Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорынның барлық табысы жалпы табыс деп аталады.

Читайте также:
  1. D)& шекті табыс шекті
  2. Барлық сағат саны: 135 с.
  3. Дәріс. Музей менеджменті туралы жалпы түсінік.
  4. Жалпы құрылымы және қызметі.
  5. ЖАЛПЫ ДЕРМАТОЛОГИЯ
  6. Жалпы және биологиялық химия кафедрасы
  7. Жалпыдан жалпыға өтудегі ойлау процесінің қызметі
  8. Интеграцияның алғы шарттарыА) барлық жауап дұрыс
  9. Кәсіпорын (фирма) табыстары және оларды бөлу.

Кәсіпорынның жалпы табысы өнімді өткеруден түскен ақшадан материалдық шығынды алып тастағанға тең. (15-4 кестені қараңыз). Жалпы табыстан әлеуметтік қажеттілікке: зейнеткерлік қор, әлеуметтік және медициналық сақатндыру қоры, тұрғындардың жұмыстылық қорына керекті нәрселер жіберіліп отырады. Жіберілу мөлшері бекітлген заңдылықтар нормасымен негізгі және қосымша жалақы сомасынан жүзеге асады.

 

№15-4 кесте

 

Шығын мен табыс құрылымы

Өткерілу көлемі
Материалдық шығындар Жалпы өнім
  Еңбек ақы пайда
Кәсіпорын шығындары (өзіндік құн) Таза табыс

 

 

Енді мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорын- мысалында пайданың бөлінуін қарастырамыз.

Пайданы бөлудің екі варианты бар: бірінші вариант – толық шаруашылқ есептің бірінші моделі бойынша, келесісі- шаруашылық есептің екінші моделі бойынша.

№ 15-5 кесте

 

Кәсіпорындағы пайданың бөлінуі.

 

Табыс салығы Қосалқы салынған құнға салық (ҚҚС( Жер қойнау- ын пайдала-натындарға салық Несие үшін пайыз Экономикалық ынталандыру қоры Резервтік
  өндірісті дамыту Әлеу-меттік мәдени шара-лар Материал-дық сыйақы (сақтық Қоры)
Шаруашылық есептің бірінші моделінде шаруашылық есеп табысы қалыптасады Шаруашылық есептің екінші моделінде біркелкі еңбек ақы қоры қалыптасады
  Еңбек ақы Экономикалық қоры + ынталандыру қоры     Еңбек ақы Материалдық қоры + сыйақы қоры  
               

 

Олардың бірі-бірінен айырмашылығ мынада: шаруашылық есептің бірінші моделінде – шаруашылық табысы ретінде қалыптасады, сөйтіп ол өзіне жалақы қоры мен экономикалық ынталандыру қорын ендіреді. Осы аталған соңғы қор мына құрамнан тұрады: өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік – мәдени шаралар қоры және материалдық сый ақы қоры.

Шаруашылқ есептің екінші моделі біркелкі ақы төлеу қоры ретінде қалыптасады. Ол өзіне ақы төлеу қоры мен материалдық сыйақы қорын қосып алады (15-5 кестені қараңыз).

Коммерциялық шаруашылық есепке көшкен мемлекеттік емес кәсіпорындарда табысты бөлу модельсіз негізде жүргізіледі.

Коммерциялық есептеу негізінде жұмыс атқаратын барлық жеке, ұжымдық, акционерлік, шетелдік, аралас кәсіпорындар табысты бөлу процесіне мемлекеттің араласуына жол бермейді. Бұған дейін олар бюджетке төлем беріп, несиені қайтарып қояды. Олар еңбек ақы, жұмыскерлерді сыйақымен марапаттауға, дивидендті төлеуге және өндірісті дамытуға табыстың бір бөлігін бағыттауды өз бетінше анықтай алады.

Мысалы, коммерциялық есептеу жағдайында тарифтік ставка мен тарифтік коэффицентті, сондай-ақ лауазымдық айлықты бекіту кәсіпорынның өз шешімімен қабылданады. Мемлекеттік тарифтік жүйе кәсіпорын үшін жұмысты тарификациялау процесінде тек бағыт беруші болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда - әртүрлі квалификациядағы жұмыскерлердің минималды жалақысын анықтайды.

Кәсіпорынның (фирма) рентабельділігі- бұл жұмыстың тиімділігі. Өндіріс рентабельділігі мен өнім рентабельділігін ажырата білу керек.

 

Пайда (жалпы)

Р 1 = ---------------------------------------------------------------------- х 100.

Өндіріс қорлары мен айналмалы қаржының құны

 

Өндіріс қорлары мен айналмалы қаржының құны өнім рентабельділігі пайда мөлшерінің өткерілген өнім өзіндік құнының мың тенгеге шаққандағысын көрсетеді.

Пайда (өткерілгеннен түскен)

Р 2 = ---------------------------------------------------------------------- х 100.

Өнімнің өзіндік құны

 

Ұғыну қажет терминдер:

Кәсіпорын, экономиканың негізгі буыны, кәсіпкерлік, бизнес, біркелкі жеке бірліктегі кәсіпорын, кооперативтік кәсіпорын, шектелген және қосымша жауапкершілігі шектеулі және жауапкершіліктегі серіктестік, толық жауапкершіліктегі серіктестік, коммандиттік серіктестік, картель, синдикат, трест, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, концерн- конгломерат, корпорация,, ұйымдар мен фирмалар: инвестициялық, инжирингтік, венчурлық, лизингтік, консалтингтік, аудиторлық,, трастлық, өзіндік құн, жалпы табыс, таза табыс, шаруашылық есептегі табыс, біркелкі еңбек ақы қоры, шаруашылқ есеп, шаруашылық есеп моделі, коммерциялық есеп, экономикалық ынталандыру қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік- мәдени шаралар қоры, материалды сыйақы қоры, резервтік (сақтық) қор, өндіріс рентабельділігі, өнім рентабельділігі.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 138 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | <== 7 ==> |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав