық күн мен түн, сәуле мен түнек сияқты. Ең жоғарыдағы жарыққа толы дүниенің өзінде қараңғылық бар, ал төменгі дүние қараңғыға толы болғанымен сәуледен толығынан құр емес. Олай болса, ең терең білімнің тайыздығы айқындала түседі. “Нағыз білетін өзінің білмейтінін біледі².

Қорыта келе, Н. Кузанский философиялық қөзқарастарының болашақ, Жаңа дәуірдегі ой-пікірге өзінің зор әсерін тигізгенін атап өтуіміз керек. Кузанскийдің пікірінше, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерініің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жжалпы алғанда материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дами өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі.

Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, “адам дегеніміз оның ақыл-ойы” – деп тұжырымдайды.Схоластикалық философиядан гуманистік идеяға толы философиялық көзқарасқа жол ашқан неміс ойшылы Николай Кузанский шын аты-жөні Николай Кребс (1401—1464 жж.) болды. Негізгі еңбектері: «Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы», «Құдайдың көріпкелдігі туралы», т.б. Кузанский пікірі бойынша, әлем қарама-карсы заттардан тұрады және олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда, материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады. Бұл ретте адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе комектеседі. Кез келген теориялар мен концепцияларды тәжірибеде дәлелдеуге, не болмаса теріске шығаруға болады. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және ол құдайдың көрінісі болып табылады. Бірақ өзінің ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, «адам дегеніміз оның ақыл-ойым», деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет.

22. Н. Кузанскидің «Құдай - барлық жерде, сонымен қатар – еш жерде» деген ойына талдау жасаңыз

Н.Кузанский неоплатонизмнің қағидаларына сүйенген. Бірақ, неоплатониктердің ойларына ортақ ұғымды тереңірек зерттеді. Бұл мінездеме ортақ нәрсені бөлуші пифагорлықтар мен элеаттарға тән еді. Осыдан ол біртұтастыққа барлық ұғым кіреді деген қорытынды шығарады. Бұл формула пантеистік және пантеистікті дамытушы Дж.Бруноның ойына ұқсас.

Н.Кузанскийдің ойынша, Құдай әлемнен тыс нәрсе емес, ол онымен бірге. Сондықтан да, «әрбірі әрбіріне» деу, Құдай барлығына, барлығы Құдай арқылы» деумен тең. Құдайды тануға ұмтылу сенімнің емес, ақыл-ойдың ілімі. Бірақ танудың мүмкіндіктері шектеулі: жоғары білімге тек математикалық деңгейдегі символикамен, жеке жетістіктермен, белсенді өмір салтымен жетуге болады. Құдайға жету мүмкін емес, ол өзін бар деп білетін, мойындайтын әлемнен табылады. Табиғат Құдайдың жаратылысы, шексіздік шексіздікпен, бірлік көпшілікпен, ал мәңгілік уақытпен ұштасады.

Шексіз әлем туралы тезис астрономияға қайта жаңғыру әкелді. Егер геометрия мен философияда шексіздік ұғымы білімімізді соңғы қатынасқа шамаласа, астрономияда бұл жаңа өлшем шекті қатынастарды байланыстырады. Шынымен де әлемдегі өлшемдердің нақты өлшемі шексіз десек, оларда ортақ нүкте болуы мүмкін емес.

Кузанскийдің тұжырымдамалары әлемнің орталығы туралы ескі пікірлерді және философиялық категориялардың арасындағы балансты түзуге көмектеседі. Платон мен Аристотель ғана емес, Птолемей мен Архимед ұстанған ғарыштық бейнені бұл тұжырымдама жарып шықты. Антикалық ғылым және философия үшін ғарыш өте үлкен, бірақ соңғы жаратылыс болып табылады. Ал дененің шексіздігінің белгісі – оның орталығын білудің соңғы мүмкіндігі, яғни «басы» мен «соңы». Кузанскийдің ойынша, ғарыштың орталығы және айналасы – Құдай, сондықтан да әлем шексіз болмаса да, оны шекті деп ойлауға болмайды.

 

 

23. Н. Макиавеллидің саясат пен мораль жөніндегі ойларына талдау жасаңыз

Макиавелли Никколо (3.5.1469, Флоренция — 22.6.1527, сонда) — флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі. Оның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке жету және реттеу. Сондықтан, Макиавелли бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет. Макиавелли мемлекетті (оның нысанына қарамастан) үкімет пен азаматтар арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егерде үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егерде қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды деп жазады. Макиавелли — үкіметтің қол астындағы азаматтарға әмір бере білуінің шынайы қабілеттеріне басты назар аударады. "Әмірші" кітабында және басқа да шығармаларында италиялық және басқа да мемлекеттердің тарихы мен сол заманғы тәжірибесі мысалында адамдар мен әлеуметтік топтардың құштарлықтары мен ұмтылыстары туралы тұжырымдарына негізделген бірқатар ережелер, тәжірибелік ұсынымдар бар. Макиавелли мемлекет мұраты мен оның беріктігінің негізін — жеке тұлғаның қауіпсіздігі мен меншіктерінің мызғымастығы деп санады. Жекеменшіктің мызғымастығын, сол сияқты жеке тұлғаның қауіпсіздігін Макиавелли бостандықтың игілігі деп атады, мемлекеттің мұраты мен оның беріктігінің негізі деп есептеді. Оның ілімі бойынша, бостандық игілігі республикада неғұрлым жақсы қамтамасыз етіледі. Макиавеллидің мемлекеттің пайда болуы және басқару нысандарының иірімдері туралы идеяларын қайта жаңғыртады; антикалық авторлардың ізімен аралас (монархиядан, аристократиядан және демократиядан тұратын) нысанды дұрыс біледі. Саясат пен моралды бөлуді және ол туралы ілімді бірінші болып, тек қана ХУ ғ. аяғы мен ХУ1 басында Николо Макиавелли атап көрсетті. Макивеллидің пікірінше: Мораль –мәңгілік саласы, ол олардың белгілі ережелерді өз еркіменорындау арқылы адамдардың жеке қатынастарын реттейді. Адамдар өздерінің қарым –қатынастарында игілік пен жауыздық туралы, адамгершілік өсиеттері, идеалдар туралы өз түсініктерін басшылыққа алып, идеалдың талаптарын универсалды, барлық жағдайларда дұрыс деп есептейді.

24. Жан Кальвин протестанттық этиканың негізгі құндылықтарын қалайша негіздейтіндігіне тоқталыңыз.

Кальвинизм - 16 ғ. реформацияның нәтижесінде Жан Кальвин негізін қалаған протестанттық діни ілім. Ол өмір сүрудің тақуалық принципін негіздеді. Христиан дінін жаңа өмірге сай етіп өзгертуге өзінің үлесін қосқан екінші ойшыл - ол Жан Кальвин (1509-1564ж.ж.) “Христиандық Сенімге тәлім деген еңбегінде “сенгеннің надандығы білем дегеннің өркөкіректігінен жақсы дейді. Ж. Кальвин адамның өмірінің өркөкіректігінен толығынан Құдайдың еркіне, алдын-ала болжауына тәуелді екенін айтады. Ең ақыры Иса пайғамбардың өзі барлық адамзаты үшін емес, тек қана оның кішкентай таңдалған бөлігі үшін зардап шегіп өлді. Ал, бірақ, ол ешкімге белгісіз. Ж. Кальвин Библиядағы айтылған “Шақырылғандар көп, тандалғандар - аз деген қағиданы толықтырып “тек кім таңдалды - оны ешкім білмейді деген пікірге келеді. Олай болса, әрбір адам - мен таңдалдым деп ойлауы мүмкін. Егер ол өз кәсіби еңбегінде белгілі бір жетістіктерге жетсе, онда ол оны Құдайдың мені қолдағаны деп есептеуіне болады. Ал біз ол кезде алғашқы капиталдың қорланғанын еске салсақ, Кальвиннің бұл қағидасы алғашқы іскер адамдарға өздерінің Құдай қалаған адамдар екенін сезінулеріне зор әсерін тигізді. Батыс Европадағы жаңа қалыптасып жатқан капитализмге адамгершілік бағыт берген, әсіресе, Ж. Кальвиннің аскеттік ілімі. Егер сенің істерің саған олжа әкелсе, онда сен масаттанба, тәккәппарланба, керісінше, Құдай қолдағаннан кейін, кем-тарларға көмектес, байлығынды шашпа, жаңа жұмыс орындарын аш, т.с.с..

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 68 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав