Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорын (фирма) табыстары және оларды бөлу.

Читайте также:
  1. A) 5500000 теңге және 500000 теңге
  2. C)& бухгалтерлік, статистикалық, салықтық және жедел
  3. D) вертикальды және горизонтальды
  4. D)& төмен және солға
  5. А) Банктік және банктік емес баптың талдануы
  6. А) экономикалық-математикалық модельдеу және болжау
  7. Азақстан экономикасындағы инвестициялық қызмет және инвестициялық ахуал.
  8. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  9. Ан топтарын және резус-факторды анықтау
  10. Аржы саясатының және қаржы механизмінің мазмұны, міндеттері, мақсаттары, қағидалары

 

Батыстың экономикалық теория мектептерінде кәсіпорын табыстарын талдағанда мынандай экономикалық категориялар қолданылады:

- жалпы (жиынтық) табыс, өзінің өнімін өткеруден алынған;

- орташа табыс, өткерілген өнмі бірлігіне есептелінген;

- шектелген табыс, қосымша өнімді сату арқылы жалпы табыстың ұлғаюы.

Азақстан Республикасында аралас әлеуметтік- бағытталған нарықтық экономика жағдайында бұрыңғы мемлекеттік экономикада қолданылған экономикалық категориялар сақталды: өндіріс шығындары, өзіндік құн, жалпы және таза табыс, пайда, рентабельділік, рентабельділік деңгейі

Осы экономикалық категориялар мемлекеттік кәсіпорын секторында ғана емес, сондай-ақ әр түрлі мемлекеттік емес кәсіпорын секторында да қолданылады.

Сонымен, Қазақстан Республикасындағы өндіріс шығындарын есепке алу әдістемелігі дамыған нарықтық экономикадағы Батыс елдеріндегі фирмалардың шығындар есептеу әдістемелігінен айырмашылығы бар. Қазақстан Республикасындағы шығындарды есептеу әдістемелігін қолдана отырып, төмендегідей кемшіліктеріне тоқталамыз:

- біріншіден, жіберіп алынған мүмкіндіктер шығындары есепке алынбайды; айқын емес шығындар есепке алынбайды, экономикалық және бухгалтерлік шығындардың бөлек есебі жүргізілмейді;

-екіншіден, шекті шығындары есептелмейді, бұл шекті табыспен салыстыруға мүмкіндік берер еді.

-үшіншіден, трансакциялық шығындар есепке алынбайды.

Қолданыстағы шығындар жүйесі нарықтық сипатқа ие емес.

Егер, батыс елдерінде, бәсекелес нарықтық орта жағдайындағы фирмалар шығындарын төмендетуге ұмтылыс жасаса, Қазақстан экономикасындағы кәсіпорындар, соның ішінде бірінші кезекте табиғи монополия қызметін ұсынушылар өзіндік құнмен манипуляция жасауға ұмтылады, ол бағаның өсуі үшін сылтау болар еді.

Бұған тоқсан сайын монополияға қарсы комитетке келіп түсіп жатқан электр энергиясына, газға, жылу энергиясына, байланыс қызметтеріне, автомобиль, темір жолы, әуе көлігі қызметтеріне тарифтерді көтеру жөніндегі толассыз өтініштер айқын дәлел бола алады.

Ұжымдық пен жеке кәсіпоырндағы пайда меншіккерге жатады және оның жарғысына сай бөлінеді.

Өзінің меншікті шығынын есептей алмай, кез келген меншік түріндегі кәсіпоырынға өзінің табысын анықтау мүмкін емес. Оған- шикізат пен материал шығындары жағар май, электроэнергия, негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы, еңбек ақы және әлеуметтік қажеттілік шығындары жатады.

Кәсіпорын шығындары өнімнің өзіндік құны түрінде болып келеді.

Зіндік құн- бұл өнімді дайындаудағы ақшалай шығынның жұмсалуы.

З өнімінің құны мен шығындар (өзіндік құн) арасындағы айырма кәсіпорынның таза табысын құрайды. Әдетте кәсіпорынның таза табысы ретінде пайда жүзеге асып отырады. Таза табыс кәсіпорынның алған (тапқан) табысының бір бөлігі ғана емес.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 148 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | <== 6 ==> | 7 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав