Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Білім беру нарығында маркетингтік қызметті жоспарлау және бақылау.

Читайте также:
  1. E) кішентай көлем, өз бетімен жүктелу мүмкіндігі және компьютердің мүлтіксіз жұмыс істеуіне кедергі келтіруі
  2. e) мәліметтер қорын енгізуге және көруге
  3. IIІ – дәріс. ХХ ғасырдағы және қазіргі заманғы әлеуметтанулық теориялар
  4. Lt;question> Қатынасқа түскен із қалдырушы және із қабылдап алушы беткейлердің шекарасынан тыс пайда болатын іздер қандай іздер
  5. Lt;question> Жаратылыс тану және техникалық ғылымдар криминалистиканың қай бөлімімен тығыз байланысты
  6. Lt;question> «Саусақ» және «қараймын» деген мағына беретін трасологияның тарауы криминалистикада қалай аталады
  7. Lt;variant>Жауаптылықты және жаза тартуды жеңілдетіп іс-әрекеттер жаңа заңның таратылуы
  8. VI – дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация.
  9. VІІI– дәріс. Девиация және әлеуметтік бақылау
  10. Автохтонды және антропургенді ауру “ошақтарын” сипаттаңыз.

Жоспар кез-келген қызметті бастамас бұрын жасалу тиіс. Жүйелі жоспарлау:

- Маркетингті жоспарлау 3 сатыдан тұрады: фирманың жай – күйін талдау және ортаны талдау (ахуалды талдау), мақсаттарды белгілеу және алға қойған мақсаттарды белгілеу және алға қойған міндеттерді қамтамасыз ету үшін маркетингтік құралдарды анықтау. Жоспарлау екі бөлімнен тұрады – стратегиялық жоспарлау және маркетингтік жоспарлау. Стратегиялық жоспарлау негізінен болашаққа бағдарланған. Стратегиялық жоспарлау шеңберінде негізінен келесі мәселелер шешіледі:
- нарыққа қандай өнім, қандай ассортиментте және қандай көлемде шығарады;
- өндірістік бағдарлама қандай сегментке есептелген және ол қандай әлеуетті тұтынушыларды тартуы мүмкін;
- фирманың нарықтағы үлесі мен бет – бейнесінің сандық және сапалық мақсаттары бекітіледі
- жоспарланған деңгейде өнімдерді сату үшін қажетті жағдайлар анықталады
- тауар қозғалысының қандай арналары арқылы нарық тауарлармен жабдықталады
- өткізуді ынталандыру үшін қандай құралдар пайдаланылады
- ресурстар қалай бөлінетін болады (стратегиялық жоспарға сәйкес материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары)
Кез келген кәсіпкерлік қызмет белгілі бір мақсаттарды көздейді бұл мақсаттардың жүзеге асу дәрежесін маркетингтік бақылау мүмкіндік береді.
Маркетингтік бақылау:
- біздің неге қол жеткізгіміз келеді? (жоспар): өткізу көлемін 20% көбейту, рентабельділікті – 15% - ға, аймақта белгілі болу;
- не болады (нақты іс): өткізу көлемі 10 % - ға өсті, рентабельділік 10% - ға өсті, біздің фирманы тәжірибе жүзінде ешкім білмейді.
- неге бұлай болады?: кең кең түрдегі өткізу нүктелері жеткіліксіз, өте қатаң бәсекелестік, жарнаманың қажетті құралы таңдалынбаған
- не істеу керек? өткізу нүктелерін көбейту, бәсекелестік күресті жүргізу үшін бюджеттегі қаражаттарды көбейту, басқа құралдарды пайдалану;

Бақылау – бұл пайда алуға бағытталған кәсіпорынды басқару құралы.
Жылдық жоспардың орындалуын бақылау, негізгі сандық көрсеткіштер бойынша маркетингтік қызметті бағалауды қамтамасыз етеді. Бәрінен бұрын, өткізу бойынша жоспарлардың орындалуына талдаулар жасалынады. Өткізу – маркетинг табысының классикалық көрсеткіші болып табылады.

46. Қызметтің сапасын басқаруды қамтамасыз ету. Қызметтің сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшін келесі шараларады жүргізуге болады:

1. Шын мәнісінде жоғары білім мамандарды тарту;

2. Арнайы шаралар жүйесінің көмегімен тұтынушылардың қанағаттанушылық дәрежесін қадағалау. Мысалы, қызмет сапасы өзгергіштігінің дәрежесін азайту үшін қызмет көрсету стандарттары әзірленеді.

Қызмет көрсету сапасыен анықтайтын өлшемдердің тізімі түрлі болуы керек. Мекемелік стильді әзірлеу (ұйымның атауы, тауар белгісі эәне т.б.)қызмет көрсету стандартын қалыптастырудың бастапқы кезеңі болып саналады.

47. Білім беру қызметін ұсыну үдерісі. Білім беру қызметін ұсыну үрдісі – тұтынушылардың оқу орнының тауарлары; оқу орнының оқытушы құрамымен дайындалған оқулықтармен әрі оқу құралдарымен, журналдармен, ең маңыздысы ұсынылатын білім бағдарламаларымен қамтамасыз етуді қарастырады.

48. Жарнаманың негізгі түрлері. Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamoжар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнаманың негізгі түрлері: теледидар және радио (республикалық әрі жергілікті), әр түрлі бағыттағы әрі сипаттағы баспасөз, оқу орындары туралы ақпараттар беретін арнайы әдебиет; оқу оқу орындары туралы ақпараттар әрі олардың логотиптері бар ақпараттық жаранама парақтар және т.б.

49. Бизнес-жоспар:мәні және мазмұны. Бизнес – жоспар фирманың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыратын маңызды құрал болып саналады. Ол кәсіпкерлік бастамалардың маңызды аспектілері мен сипаттарын неғұрлым толық көрсетуші және рәсімделген инвестициялық ұсыныстарды білдіруші кешенді құжат болып саналады. Бизнес-жоспардың әзірлеудің біртұтас стандарты жоқ.

Тұтастай түрдегі бизнес-жоспар несие алудың құралы болып саналады, дегенмен оның әзірлемелері басқа мақсаттарға:

1. Бизнес мақсатын анықтауға;

2. Стратегия мен тактиканы айқындауға көмек көрсетуге;

3. Қызмет нәтижелерін бағалай білу жүйесін жасауға;

4. Бизнестің мықты және осал жақтарын бағалауға қызмет етуі мүмкін.

Бизнес-жоспарды жасағанда мынадай басты мәселелге жауап беріледі:

1. Бизнес – жоспар дегеніміз не?

2. Онда не жөнінде айтылады?

3. Оның құрылымы қандай?

4. Бизнес – жоспар қалай жасақталады?

5. Ол қалай дайындалады?

6. Ол бизнеске не үшін керек?

Білім беру нарғында бизнес жоспар мекеменің тікелей негізгі жоспарларымен байланысты болады. Оқу орнындағы жұмыс жоспары- жергілікті оқу орнының маңызды нормативтік актісі болып табылады. Жергілікті оқу орнының нормативтік актісі – Қазақстан Республикасының «Білім беру заңына», мемлекеттік стандартқа және қазіргі уақыттағы педагогикалық менеджмент, педагогика және басқа да ғылымдардың жетістігіне сай келуі керек.

50. Педагог кадрлармен жұмысты талдау жұмыстары:

1. педагогикалық кадрлармен атқарылатын жұмыстарда әдістемелік жүйе неден тұрады? Біліктілікті арттыру және қайта даярлау жұмыстары мектеп жұмыстарының нәтижесіне қалай әсерін тигізеді?

2. басшы кадрлары мен педагог кадрларының біліктілік деңгейі қандай?

3. олардың өзгеру қозғалысы қандай?

4. Кімнің тәжірибесі, қандай тақырып бойынша мектепте, ауданда жалпыланады? Оның қолданылу көлемі қандай?

5. кадрларды аттестаттау қалай ұйымдастырылған? Білім үрдісі нәтижесінің жақсаруына жоғарыда аталғандардың қандай септігі тиеді?

6. шығармашылық зерттеу жұмыстарына қанша оқытушы қатысады? Олардың бұл жұмысқа қатысуы мектептің ғылыми нәтижесіне қандай әсерін тигізеді?

7. Практикады педагогикалық ғылым жетістіктерін енгізу қалай ұйымдастырылған?

8. ұжымдағы шығармашылық жағдай, мектепшілік мәдениет, педагогикалық ұжымдағы бір мақсаттарды қалыптсатыру жұмысы қалай жүргізілуде?

9. мектеп қызметкерлері еңбегінің нәтижелігі мен тиімділігі қалай ынталандырылады?

10. Педагогтарды қорғау қалай жүзеге асырылады?

11. мектептегі техниканың қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау қалай ұйымдастырылған?

51. Кәсіпкердің негізгі жауапкершілігі? Бүгінгі күндері ҚР іскерлік ортасында тұрақталған жағдай ол, кәсіпкерлердің іскерлік тәртіптілігінің жоқтығы, өзіне алған міндетті орындамаулық және ұқыпсыздығымен өзінің сөзінде тұрмауы, өзі үшін пайда табу үшін қызығуы және де басқа да тәртіпсіздің стильмен ерекшеленеді.

Мәдениетті бизнестің негізгі мақсаты, ол өзінің тұрақты тұтынушыларына қызмет көрсетуді жақсарту, сөйлесіп келіссөз жүргізуді жеңілдетіп, тез алға жылжуға мүмкіндік беретін жаңа мәдениетті бизнес қалыптасуы керек. Бизнес этикасы коммерциялық қызмет барысында кірісті көбейтуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ол тұтынушының сөзге деген жан қиярлық сенімділігін сақатауға көмектеседі. Кәсіпкерлік қызметте тұрақталған ереже бар: өзінің тұтынушыларын және қызметкерлеріне күнделікті қамқорлық жасап отырсаңыз, нарық сіз үшін де қамқорлықтв болады. Бұл жерде қызмет көрсетушілердің кәсіби беделі өте маңызды. Ондай беделге ие болу өте қиын, ол үшін көптеген жылдар кетеді, ал оны арзымайтын нәрсе үшін бір сәтте жоғалтып алуға да болады. Мысалы, уақытылы телефон соққан адамға немесе хат жазған адамға мәдениетсіздікті білдіріп уақытылы жауап қайтармай өзінің беделін жоғалтып алуға да болады. Өзінің беделі үшін сөзінің мәдениеттілігі және өзін ұстай білу, киімі кеңсенің ішкі көрінісі және басқалары да маңызды. Көп уақыт негізінде жұмыс істеуге ынтасы бар кәсіпкерлік үшін ол екі есе маңызды болып табылады.

Кәсіпкерлікке үлкен құқытық бедел берілуімен бірге шаруашылық сферасының әртүрлі салаларында жауапты міндеттер жүктелген.

Кәсіпкердің жауапкершілігі көпшілік жағдайда әкімшілік тәртіпті бұзудан басталады, ол үшін заң бойынша әкімшілік жауапкершілік қаралған.

Кәсіпкерлік әкішілік жауапкершілігі басқару сферасындағы тәртіп бұзушылығы нормативтік актілер, заңдар, Президенттің Жарлықтары, өкімен қаулылары, оның ішінде ҚР-ң әкімшілк құқық бұзушылық туралы Кодексімен реттеледі.

52. Кәсіпкерлікті реттеудің негізгі бағыттары:

1. Кәсіпкерлікті мемелекеттік реттеуде кәсіпорынды құру, кейбір кәсіпкерлік іс түрлерін лицензиялау тәртібі және осы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қаралайды. Тіркелмеген кәсіпорынынң табыстары сот арқылы өндіріліп жергілікті бюджетке беріледі.

2. Кәсіпкерлік істің қажетті жағдай оның лицензиялануы. Кейбір кәсіпкерлік іске лицензия беру тәртібі және жауапкершілігі арнайы заң актілерімен тағайындалады. Мысалы, тауар биржалары туралы заңмен лицензия беру тәртібі, жинақтау және оның күшін тоқтату тауарлық биржаларды лицензиялау Ережесімен анықталады.

3. Шаруашылық субьектілерінің монополиялық іс-әрекеттерін тежеу және ескерту мақсатында кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің құқықтық, ұйымдастыру негіздері қаралған. Оның басты органы монополияға қарсы мемлекеттік комитет органдары.

4. Мемлекеттік баға және тарифтерді реттеуі бойынша қабылданған нормативтік актілерді бұзғаны үшін мемлекеттік тәртіпті бұзған ретінде жауапты.

5. Өнімді стандарттау, сертификациялау туралы заңдарды бұлжытпай орындауға жауапты.

6. Салық туралы заңдары орындалмағаны және бұзғаны үшін кәсіпкерлік жеке жауапкершілігі бар. Ондай тәртіп бұзғандарға салық санкциясы қолданылады.

53. Инновация ұғымы мен ғылыми- техникалық жетістіктердің экономикалық тиімділігі. Инновация – бұл жаңалық, жаңа өзгеріс деген ұғымдарды білдіреді. Білім беру үрдісінде инновация оқыут мен тәрбиенің тәсілдері, түрлі мақсаты және мазмұнына, білім беру қызметтерін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Инновация экономикадағы түсімді көтеруге, оның құрылымын қайта құруды қаматамасыз етуге және нарықты бәсекелестікке қарсы тұратын әртүрлі өніммен толықтыруға көмек беретін күшті тетік болып табылады. Инновацияларды қарқынды енгізуге байланысты мәселелерді шешудк көп деңгейлі инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру аса маңызды. Оны құрау мен дамытудың мынадай қағидалары болады.

1. Шағын және орта бизнсетің технологиялық жасақталуын арттыру;

2. Өнеркәсіп кәсіпорындары, ғылыми мекемелер, ЖОО және шағын кәсіпкерлік субьектілерінің әлеуетін жалпы аймақтық инновациялық орталығына біріктіру.

Қалыптасқан жағдай маңызды жәрежеде пайда болатын жеткілікті қаржыландыру көлемінің іргелі, ғылыми, қолданбалы зерттеулерді және әзірлеулердің нәтижесін инновация негізін құрайды.

Мемлекеттің экономикалық жағдайы мен экономика өсімінің мықты көрсеткіші алдыңғы технология мен инновацияның жұмыскерлердің кәсібилігінің артуын қамтиды. Қазіргі уақытта әлем қоғамдастығы сапалы даму кезеңіне өтіп, экономиканың барлық түрлерінің тереңдетілген реформасы жүргізіліп жатыр. Коммуникация, интернет және ақпарт тес қарқынмен өндірістік салаға еніп, түбегейлі түрде экономика базасын өзгертеді. Биікке көтерілу тиімділігі, жоғары жыолдамдық пен өндіріс икемділігі – кейбір салалардағы озық ақпарттық технологиялырда, енгізудің басты көрсеткіші б.т.

54. Білім беру мекемелеріндегі инновациялық үдеріс. Б.б.мекемелерінде негізгі инновациялық үрдіс міндеттері санткерлікті, әлеуметтілікті, білім беруді технологияны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Инновациялық қызмет ұлттық инновациялық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде ұлттық инновация қабілетінің тиімсділігі мен деңгейін көтеретін, сондай-ақ технологиялардың жүйесі мен оларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін; инновациялық қызметті белсенді жүргізуге, тнновациялық технологиялық негізін жасауға, ғылыми білімді қажет ететін өнім өндірісін жолға қою септігін тигізетін механизмдерді жасақтауға белсенді араласады.

Инновациялық қызмет ғылыми білім беретін өндірістік кешеннің «ішкі» және «сыртқы» құрылымының құрамдас бөлімдерін, оқу орны мен оның серіктестіктерінің ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша инновациялық жобаларды орындауының және еншілес серіктестіктерінің механизмдерін жасау қажет.

«Ішкі» инновациялық қызметіне мыналарды жатқызуға болады: оқу орнының даму саясаты мен стратегиясын тұжырымдау және жүзеге асыру; инновациялық білім беру технологияларын тұжырымдау және енгізу; құрылымдық сипаты бар инновациялық өзгерістерді жүзеге асыру оқу орнының инновациялық білім беру саласындағы ьолық инновациялық айналымының жүзеге асуын қамтамасыз ету; және т.б.

«Сыртқы» инновациялық қызметіне; ұлттық, аймақты және салалық инновациялық жүйелердің, сондай-ақ кәсіпорындардың инновациялық жүйелерінің дамуына қатысу; елдің, аймақтың, салның жоғары мектептің, кәсіпорындардың инновациялық қабілетінің тиімділігін зерттеуге қамтамасыз ететін тетіктерді жасауға қатысу.

55. Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік нәтижеліліктің мәні. Әлеуметтік нәтижелік - бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, технка мен еңбек қауіпсіздігін жақсарту және т.б.

56. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолданудың негізгі бағыттары: Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және деке кәсіпкерлікке әкімшілік етуде енгізу жолымен мемлекеттік мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады. Яғни, аталаған қызметті орындаудағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық жағдайды қалыптастыру, мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату б.т. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолданудың негізгі бағыттары:

1. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- жеке кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;

- жеке кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын, индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымның басқа да обьектілерін құру және дамыту:

- бюджет қаражаты есебінен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу – әдістемелік, ғылыми – әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

2. Жеке кәсіпкерлік мемлекеттік қолдау және дамыту:

- мемлекеттік органдардың жаңынан жеке кәсіпкерлік проблемаларын зерделеу және оны дамыту ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі ғылыми-зерттеу институттарын құру;

- орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың данындағы сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастыру;

- жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қаржы институттарын құру;

-бизнес-инкубаторлардың және индустриялық аймақтардың қызметін ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады.

Бизнес-инкубатор – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы кезеңінде өндірістік үй-жайлар, жабдық беру, ұйымдық, құқытық, қаржылық, ақпарттық қызметтер көрсету жолымен оларды қолдау үшін құрылатын заңды тұлға;

57. Кәсіпкерлік дамытудағы іс-шаралар сипаттамасы. Кәсіпкерлікті жетілдіру экономиканың тұрақтылығы мен оның бәсекелік сипатын қалыптастыруда басты күштерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті дамыту үшін субьектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы, шаруашылық қызметінің бағытын таңдауда еріктігі, қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділіктің болуы қажет.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту мақсатында мынандай іс-шараларды жүзеге асыру қажет:

1. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті барынша қолдау;

2. Мақсатты бюджеттік қаржыландыру саясатын жүргізу;

3. Жеңілдетілген несие беру саясатын жүргізу;

4. Кәсіпкер құқығын қорғайтын орган жұмысын жандандыру;

5. Кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізу кезіндегі қиыншылықтарды жою;

6. Тексеруші органдар санын қысқарту;

7. Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету;

58. Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылаудың принциптері: Мемлекеттік бақылау – жеке кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын мемлекеттік органдардың өздерінің құзыретті шегінде бақылау жөніндегі қызметі.

Жеке кәсіпкерлікіті мемлекеттік бақылаудың негізгі принциптері:

- Заңдылық;

- Жариялық;

- Бәрінің заң және сот алдындағы теңдігі;

- Текесеру жүргізу кезеңінде жеке кәсіпкерлік субьектісі жұмыс режимінің бұзылуыан жол бермеу;

- Мемлекеттік органдар лауазымды адамдардың кәсіби біліктілігі мен құзыреттілііг;

- Лауазымды міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілетіктерін асыра пайдаланғаны үшін мемлекеттік органдар лауазымды адамдар жауаптылығы;

59. Оқу орны қызметі қаржымен материалдық – техникалық қамтамасыз етілуін талдау:




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 165 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.018 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав