Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы бар балаларды жалпы білім беретін орта мектепте оқытудың шарттары.

Читайте также:
  1. A)& Қолданушыға қажет жұмыстарды атқаруға мүмкіндік беретін программа
  2. АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру саясаты
  3. АзҰУ – білім мен ғылымның ордасы» деген тақырыпта әңгімелеңіз.
  4. Ай ойшыл ақиқатты шындық білімге сәйкес деп түсінді?
  5. Арнайы білім беру мазмұны
  6. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары
  7. Арнайы мектептегі оқыту процесінің ерекшіліктері
  8. Арнайы мектептегі сабақты ұйымдастыру ерекшіліктері
  9. Арнайы мектептердегі оқыту әдістері
  10. Балалардың бірлескен жұмысын бақылаудың ерекше түрі

«Тірек-қимыл аппаратының бұзылуы» ұғымының жинақтаушы сипаты бар және ол органикалық орталық немесе перифериялық табиғаты бар қимыл-қозғалыс бұзылысын қамтиды.

Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балалар келесі категорияларға бөлінеді:

- церебральды сал ауры бар балалар (ДЦП);

- қалпына келуші немесе резидуальды сатыдағы мешел ауруының салдары;

- миопатия;

- туа біткен және жүре пайда болған тірек-қимыл аппаратындағы жетіспеушіліктер мен кемістіктер.

Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар оқушыларды оқыту, жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбы жағдайында немесе мамандардың арнайы психологиялық-педагогикалық көмегімен үйлесіп, жалпы сыныпта немесе үйде жүзеге асырылуы мүмкін.

Тірек-қимыл аппаратындағы бұзылудың түрлері:

1. Жүйке жүйесінің аурулары: ДЦП, мешел (полиомелит);

2. НОДА туа біткен патологиясы: жамбас сүйегінің туа біткен шығуы, қисық мойын, маймақтық, табандардың кемістігі, омыртқа дамуындағы аномалиялар, аяқ-қолдардың жеткіліксіз дамуы және кемістігі, артрогрипоз (туа біткен кемтарлық);

3. Жүре пайда болған аурулар және тірек-қимыл аппаратындағы ақаулар: жұлын майының травматикалық ақаулары, бас миының және аяқ-қолдардың травматикалық ақаулары, полиартрит, қаңқаның аурулары (құрт ауруы, сүйектердің ісігі, остиомелит).

Балалар церебральды сал ауруы - эмбрионның, ұрықтың немесе жаңадан туылған баланың ағзасына ішкі және сыртқы сипаттағы зиянды алуан түрлі әсерлердің ықпалымен пайда болған, мидың ауыр дерті. ДЦП әртүрлі қозғалыс, психикалық және сөйлеу бұзылулары түрінде көрініс береді.

Тірек-қимыл аппаратында бұзылуы бар балаларды оқытатын жалпы білім беретін мектептің арнайы бейімделген ғимараты (пандустың болуы, кең есік жақтауларының, мүгедектер арбасын көтергіштің, баспалдақтың жанындағы көтергіштің, есіктерді автоматты ашушылардың болуы) және арнайы жиһазы (бірадамдық парталар, тұрып жұмыс істеуге арналған конторкалар), ортопедиялық құралдары, оқытуға арналған арнайы приборлар болуы қажет. Мүмкіндігіне қарай, сыныптардың толықтырылуы барынша аз болуы керек.

Партаның жанында мүгедектер арбасын қою үшін қосымша кеңістіктің болуын қамтамасыз ету қажет (егер оқушы арбадан орындыққа отырса). Тақтаның жанындағы өтетін жолды бос қалдыру керек, оқушы арбада немесе балдақпен тақтаның алдына еркін бара алуы керек. Сынып тақтасының аса төмен орналасуы қажет.

ДЦП ауруы бар баланың көпшілік мектептің сыныбына бармас бұрын, білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы ДЦП ауруы бар балалаларға толерантты қатынасты қалыптастыру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуі қажет. Мектептің әдістемелік кеңестерінде, ата-аналар жиналысында және педагогикалық кеңестерде, қозғалысында патологиясы бар балалардың жалпы және өзгеше ерекшеліктері туралы танысу әңгімесін жүргізу маңызды, мұндай жұмыстар мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға және ата-аналардың педагогикалық ағартуына ықпал ететін болады. Жұмыстың бұл түрі үшін, медициналық мекемелер мен реабилитациялық орталықтардың, психологиялық-педагогикалық түзетуші кабинеттердің мамандарын шақыру қажет.

НОДА ауруы бар балалармен түзетуші және әлеуметтік бейімдеуші жұмыс, олардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, балалардың оқыту және тәрбиелеудің арнайы жағдайларын және кедергісіз ортаны құруды қамтиды. ДЦП ауруы бар балалар медициналық қолдауды Денсаулық сақтау министрлігі жүйесінде ала алады: алғашқы медико-санитарлық көмек беру ұйымдары, стационарлар, балалар үйлері, диспансерлер, арнайы санаторийлер және реабилитациялық орталықтар («Ақсай» Республикалық балалар ауруханасы, «Балбұлақ» реабилитациялық орталығы, Республикалық балалар реабилитациялық орталығы). Бұл мекемелерде ұзақ уақыт бойында мамандардың қалпына келтіруші емдеуі мен жоғары білікті көмегі жүзеге асырылып келеді, олардың арасында логопедтер, дефектологтар, психологтар, тәрбиешілер, дәрігерлер және т.б. бар.




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 220 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | <== 5 ==> | 6 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав