Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Детте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін өндірісті жатқызамыз.

ІІІ бөлім.

Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және ұлттық кәсіпкерлікке қабілетілік шартындағы микроэкономика.

Тақырып. Кәсіпорын- микроэкономика

Обьектісі және басты субъект.

Кәсіпкерлік қызметтің теориясы және

Кәсіпорынның(фирманың) ұйымдық нысандары

 

Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарварг университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 жж) мән берді. Ол былай деп жазды: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».

Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767 – 1832 ж ж) былай деген: «Кәсіпкер- адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».

«Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650 – 1734 жж) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды.

Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.

Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бірі-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал, кәсіпкерлік –тек қана табыс әкелетін қызмет емес, ол новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.

Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнесте қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейды. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той- думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабелділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көзқараспен қарауға оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі.

Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал, егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда «кәсіпкерлік қызмет» термині қолданылады.

Кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұжымдық болуы мүмкін:

- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;

- толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;

- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің жауапкершілігі жүктеледі;

- коммандитті - аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және басқаның салынған салымымен);

- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жаупкершілік мойына алынады;

- өндірістік және тұтыну кооперативтері;

- консорциумдар;

- акционерлік қоғамдар.

 

Қазақстан Республикасының заңнамалары негізінде кәсіпорындар мемлекеттік және қазыналық болып бөлінеді. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі- оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық- толық емес шаруашылық есеп (4 параграфты қараңыз).

Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет қызмет өндірістік буынының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір- бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін.

детте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін өндірісті жатқызамыз.

Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған. Кәсіпорынның ұйымдық түрлері алдыменен меншік түрімен айқындалмақ. Олар мынандай түрде болуы мүмкін:

- жеке кәсіпорындар, азаматтар меншігіне негізделген;

- кәсіпорындар, ұжым меншігіне негізделген;




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 44 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.007 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав