Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

К. Поппердiң «фальсификация» қағидатының маңызыдылығын талдап беріңіз

Читайте также:
  1. атерсіз және қатерлі ісіктерге жалпы сипаттама беріңіз
  2. Гераклит пен Сократтың диалектика іліміне қосқан үлестері жөнінде айтып беріңіз
  3. Жанжалсыз қоғам дамымайды дегенді қалай түсінесіз. Неліктен, нақты мысал келтіре отырып, анықтама беріңіз
  4. Жаратылыстану ғылымдарының философиялық мәселелерінің ерекшелілігіне сипаттама беріңіз.
  5. Классикалық және бейклассикалық ғылымның сипаттамаларын беріңіз.
  6. Леуметтік жұмыстағы жанжал ғылым ретінде дамуына сипаттама беріңіз
  7. Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін ²Ғылыми білімсіздік² деп атауының сырын айқындап беріңіз
  8. Паразитологиялық зерттеулердің әдістемелеріне анықтама беріңіз.
  9. Ылым генезисі және даму тарихына сипаттама беріңіз.

Поппер Карл Раймунд[(28.7.1902, Вена — 1994, сонда) — ағылшын философы және социологы. Поппер оқытушылық қызметін Жаңа Зеландияда бастап, өмірінің көп бөлігін Лондонның экономика және саяси ғылым мектебінде өткізді. Негізгі еңбектері: “Ғылыми зерттеудің логикасы” (1935), “Ашық қоғам және оның жаулары” (1945, қазақ тілінде 2004), “Болжам және теріске шығару” (1963), “Объективті білім” (1972), т.б. Оның ғылыми жұмыстары негізінен фальсификация принциптері, ашық қоғам тұжырымдамасы, сондай-ақ әлеуметтік инженерияның жекелеген мәселелерін қамтиды. Поппердің іліміне сәйкес білімнің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бір-бірімен тығыз байланыста болады. Кез келген ғылыми білімге болжалдық сипат, қателесушілік тән. Ғылыми білімнің дамуы батыл болжамдар ұсынып, оларды жоққа шығарудан тұрады, сол арқылы ғылыми мәселелер шешіледі. Әлеуметтік философия саласында Поппер марксизм ілімін сынға алып, қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарын және әлеуметтік болжам мүмкіндіктерін теріске шығарды. Поппер “Ашық қоғам және оның жаулары” атты еңбегінде Платон, Гегель, Маркс идеяларын сынға алып, оларда нақтылық пен білімді жетілдіруге деген ұмтылыс жоқ деп тапты. Ақиқатқа монополия жасау әрекетіне қарсы шығып, толеранттылық (төзімділік) пен либералды позицияларын ұстанды. Поппер ашық және жабық қоғамдарды қатар қарастырады: алғашқы қоғам тұрпатына батыс демократиясын, ал екіншісіне социалисттік мемлекеттерді жатқызады. Соңғыларына тоталитарлық, яғни қоғамның индивидтен жоғары тұруы, жеке жауапсыздық, қасаң қағидашылық тән. Оның пікірінше, бұл “трайбалистік”, яғни өзінің құрылымы жағынан алғашқы қауымдық құрылыстағы тайпа тәрізді, өзін басқаларға қарама-қарсы қоятын қоғам. “Ашық қоғам” мүшелеріне рационалдық бағдар, әлеуметтік дамуды мақсатты түрде саналы басқару, мемлекеттік институттарды азаматтардың қажеттілігіне сай біртіндеп қалыптастыру тән. Поппер өзінің ұстанымын “сыншыл рационализм” деп анықтайды. Оның пікірінше, ғалымдар белгілі бір нәрсені үйрену үшін ашық және еркін рационалды пікірталасқа баруы қажет. Мұнда ғалымдар ұсынылған тұжырымды теріске шығару тәсілдерін табуға да, оппоненттің көзқарасын қолдауға да дайын болуы шарт. Поппердің еңбектері кезінде көптеген пікірталастар мен даулар туғызғанымен, қоғамдық ғылымдар дамуының бүкіл кезеңінде зор мәнге ие болды. Фальсификация - [ лат. falsificare - қолдан жасау ] - қолдан жасау; нақтылы, шынайы мәліметті жалған, өтірікпен алмастыру

 

  Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсет.

Неотомизмнің мақсаты: 1) католицизм және оның философиясының дұрыстығы мен ақиқаттығын дәлелдеу;2) католицизмді қазіргі заман жағдайына бейімдеу; 3) католицизмді мейлінше қарапайым көпшіліккежақындату. Оның өзекті принципі – сенім мен парасат (ақыл, білім) гармониясы, үйлесімі.

Неотомизмге сәйкес, ақиқатты түсінудің (оған жетудің) үш формасы бар: ғылым, философия және теология.Осылардың ішінде төменгісі – ғылым, ол құбылыстарды белгілейді және олардың арасындағы себепті –салдарлы байланыстарды анықтайды. Философия – рационалдық білімнің жоғарырақ сатысы. Заттардыңжоғарғы себептері туралы ғылым бола тұрып, философия сонымен бірге ең бірінші жоғарғы себеп туралыілім болады және осы мағынада биологиямен қабысады (жанасады).

Философияның, әсіресе ғылымның түсінуге мүмкіншіліктері шектеулі мәселелерді тек құдаи Аянмен(божественное Откровение) қабылдауға болады. Осы мағынада теология бір және сол уақытта (в одно и тоже время) адамға түсінікті рационалдық білімнің шыңы да және сенімге барабар (тепе-тең) рационалдықемес ақылдан тыс білім де болады. Міне осы ретте сенім мен білімнің гармония принципінің мәні былайашылады: сенімнің (нанымның) ақиқаттары ақылдың ақиқаттарына қайшы келе алмайды, өйткені ҚұдайАянның да, ақылдың да жасаушысы болады.

Томизмнің барлық тектік белгілерін (гносеологиялық дуализм, әлемнің иерархиялылығы, креационизм, ерікбостандығы, теодицея (Құдайды ақтау), провиденциализм және т.б.) мұраланып, неотомизм оларғаэкзистенциализм, структруализм, феноменология, герменевтикадан алынған идеялары қосты. Мұныңнәтижесінде проблемалық өрісте (проблемное поле) кейбір өзгеріс орын алды (тұлғалық тіршілік,құрылымдық талдау – «Қасиетті мәтіннің герменевтикасы» және т.б.). Мүліктік жіктелген қоғамның, неке,отбасы, жыныс, білім, мәдениет және басқа проблемаларды зерттейтін әлеуметтік дін ілімінің (социальноебогословие) дамуына үлкен көңіл бөлінеді.

 

 

  М. Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл² деген ойын қалай түсiнетіндігіңізді білдіріңіз

Мартин Хайдеггер (1889-1976) болған. Оның негізгі шығармасы «Болмыс және уақыт». Хайдеггер бойынша экзистенциализмнің адам өмірінің қайғылы жағдайын көрсетуден және оған рақымшылық жасаудан көрінеді.

Экзистенциалистің зерттеу тақырыбы мыналардан тұрады:

- адам өмірінің мәнін ашу;

- жаттану және оның сыртқа шығатын феномендерін көрсету;

- ажал феноменін ашу;

- үрей мәселесін ашу.

Осы мәселелердің барлығын жинап адам мәселесіне айналдырады. Хайдеггер ойынша, адам алдындағы өмір-ештеме. Адам алдында тек қана ажал бар. Ештеме дегеніміз - ажал. Сондай-ақ адам тіршілігінде екі қорқыныш түрі бар. Олар:

1) күнделікті қорқыныш;

2) онтологиялық қорқыныш.

Күнделікті қорқыныштың себебі күн сайын тіршілікте кездесетін материалдық қажеттіліктерден (үй жоқ, ақша жоқ, т.б.) туындайды. Ал онтологиялық қорқыныш адамның алға қойған мақсатына жете алмауынан, рухани күйзелістерден туындайды. Жалпы алғанда экзистенциализм индивидуализмді тәрбиелеудің философиялық негізі, тұлғаның шығармашылық тыныштығы, қоғам алдындағы жауапкершілігі, дұрыс әрекет жасауы.

 

М.Хайдеггердiң ойынша, “ болмыстың үйi - тiл ². Олай болса, герменевтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, оны қайта өмiрге енгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейдi.

Әрине, әр халық өз тiлi арқылы өзiнiң дұниесезiмi мен дұниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Тiлде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмiрлiк тәжiрибесi қорланады. Әсiресе, бұл қағиданы көшпендi өмiр салтын ұстаған қазақ халқының өткен тарихын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал.

М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқылы сөйлегеннен гөрi, “тiл адам арқылы сөйлейдi². Әрбiр сөздiң астарын ашсақ, онда неше-тұрлi мән-мағна жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика iсiмен айналыса алады. Аса көп халықтың сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзiк жақтары берiледi. Сондықтан, әр iрi өлеңшi - әрқашанда философ,- деп қорытады М.Хайдеггер.

 

М.Хайдеггер бойынша дүниені жақсы тану үшін не істеу керек: Болмыстыталдаукерек




Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 134 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав




lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав