Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Логистикалық сервистің жүйесі

Читайте также:
  1. B)&көрсеткіштер жүйесі арқылы
  2. Азақстан Республикасының сайлау жүйесі.
  3. Азақстан халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде.
  4. Аржы жүйесі оны ұйымдастырудың қағидалары
  5. Балалардағы қан түзу жүйесі ағзаларының аурулары» блогы
  6. Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері, қағидалары
  7. Басқарудың дәстүрлі емес жүйесіне
  8. Дәріс. Музей ісі және музей интеграциясын басқару жүйесі.
  9. Еңбек ақының кесімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
  10. Жүйке жүйесі» модулі бойынша тесттік тапсырмалар

ТАҚЫРЫП: СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЛОГИСТИКАСЫ

МАҚСАТЫ: Логистикалық сервис негізі туралы студенттердің білімін қалыптастыру.

ОҚЫТУ МІНДЕТТЕРІ:

· Логистикалықсервискеке сипаттама және пән туралы түсінік беру.

· Логистикалық сервистің дәрежелерімен таныстыру.

· Логистикалық сервистің оптимальды көлемінің деңгейі туралы түсінік қалыптастыру.

· Логистикалық сервистің құрылуын және оның көлемінің оптимизациясын үйрету.

ӨТКІЗУ ФОРМАЛАРЫ: тапсырмаларды орындау, оқытушымен тақырыптың сұрақтарын талқылау, ситуациялық есептерді шешу.

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР:

Тапсырма №1:

Сұрақтарға жазбаша жауап жазыңыздар:

1. «Логистикалық сервис» түсінігіне анықтама беру.

2. Логистикалық сервис көрсету аймағындағы жұмыстар қандай топтарға жіктеледі?

3. Логистикалық сервистің негізгі принциптерін атаңыз.

Тапсырма №2: Фармацевтикалық фирмада логистикалы сервис жүйесінің құрылуын кесте түрінде сызу.

Тапсырма №3:

Сұрақтарға жазбаша түрде жауап беру:

1. Логистикалық сервистің ерекшеліктерін атаңыз.

2. Логистикалық сервистің оптимальды көлемін анықтау үрдісін сипаттау.

3. Логистикалық сервистің стратегиясы мен тактикасын сипаттау.

ТАРАТУ МАТЕРИАЛЫ:

Логистикадағы сервис түсінігі

Қызмет көрсету жұмысы, яғни басқа біреудің қажеттілігін өтеу, сервис деп аталады.

Логистикалық сервис бөлу үрдісімен үздіксіз байланысты және тауарды тұтынушыға жеткізу үрдісіндегі кешенді қызмет болып табылады. Логистикалық сервистің нысаны өндірістік және өндірістік емес сферасындағы мекемелер, халық болып табылады.

Логистикалық сервис жабдықтаушының өзімен немесе сатылымнан кейінгі қызмет көрсету облысында маманданатын экспедиторлық фирма арқылы жүзеге асады.

Логистикалық сервис облысындағы барлық жұмысты үш негізгі топқа жіктеуге болады:

· Сатылымға дейінгі, яғни қызмет көрсету сферасындағы саясатты анықтау және логистикалық қызмет көрсету жүйесінің құрылу жұмыстары;

· Тауар сату үрдісіндегі логистикалық қызмет көрсету жұмыстары, мысалы, жүктердің өтуі туралы ақпарат беру; ассортиментті таңдау, қаптама, жүк бірліктерінің қалыптасуы және т.б.;

· Сатылымнан кейінгі логистикалық сервис, оған кепілді қызмет көрсету, сатып алушылардың шағымын қарастыру, алмастыру және т.б. жатады.

Логистикалық сервистің жүйесі

2.1.Логистикалық сервис жүйесінің құрылуы. Мекеменіңқызмет көрсетусферасындағы саясатты анықтау логистикалық сервис жүйесінің құрылуымен байланысты және өзара байланысты жұмыстардың кешенін жүргізу күтілуде.

Логистикалық қызмет жүйесінің құрылуы келесі рет бойынша жүзеге асады:

1) Тұтыну нарығының сегментациясы, яғни оның тұтыну ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір қызмет көрсету қажет болатын нақты тұтыну топтарына жіктелуі;

2) Тұтынушыларға маңызды қызмет тізімін анықтау;

3) Құрылған тізімге кіретін қызметтерді саралау. Тұтынушыларға маңызды қызметтерге көбірек назар аудару;

4) Нарық сегменттерінің бөлігіндегі қызмет стандарттарын анықтау;

5) Көрсетілген қызметті бағалау, қызмет деңгейі мен көрсетілетін қызмет бағасының өзара байланысын орнату, қызмет деңгейін анықтау компанияны бәсекеге қабілетті етуде маңызды;

6) Тұтынушының қажеттілігіне сәйкес қызметті қамтамасыз ету үшін тұтынушымен кері байланыс орнату.

Тұтыну нарығындағы сегментация көрсетілетін қызмет сипатына немесе басқа белгілерге сәйкес географиялық факторы бойынша жүзеге асуы мүмкін. Тұтынушылар үшін маңызды қызмет таңдау, оларды саралау және логистикалық қызмет көрсету стандарттарын анықтау тұтынушыларды сұрау арқылы жүргізіледі.

2.2. Логистикалық қызмет көрсетудің деңгейі. Сервистік жүйені бағалаудың негізгі критериі жабдықтаушы жақтанда, тұтынушы жақтанда логистикалық қызмет көрсетудің деңгейі болып табылады.

Логистикалық қызмет көрсету дәрежесі әдістердің жетілу дәрежесі және логистикалық қызметтің орындалу тәсілімен сипатталады.

Берілген көрсеткіштің есебі келесі формула бойынша жүзеге асады

,

мұнда Y – логистикалық қызмет көрсету деңгейі; m – іс жүзінде көрсетілген логистикалық сервис көлемінің сандық бағасы; М – теория жүзінде көрсетілген логистикалық сервис көлемінің сандық бағасы.

МЫСАЛЫ:

Белгілі бір жеңіл көлік маркасының қосалқы бөліктерінің саудасымен айналысатын көтерме мекемені қарастырамыз. Мысалы, бұл жеңіл көлік маркасына қосалқы бөліктердің 2000 түрі бар, ал берілген мекемеде 500 түрі әрқашан болады. Онда қызмет көрсету деңгейі тең болады

Қызмет көрсетудің дәрежесін логистикалық қызметті қолдана отырып жіберілген уақыт пен сол қызметті қолдана отырып жіберілуге тиісті уақыттың қатынасын есептеп білуге болады. Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
,

Бұл жерде n және N – іс жүзінде және теория жүзінде көрсетілетін қызмет саны; ti –қызмет көрсету уақыты.

Логистикалық қызметті бағалау үшін маңызды қызмет көрсету түрлері таңдалады, қызмет түрлері болуы үлкен шығындарға, ал қызметтің болмауы үлкен жоғалтуларға алып келетін қызмет түрлері таңдалады.

Қызмет көрсетудің дәрежесіне қарай шығынтүрлері суретте көрсетіліп тұр.
1. 70 % дан бастап және жоғары қызмет көрсету дәрежесіне байланысты өседі және 90 % ға жеткенде логистикалық қызмет көрсетудің қажеттілігі тиімсіз болып қалады. Қызмет көрсету дәрежесінің төмендеуі шығынның көбеюіне әсер етеді. (сурет 2)

Логистикалық қызметтің міндеті қызмет көрсетудің оптималды жолын іздестіру. F қисығын тұрғыза отырып, қызмет көрсетудің оптималды мөлшерін анықтауға болады, ол қызмет көрсетудің дәрежесіне қарай шығын мен жоғалтуды анықтайды (сурет3).

3. Логистикалық қызмет көрсетудің сапа көрсеткіштері. Логистикалық қызмет көрсетуді бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

· ыңғайлылық

· сенімділік

· тапсырыс орындау уақыты.

70 80 90 100 %
Уровень обслуживания
Қызмет көрсету дәрежесі %
Сурет 1. Қызмет көрсетуге шығын, қызмет көрсету дәрежесіне байланысты
Сурет 2. Қызмет көрсету дәрежесінің төмендеу әсерінен жоғалу көрсеткіші
F
Қызмет көрсету дәрежесі, %
   
 

 

 

 

 

        Сурет 3. Қызмет көрсету дәрежесіне байланысты шығын мен жоғалтудың тәуелділігі.

Жеткізудің ыңғайлылығы тұтынушының қалауының тапсырыс уақытына сәйкес орындалғандығының және тұтынушы қаншалықты көңілі толатындығын сипаттайды. Бұл жерде жеткізудің түрі немесе формасы, тара түрлері және қаптауыштар және басқа да қызмет түрлері қарастырылады.
Жеткізудің сенімділігі жеткізушінің келісім-шартқа сәйкес қызмет көрсетуін қарастырады. Негізгі міндеті келісім-шартқа сәйкес қызмет көрсету арқылы тауарды уақытылы жеткізу, тауарға жауапкершілікті алу.
Тапсырысты орындау ұзақтығына тұтынушыға тапсырысты алған уақыттан жеткізген уақыт аралығындағы период жатады.
Тапсырысты орындау уақыты өзіне тапсырысты рәсімдеу, тапсырысты орындау, қаптау, шығару және жеткізу уақытын қосады.
4.Сатылым жасалғаннан кейінгі логистикалық қызмет көрсету. Тауарларды эксплуатациялау, тұтынушыларды ақпараттандыру және үйретудің техникалық қызмет көрсетуін қамтиды.Сатылым жасалғаннан кейінгі логистикалық қызмет көрсету келесі іс-шаралардан тұрады:

- Тауар сатылып болғаннан кейін тұтынушыға қызмет көрсетуді анықтау;

- Тауарды жеткізу барысында тауар сатылып болған соң қызм көрсету ретін бегілеу;

- Қажетті техникалық құжаттарды дайындау және тауар қолданушыларына түсіндіру;

- Тауарларға қарау үшін қосымша құралдарымен тұтынушыны қамтамасыз ету;

- Логистикалық қызметті қызмет көрсету сапасын бақылау арқылы басқару;

- Жөндеу жұмыстарын қосымша құрылғыларды сақтау үшін бөлмені қарастыру;

- Транспорттық құрылғыларды басқару, жеткізу-шығару жұмыстарын, қоймалауды және қаптауды және қызмет көрсететін персоналдың жүргізуін басқару.

 

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

1. Савенкова Т.И. Логистика. – Москва: Омега-Л, 2010.

2. Тулембаева А.Н. Логистика. – Алматы: Триумф «Т», 2008.

3. Аникина Б.А. Практикум по логистике. – Москва: Инфра-М, 2007.

4. Сербин В.Д. Основы логистики. – Таганрог: ТРТУ, 2004.

Қосымша:

1. Альбеков А.У., Федько В.П., Митько О.А., Логистика коммерции. Ростов-
на-Дону: Феникс, 2001.

2. Ардатова М.М. Логистика в вопросах и ответах: Учеб. Пособие. - М.: ТК
Велби, Изд-во Проспект, 2004.

3. Бауэрсокс Д. Дж., Клосс Д. Дж. Логистика: интегрированная цепь поставок/Пер. с англ. - М.: Олимп-Бизнес, 2001.

4. Бахарев В.О. Производственно-заготовительная и сбытовая логистика фир­мы. - СПб.: Изд-во СПбГУЭФ, 1997.

5. Берков М.В. Информационные технологии в логистике. - М.: Финансы и
статистика, 1999.

6. Внешнеторговые операции и логистика: Учебное пособие/Под ред. Николаева Д.С. и др. - М.: АНКИЛ, 1998.

7. Голиков Е.А. Маркетинг и логистика: Учебное пособие. - М.: Изд. дом
«Дашков и К», 1999.

8. Гордон М.П., Карнаухов С.Б. Логистика товародвижения. - 2-е изд., перераб., доп. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2001.

9. Джонсон Дж.С. и др. Современная логистика. - 7-е изд. - М.: ИД «Вильямс», 2002.

 

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БАҚЫЛАУ:

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЛОГИСТИКАСЫ.

 




Дата добавления: 2015-05-05; просмотров: 196 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Сущность регионального менеджмента. Основные пространственные понятия.| Практические занятия, семинары, лабораторные работы

lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.067 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав