Читайте также:
|
|
1 вариант) Философия екі түрлі әдіс қолданылады. Бірі диалектикалық әдіс. Ол дүние ұдайы қозғалыста, дамуда деп түсінеді. Екіншісі - метафизикалық (гр. tameta, ta physika- деген екі сөзінен құралған әдіс). Бұл бірнішіге қарам-қарсы дүниені өзгермейтін, қозғалмайтын, дамымайтын құбылыс деп түсінетін ұғым. Диалктикалық әдісті ертедегі гректерден гераклит пен Аристотель қолдаса, жаңа дәуірден Г. Гегель қолдап, ілгері дамытты. Бірақ Гегель идеалист диалектик болды. Оныі пікірінше, диалектикалық тұрғыдан дамитын – обьективтік шындық емес, тек идея, қиял, ой, Оның түйіндеуінше, обьективтік шындық дамымайды. Бұл ғылымға қайшы келетін пікір болатын К. Маркс диалектик болды. Бірақ оның диалектикасы гегель диалектикасына қарама-қарсы материалистік диалектика болды. К. Маркс бұл жөніндегі пікірін өзінің еңбегі «Капитальдың» 1 томының екінші басылуына раналған соңғы сөзінде сипаттап берді. К. Маркстың пікірінше табиғат да, қоғам да, сана да диалектиклық тұрғыда өзгерісте, дамуда болады.
2 вариант) Диалектика (гр. διαλεκτική - пікірталас, әңгімелесу өнері) - табиғаттың, адамзат қоғамының және ойлаудың қозғалысы мен дамуынын жалпы зандылықтары туралыфилософиялық ғылым, бір қасиеттен екінші қасиетке секіріс түрінде ауысуына әкелетін ішкі қарама-қайшылықтарын және қарама-қарсылықтардың күресін ашу жолымен қоғам мен табиғаттың әрқашан қозғалыста болатын және өзгеріп отыратын құбылыстарын танудық ғылыми әдісі.[1]
Диалектика ұғымын ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы - диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзқарастардың қақтығысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсіндірді. Диалектиканың нағыз атасы Эфестен шыққан Герклит болған. Ол объективті антологиялық диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйытқысы мен нәтижесі қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасапы балама "Логос" болды.
Басқару диалектикасы
Басқару диалектикасы - әлсізірегі күштірегін белгілі бір дәрежеде бақылап отыратын басқару формасы ретіндегі биліктін екі жақты сипаты.
Диалектикалық логика
Диалектикалық логика - диалектикалық материализмнің логикалық ілімі. Объективті әлемнің дамуы мен өзгеруінің бейнеленуі мен ақылға салынуының заңдары мен формалары туралы ғылым.
Диалектикалық материализм
Диалектикалық материализм - Маркс пен Энгельстің негізгі идеяларының «ғылыми философияға» айналуы. Марксизмнің бұл ғылыми ағымы Гегельдің материализмге басты назар аударуын дамудың барлық формаларының: табиғаттың, қоғам мен ойлаудың негізінде жатқан маңызды «жалпыға ортақ заң» түрінде диалектиканы (қарама-қарсылық және шешу) бекітумен біріктірді
Дата добавления: 2015-02-16; просмотров: 281 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |