Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз

Читайте также:
  1. Адам және қоғам өміріндегі философияның рөлі және мәні
  2. Азақ дүние танымының ерекшеліктері
  3. Антикалық философияның классикалық кезеңі
  4. Антикалық философияның эллинистік кезеңі
  5. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
  6. Гейзенбергтің анықсыздық принципінің ғылыми танымдағы қызметі.
  7. Дүниетанымдағы Н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсыз
  8. З.Фрейдтің адам психикасын қандай қабаттарға бөлетіндігіне тоқталыңыз
  9. оғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз
  10. Орыс философиясының ұстанымдары

Философияның әдістемелік (методологиялық) қызметі - бізді қоршаған шындықты тану әдісін жасайды. Философия - танымның ең жалпы әдістерінің және адамның шындықты игеруінің ең түпкі тәсілдері туралы ілім ретінде көрінеді.

''Таным'' — адам қызметінің қоршаған дүниені және ондағы өзін тануға бағытталған арнайы түрі. Адам таным бойынша әрекеттің екі негізгі түрін жүзеге асырады:

— қоршаған дүниені өзге ұрпақтардың танымдық қызметінің нәтижелері арқылы таниды (кітаптар оқиды, білім алады, материалдық және рухани мәдениеттің; барлық түрлерімен қауышады);

— қоршаған дүниені тікелей таниды (өзі немесе адамзат үмітін бір жаңалық ашады).

''Таным'' — білім алу және дамыту үдерісі үнемі тереңдетіліп және кеңейтіліп отыратын, нәтижесінде, жаңа білім алынатын таным объектісі мен субъектісінің әрекеттесуі. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады. Таным теориясының философиялық пән ретіндегі зерттейтіні мыналар: тұтас түрдегі танымның сипаты, оның мүмкіндіктері мен шекаралары, білім мен шынайылықтың, білім мен сенімнің, таным субъектісі мен объектісінің ара-қатынасы, ақиқат және оның өлшемдері, танымның формалары мен деңгейлері, оның тарихи, әлеуметтік-мәдени негіздері, сонымен қоса білімнің түрлі формаларының ара-қатынастары. Қазіргі философияда таным ортақ мәселелердің бірі болып табылады

 

 

46. Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсет және адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндір.

Жоғарыда айтқандай, адамның екі түрлі жаратылысы бар- ол биоәлеуметтік жан. Онда биологиялық сапа, қасиеттермен әлеуметтік сапа, қасиеттер де бар. Әлеуметтік болмыс деңгейде және әлеуметтік теория тұрғысынан адам проблемасы жеке адам және тұлға ұғымдары арасындағы қарым-қатынас проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады. Жеке адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда «жеке адам” және «тұлға” ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бірдеде формальдық логиканың ұғымының мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңын көреміз. Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам тұлға деп аталады. Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады. Мұнда адам тек жалпы және ерекше әлеуметтік қасиеттері тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ өзіндік әлеуметтік рухани сапасы жағынан да қарастырылады. Тұлғаның адамдық құрылысы аса күрделі, сондықтан оны түрліше тұлғадан қарастыруға болады. Мәселен, жалпы психология ғылымы тұлға деп түрлі психикалық процестердің адам бойындағы біртұтас біріккен, сөйтіп оның мінез-құлқына қажетті смпат беретін жиынтығын түсінеді. Тұлғаны социологиялық тұрғыдан зерттеудің бастама принципі адамның жеке басының ерекшеліктерін зерттеу емес, ол орындайтын әлеуметтік міндеттерді, іс-әрекеттерді зерттеу болуы тиіс. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттердің сипатын анықтаушы қоғамның әлеуметтік құрылымы, сол тұлға жататын әлеуметтік топ болып құрылады. Адамға тән ең жалпы белгі- оны басқа дүниеден ажыратып тұратын әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам дегеніміз ең алдымен белсенді түрде әрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект, әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі- мұның бәрі өзара іштей бірлікте болатын және іске асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары оны әлеуметтендірудің негізін құрады, ал әлеуметтендірудің негізінде адам тұлғасы қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық тәжірибені меңгерген сайын, белгілі бір қоғамдық қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан сайын тездей түседі. Әлеуметтендіру филогенезде де және онтогенезде жүзеге асады. Бұл екі процестің екуіндеде тұлға жеке адамның әлеуметтенуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жөнінде белгілі психолог А.И.Леонтьев адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады деген болатын. Әлеуметтену үздіксіз жүріп отыратын, процес болғандықтан, тұлғада үздіксіз қалыптасушы әрекет. Қалыптасуы тоқтап қалған тұлға, тоқыраушы тұлға. Жекек адам басқа біреудің ырқынан шыға алмай аған толық бағынса, өзіндік еркі болсада, тұлғаның тоқырауы болады. Бөтенің ырқына толық бойұсынған, өз ой-пікірі, дүниеге көзқарасы жоқадам тұлға болудан қалады. Тұлғаны сипатаушы аса бір сапасы – оның рухани адамгершілік мәні. Тұлғаның маңызын құратын маңызды бір құрамдас бөлігі- санасының алған бағыты, саналық деңгейіне, дүнеге көзқарасына және адамгершілік түсініктері мен жауап кершілік сезіміне байланысты тұлғалық бағдары. Тұлғаның қалыптасуы мен мінез-құлқына әлеуметтік ортаның күші әсер ететіні сөзсіз. Бірақ тұлғаның мінез құлқымен адамгершілік бағдарына адамның ішкі рухани дүниесінің тигізетін әсері де аз емес. Әркім өзінің бақытымен тағдырының жасаушысы деген сөздің айтылуы тегін емес. Адамның ақыл-парасатымен адамгерщілік ерік күші неғұрлым айцқын көрінсе, оның өмір бағдары жалпы адамдық мораль талаптарымен неғұрлым толығырақ болса, және олар адамгершілік сапаларының дамуымен нығаюына неғұрлым игі әсер етсе, оның адамдық тұлғасыда соғұрлым айқын көрініс табады. Бұл жағдайда адамның тұлғалық бейнесі рухани және ерік күшінен көрінеді. Ал ерік күші мен рухани күш, тұлғаның адамгершілігі мен адалдығы сөзінен емес, белгілі бір әлеуметтік жағдайлардағы нақты практикалық іс-әректтерінен айқын көрінеді. Олай болса, адамның тұлғалығын сипаттайтын ең маңызды факторсөз емес, нақты іс, яғни сөзбен істің табиғи бірлігі. Көптеген адамдардың сөзі мен ісінің арасындағы алшақтық, яғни сөзінің жалғандығы, оның тұлғалық қасиеттерінің төмендігінің, керек десе екіжүзділігінің көрінісі деседе болды. Өйткені, егер адам өзін тұлға санаса немесе тұлға болғысы келсе, онда ол жауапкршілікті сөз жүзінде ғана сезінбей, оны ең алдымен іс-жүзінде, мінез-құлқында көрсетуі тиіс,ал бұл көп жағдайда оңай бола бермейді. Сонымен тұлғаға еркіндік тұрғысынан мінездеме беру қажетті екені сөзсіз, өйткені еркін тұлғаны сипаттайтын бірінші қасиет. Алайда жауапкершілікті сезінбейтін еркіндік-бейбірекеттік. Сондықтан жаупкершілік сезімі тұлға үшін еркіндіктен маңызы артық болмаса кем қасиет емес, өйткені тек еркін болғаннан гөрі әрі еркін, әрі жауапты болу әлдеқайда қиын. Бұл үшін жауапкершілікті ақыл-санамен сезіну қажет.

 

  Саясат пен құқық. Құқықтық мемлекет орнатуда Қазақстан қоғамының жеткен жетістіктеріне тоқталыңыз

Мемлекет және құқық - араларында үйлесімді байланыс бар әлеуметтік институттар. Шын мәнінде, құқық жалпыға міндетті, мемлекет ресми түрде кепілдендірген ережелер, яғни, қоғамдық қатынастарды реттеушілік қызметінің жалпы сипаттағы ережелері болып табылады. Құқықтың қызметі өмірдің барлық салаларына да кеңінен таралады. Оның ережелері - қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қатынастарды реттеудің заңдық көрініс табуы. Құқықтық ережелер қоғамның мәдени дамуына сәйкес өрбиді, тарихи дәстүрлердің, өнегелік талаптарының және басқа да факторлардың ықпалына түседі. Көріп отырғанымыздай, Мемлекет пен Құқық бірдей ұғымдар емес. Егер мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болса, құқық - қоғамдық қатынастарды реттеуші - жалпы сипаттағы тәртіп ережелерінен тұрады. Сөйте тұра, Мемлекет пен Құқық - өзара тығыз байланысты қоғамдық феномендер. Оларды біршама кең әлеуметтік құбылыс - саясат біріктіреді. Мемлекет те, құқық та саяси билік жүргізудің құралы болып табылады. Сондықтан да екеуі де саяси мәнге ие. Екеуінің тығыз байланысы неден көрініс табады? Мемлекеттің құқықтан тәуелділігі құқықтың мемлекеттің қолындағы аса қажетті құралы болып табылатындығынан көрініс табады. Заңнамалық ережелерсіз мемлекет қимылдай алмайды. Дәл осы құқық ережелері арқылы үстемдік етуші әлеуметтік топтар өз еріктерін білдіре алады. Алайда, мемлекетсіз құқықтың өмір сүруі екіталай. Заңнамалық ережелер мемлекет тарапынан ұсынылады. Мемлекет пен құқықтың өзара үйлесімді байланысы азаматтық қоғамның аса маңызды элементі болып табылатын құқықтық мемлекетте барынша көрініс табады.

Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХYI — ғасырда феодализмге қатты соққы жасалды. Капиалистік қатынастар ене бастады, буржуазия мен пролетариат пайда болды. Шаруалар қозғалысы өршіді. Әлеуметтік, саяси рефолюциялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о дүниелік игілік теориясына қарсы адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси ілімдерінде адам, жеке адам мен мемлекеттің қарым-қатынасы туралы проблемалар маңызды орын ала бастады. Бұл «гуманизм» немесе Қайта өрлеу идеологиясы деп аталды. Антикалық мұраттарды пайдалану арқылы жаңа, буржуазиялық идеология жасалына бастады. Шіркеу мекемелерін сынауды алдыңғы қатарлы күштер «реформация» туы астында жүргізді. Шіркеуді демократияландыру ежелгі христианствоның талаптарына сай болды. Алайда сенімсіздік те бар еді. Езілген халықтың идеологиясы утопиялық социализм теоретиктері Т.Мюнцер, Т.Кампанелла, Т.Мор шығармаларында көрініс тапты. Утопист-социалистер мүлік ортақтастығын, жеке адамды қорғайтын ұжымдық құрылысты, мемлекетті жақтады.

Италияндық Никколо Макиавелли (1469-1527) заманының көрнекті ойшылы болды. «Государь», «История Флоренции» деген еңбектерімен діни көзқарастан қол үзіп, саясат туралы теологиялық пікірге қарсы болды. Ортағасырлық құдайлық тұжырымдаманы тарихи объективтік қажеттілік және заңдылық идеялармен немесе өзі атағандай тағдырмен байланыстырды. Адамдардың күшіне сеніп, оларды саясатпен белсенді, шығармашылықпен айналысуды нұсқайды. Дінді бұқараны идеологиялық тұрғыдан тәрбиелеу жолында пайдалану керек дейді. Сондықтан жалпы діннен қол үзе отырып, саясатты тәжірибелік ғылым ретінде негіздейді. Схоластиканы жоққа шығарады. Нақты саяси өмірдің христиан моралінің уағыздарымен еш байланысы жоқ, дейді. Саясатты тәжірибелі ғылым деп негіздеуі теология мен схлоастикаға берген соққысы еді. Ол сонымен қатар антикалық және буржуазиялық саяси ғылымды байланыстырушы буын болды. Макиавелли жаңа заман үшін саяси ғылымның негізгі теримндерінің бірі стато (мемлекет) деген сөзді енгізді. Мемлекет пен саясатты «адамның көзі» деп қарап, оның өзгеріп отыратындығын көрсетеді, халық пен аристократтардың арасындағы күрес деп қарастырады. Мемлекеттің түрінің өзгеруіне әсер ететін факторларды қарастырады.

Мемлекеттің формалары әртүрлі болады: жеке адамның билігі, аздаған адамдардың, бүкіл халықтың билігі. Аздаған адамдардың билігінде монархия, аристократия және демкоратия болып келеді. Әр түрдің орнауы күштердің арасалмағына байланысты дейді. Диалектикалық тұрғыдан түсіндіреді. Ең басты түрлері: монархия мен республика деп көрсетеді. Монарх болса да, адал болуы керектігін айтады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, князьдер берген сертін орындау арқылы емес, алдаумен, айламен әрекет жасау жолымен орасан зор істер тындырған дейді. Макиавелли монархияны тиранияға қарсы қойғанда абсолютизмді ақтау үшін жасайды. Қайткен күнде мемлекетті нығайтуды көздеген. Бөлшектенген Италияны күшейті үшін бір адамның диктатурасы, қантөгіс сөзсіз болады, уақытша өтпелі шара қажет, тек ерікті мемлекет қуатты бола алады, егер ол ортақ игілікке қызмет ететін болса дейді. Республиканы негіздеу үшін дворяндарды құрту керек дейді. Бұл оның ілімінің буржуазиялық бағытын көрсетеді. Буржуазияның мемлекеттің демократиялық формасын қалайтыны белгілі.

Бірақ Макиавеллидің демократиясы дәйекті емес. Демократиялық, аристократиялық, монархиялық элементтерді қарастырады. Ежелгі Рим осындай аралас билік түрлерін қолдану арқылы қуатты болған дейді. Макиавеллидің аралас мемлекет формалары тұжырымдамасын кейін Дж.Локк, Ш.Монтескье және басқа саясат ойшылдары қабылдады. Макиавелли – ең алдымен патриот болды. Италияны қуатты, тұтас мемлекет түрінде көруді аңсады. Бұл жолда ол елін феодализм мен шіркеудің тежеуінен алып шығып, прогресс, революциялық өзгерістер мүмкіндіктерін таба білді. Оның ілімі іс-қимылға, шығармашылыққа, бостандыққа, қайта жаңартуға шақырады. Мұның өзі саяси ойлаудағы орта ғасырлардан жаңа заманға жол салған рефолюция еді.

Қазіргі кездегі саяси ілім
XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1."Солидаризм" ілімі кең өріс алды.Оның негізін салушы француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек.
Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы дүниеге келді. "Элита" - яғни француз тілінде "ең жақсы" "іріктелген", "сұрыпталған", "таңдаулы" дегенді білдіреді. Бұл ілімнің өкілдері -Г.Моска, В.Парето.
3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан қадағалау.
4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша мемлекеттің, өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік қажет. Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен қамтамасыз ету керек.
5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан қоғамның
және әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс.
6. Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын алға тартады.
7. "Консервативтік" –мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын берген дұрыс деп санайды.

«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» (бұдан әрі қарай - Тұжырымдама) - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.

Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.

Бұл құжат Қазақстан Республикасының байырғы қазақ жерінде құрылғандығын, мемлекеттің байырғы тұрғындары және республиканың абсолютті басым бөлігін қазақтар құрайтындығын ескеріп, елде өмір сүретін өзге этникалық топтардың мемлекетқұрушы ұлттың төңірегіне топтасуының саяси, мәдени, рухани, экономикалық, т.б. негіздерін анықтауға бағытталған.

Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды.

Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдік дамуда дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, елдегі демократиялық үрдістерді тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл әрі саяси және тарихи қажеттілік.

Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындау үшін негіз болып табылады.

 




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 90 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав