Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АзҰУ – білім мен ғылымның ордасы» деген тақырыпта әңгімелеңіз.

Читайте также:
  1. Quot;Тiл - болмыстың үйi" деген сөйлемнiң авторы кiм?
  2. Quot;Тiл - болмыстың үйi" деген сөйлемнiң авторы кiм?
  3. АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру саясаты
  4. Ақпарат дегеніміз не?
  5. Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық технологиялар дегеніміз не?
  6. Ай ойшыл ақиқатты шындық білімге сәйкес деп түсінді?
  7. Айта өрлеу дәуірі Еуропалық өркениет дамуындағы сілкініс және Жаңа замандағы философия мен ғылымның қалыптасуы
  8. Арнайы білім беру мазмұны
  9. Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ соңғы жылдары үлкен серпіліс үстінде, үлкен ізденісте деп айтуымызға болады. ҚазҰУ - шын мәнінде ғылым мен білімнің үлкен қара шаңырағы. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев университеттің 75 жылдығында арнайы келіп оқыған дәрісінде біздің университетімізге «ғылым мен білімнің көшбастаушысы» деп баға берген болатын. Сондықтан біздің университетке деген жауапкершілік өте жоғары. Оны бүкіл университет басшылығы да, ұжымы да жақсы сезінеді.

Еліміздің білім және ғылым саласында соңғы екі жылда жүзеге асқан үлкен өзгерістерге, іргелі бастамаларға куә болып отырмыз. Бұл - заман талабына сай жасалып жатқан қадамдар. Осы салаға жаңа сапалық белестерге көтерілу мақсатында айтарлықтай серпілістер алып келді. Елбасымыз: «Қазақстанда кем дегенде екі-үш жоғары оқу орны әлемдік деңгейдегі білім ордаларымен қатар көрінетін білім ошағына айналуы керек» деді. Әлемге танымал үздік университеттердің қатарында көріну үшін ҚазҰУ бірнеше бағытта нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
Осынау биік мақсатты жүзеге асыру жолында алғашқы іргелі іс-шараларды университетіміз бастап кетті. Ол алғышарттардың ең бірінші кезеңі, университеттің бүкіл құрылымдық жүйесін, бүкіл басқару жүйесін, факультеттерін, ғылыми-зерттеу институттарын жаңа ғылыми деңгейге көтеру болатын. Өзіңіз білесіз, жетпіс жеті жылдық тарихы бар университетте білікті ғалымдар жұмыс атқаруда, іргелі ғылыми мектептері қалыптасқан үлкен факультеттер білім беру ісін жүргізеді.

Ең алғашқы қадам ретінде университетте ректордың басшылығымен кафедраларды ірілендірдік. Оның өзіндік мақсаты бар. Бұл - ғылыми-зерттеу жұмыстары, жаңа ілім жасау, заманауи бағытта білімді студенттер дайындау, жаңа зерттеулер нәтижесін қолданысқа енгізу болып табылады. Оның, әрине, алғашқы баспалдағы, негізгі алтын өзегі - кафедралар. Өйткені білікті, білімді ғалымдар кафедраларда жұмыс істейді. Университеттің басшылығы да оқу орнының болашағы кафедраларда екендігін біліп, ең алдымен, кафедралардың құрылымдық өзгерістерін жасап, соны ірілендіру мақсатында ірі қадамға барды.

Бұл бастамалардың нәтижелері көп күттірмей өз жемісін бере бастады. Мысалы, әлемнің 700 үздік университетінің арасында жүргізілетін Халықаралық Ұлыбритания Агенттігі рейтингісінің биылғы қорытындысы бойынша ҚазҰУ дүниежүзіндегі университеттер көрсеткішінде 200-орынға жоғарылады. Демек, ҚазҰУ бір жыл ішінде топ-университеттердің 401-450 қатарына енді деген сөз. Ең бастысы, ҚазҰУ - әлемдік үздік университеттердің бел ортасынан орнын ойып алған Орталық Азиядағы тұңғыш университет болып табылады. Сонымен бірге университетіміз Қазақстан көлемінде тұңғыш рет Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы Академиялық ықпалдастық бағдарламасына еніп, халықаралық деңгейде танылуына үлкен мүмкіндік алды. Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Үш тұғырлы тіл» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда да университетіміз нақты жұмыс бастады. Биыл екінші жыл кәсіби пәндер таза ағылшын тілінде жүргізілетін академиялық топтар жасақталып, бұл студенттер ертеңгі күні үш тілді жетік меңгерген, жоғары сұранысқа жауап беретін білікті мамандар болып шығады.




Дата добавления: 2015-01-30; просмотров: 104 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | <== 7 ==> | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав