Читайте также:
|
|
Соқыр (көзі көрмейтін) - көруінде бұзылуы бар адамдардың типтері, оларда толығымен көру түйсіктері болмайды, жарықты түйсіну немесе қалдық көру болады (0,04 ке дейін көретін көзде көзілдірікпен түзету, сонымен бірге көру өрісінде (10-15*) аурулармен және тарылуымен).
Әлсіз көретіндер – көру жітілігі 0,05 тен 0,2 ге дейін көруінде бұзылуы бар адамдардың категориясы. Көру жітілігінің төмендеуінен басқа, әлсіз көретіндердің басқа көру функцияларында бұзылу болуы мүмкін (түс- және жарықты түйсінуде).
Әлсіз көретін оқушыларды оқыту көпшілік жалпы білім беретін мектептің оқулықтары бойынша жүргізіледі, олар аса ірі шрифтімен басып шығарылады және арнайы қайта құрылған бейнелермен безендіріледі. Көзі көрмейтін балаларды оқыту жазудың Брайль жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Әлсіз көретін оқушыларға сыныпта көру жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасалуы керек, әлсіз көруге сәйкес, нақты сызықтары бар дәптерлер, оптикалық және техникалық құралдар қолданылады:
- офтальмолог тағайындаған көруді түзету құралдары (көзілдіріктер, контакт линзалары, лупалар, телескопиялық көзілдіріктер);
- табиғи жарықтануды реттеуге мүмкіндік беретін құрылғылар;
- оқуда, жазуда, сурет салуда, иллюстрацияларды қарауда дұрыс отыруды қамтамасыз ететін арнайы, бірадамдық парталар;
- оқушыларға арналған қосалқы жабдықтар (Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған приборлар, оқитын машиналар, Брайль шрифті бар жазу машиналары, рельефті сурет салуға арналған «Оқушы» приборы, оптикалық приборлар – лупалар, линзалар, телескопиялық құралдар – офтальмологтың ұсынысы бойынша);
- тифлотехникалық құралдар (жазуға арналған тифлоприборлар, тактильді және брайльдік дисплейі бар электронды прибор, тілдік синтез).
Балалардың дамуындағы ауытқуларды түзетуді дефектолог-мұғалім (тифлопедагог) әлеуметтік-тұрмыстық және кеңістікте бағдарлауды көзі көрмейтін балалардың көру арқылы қабылдауын дамыту бойынша топтық және жеке түзету сабақ формасында жүзеге асырады.
Көруі нашар баланың бағдарлауы үшін, мектепке кірер кездегі баспалдақтың шеткі басқыштарын түрлі түстерге бояу қажет, міндетті түрде сүйеніш қажет. Сүйеніштер баспалдақтың екі жағында биіктігі 70 және 90 см, ал кіші сыныптар үшін – 50 см болуы керек. Есікті ашық контрасты бояулы етіп жасаған дұрыс. Егер есіктер шыныдан жасалған болса, онда есікте ашық бояумен ашылатын бөліктерін бояп қойған дұрыс.
Дәліздердің бойында периметр бойынша тұтқалар жасауға болады, ол көруі нашар баланың тұтқаны ұстап, мектепте қозғалуы үшін бағдарлауына қажет болады.
Көруі бұзылған балалардың мектептің ішінде бағдарлауын жеңілдетудің тәсілі ретінде, едендердің алуан түрлі рельефтік жабыны немесе еден үстіндегі плитка және кілем төсемі алынуы мүмкін. Көруі бұзылған балаларға арналған киім шешетін орында, кіретін-шығатын жақта аймақты ажырату қажет және оны тұтқалармен, орындықтармен, және сөмкелер мен киімге арналған ілгіштермен жадбықтау қажет. Баланы бірнеше рет есте сақтауы үшін, осы жерге алып келу керек.
Сыныпта қолжетімді және қолайлы атмосфераны құру үшін, оқушылар үшін рельефтік фактурамен немесе еденнің үстін кілем төсемімен белгіленген бірадамдық оқушылар орнын жадбықтау ұсынылады.
Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 104 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |