Читайте также:
|
|
Сөйлеуінде кемістігі бар балалар жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныптарында, немесе жалпы білім беретін мектептің қалыпты сыныбында арнайы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етуді үйлестірумен қатар оқи алады.
Сөйлеуінді кемістігі бар балаларға қоршаған орта туралы ұғымдар мен мәліметтердің аз көлемі, сенсорлы, уақытша және кеңістіктік ұғымдардың жеткіліксіздігі, көру және есту материалын есте сақтау қабілетінің төмендеуі, жеткіліксіз мақсатқа бағытталу және зейіннің шоғырлануы, психикалық жалпылау деңгейінің төмендеуі және т.б. тән болады. Бұл балаларда артикуляциялық моторика және ұсақ моторика әлсіз дамыған.
Тілдік бұзылудың түрлері.
Дыбыстаудағы бұзылулар дислалия деп аталады. Оның бірнеше түрлері бар: механикалық дислалия, мұнда дыбыстаудағы бұзылулар артикуляциялық аппараттың құрылымының бұзылуымен байланысты болады: дұрыс емес тістеу, қысқа тіл асты желбезегі, шамадан үлкен (макроглоссия) немесе өте кішкентай, тар тіл (микроглоссия).
Артикуляциялық аппараттың дұрыс құрылымындағы дыбыстаудың бұзылуын функционалды дислалия деп атайды. Сөйлеудің дыбыс шығарушы жағындағы бұзылудың басқа типі жиі кездеседі – дизартрия, ол орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылуы нәтижесінде пайда болады.
Сөйлеудің бұзылуының ауыр түрлеріне ринолалия жатады, ол дыбыстаудың бұзылуы және сөйлеудің просоидты жағының бұзылуы, бірінші кезекте, еріндегі жырықтар, альвеолярлы буын, тістің еттері, қатты және жұмсақ таңдай түріндегі артикуляциялық аппараттың құрылымының бұзылуымен пайда болған дауыстың бұзылуы. Баланың сөйлеуі ұзақ уақыт бойы әртүрлі дыбыстарды дыбыстаудағы бұзылудың салдарынын түсініксіз, айқын емес болады.
Кейде балада ринофония байқалады, ол сақталған дыбыстаудағы фонация мен просоидиканың бұзылуы. Баланың дауысы жай, қарлығыңқы болады. Сөйлеуінде интонация болмайды, айқын емес.
Моторлы алалияда тұтас сөйлеу жүйесінің қалыптаспауы, бас миының жеткіліксіз дамуымен байланысты болады. Сенсорлы алалияда негізгі симптом ретінде, өзіне қаратылған сөзді түсінудегі белгілі дәрежедегі бұзылу алынады: бір жағдайда бала сөйлеуді мүлдем түсінбейді, кей жағдайда сөйлеудің дыбысталуын тыңдайды, ал жеңіл жағдайда жай қаратылған сөзді түсінеді, бірақ оның фонематикалық қабылдауы жеткіліксіз қалыптасқан, онда нәзік акустикалық саралау, жоғары акустикалық талдау мен біріктіру жоқ. Бұл бас миының қабығының жетіспеушілігімен байланысты. Сенсорлы алалия моторлы алалияға қарағанда, сирек кездеседі.
Сөйлеудің жалпы жеткіліксіз дамуы (ОНР) – балалардың жинақты топтары үшін жинақтаушы термин, олар үшін қалыпты естуде және алғашқы сақталған интеллектіде, сөйлеудің дыбыстық және мағыналық жағына қатысты, сөйлеу жүйесінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы тән болады (дыбыстау, сөздік, грамматикалық құрылым, байланыстырып сөйлеу).
Сөйлеудің фонетикалық-фонематикалық жеткіліксіз дамуы деп (ФФН), фонемаларды қабылдау және дыбыстаудағы ақаулардың салдарынан, әртүрлі тілдік бұзылуы бар балаларда ана тілі жүйесінің дыбыстаушы жүйесінің қалыптасу процестерінің бұзылуы аталады.
Оқу үдерісінде сөйлеуінде бұзылуы бар балалардың, білім және біліктерге қойылатын білім беру стандартының талаптарына жауап беретін бағдарламалық материалды табысты меңгеруіне ықпал ететін, арнайы құрастырылған оқу-әдістемелік кешендерді қолданған дұрыс.
Бұдан басқа, арнайы педагогикалық қолдауды логопед, қажеттілігіне қарай психолог жүзеге асырады. Логопедиялық сабақтар жеке және 2-4 адамнан құралған шағын топтармен жүргізіледі. Сабақтың ұзақтығы: бастауыш мектепте – жеке сабақтар 15 минут, топтық сабақтар – 20-25 минут; негізгі мектепте – жеке сабақтар 15 минут, топтық сабақтар – 30-40 минут. Балалардың жеке сабақтарға қатысуының жиілігі – аптасына 2-3 рет. Оқушылар логопедиялық сабақтарға мектептің өзіне бара алады немесе психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне бара алады.
Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 179 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |