Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық құқықтың қағидалары

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының экологиялық құқығының пәні, объектілері мен субъектілері
  2. Аржы жүйесі оны ұйымдастырудың қағидалары
  3. Аржы саясатының және қаржы механизмінің мазмұны, міндеттері, мақсаттары, қағидалары
  4. Банктік несиелеу жүйесі және оның элементтері, қағидалары
  5. Тақырып 1.2: ДМ-ның бірінші кезеңі. PICO- қағидаларын қолдана отырып, клиникалық мәселелерді құрастыру.
  6. Тақырып 14 дәріс. Қаржылық-сақтандыру құқығы қаржылық құқықтың бөлімі ретінде
  7. Экологиялық құқық ұғымы
  8. Экологиялық құқық жүйесі
  9. Экологиялық құқықтың әдістері

Құқық саласының қағидалары ретінде негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қоғамдық қатынастар реттеледі. Егемен Қазақстанның қазіргі осы заманғы құқығында құқықтың әрбір саласы үшін құқықтық қағидалардың өз жүйесінің болуы сипатты болады. Бұл Қазақстанның жалпы құқықтық қағидаларының қолданылуын теріске шығармайды, бұл қағидалар республика Конститутциясында баянды етілген – бұл ізгілікшілдік, құқықтық мемлекеттің, халық билігінің, заңдылықтың, жариялылықтың, азаматтардың тең құқылығы және т.б. қағидалары. Ал біздің зерделеуіміздің мәні экологиялық құқықтың айрықша қағидалары болып табылады.

Құқық саласының қағидаларының заңнамада баянды етілуі заңды құбылыс немесе экологиялық құқықтың тәжірибені талдау нәтижесінде анықталуы да мүмкін. Экологиялық құқықтың қағидалары жүйесін анықтаудың күрделілігі олардың сан алуандығында болып табылады. Қандай да бір нақты экологиялық құқық қатынасынан (мысалы, көмірсутегі пайдалы қазыналарын өндіру кезінде) біз жалпы экологиялық құқық қағидаларының жер мен тау құқығының қағидаларымен байланысын ұшыратамыз. Ал экологиялық құқықтың әрбір кіші саласында (жер, тау, су және т.б. салаларына) құқықтық қағидалардың өз жүйесі мен экологиялық-құқықтық қағидаларының жалпы жүйесі сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің[4] 5-бабында былай делінген:

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi қағидалары:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;

5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;

6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;

8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;

9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;

12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;

13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық қағидаларымен және нормаларымен үйлесуi;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.

Жоғарыда келтірілген қағидалардың мазмұнын қарастыралық.

Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау қағидасы, оның өмірі үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қамтамасыз ету экологиялық заңнаманың өзекті мәні, табиғат пен қоғамның арасындағы қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін құқықтық реттеу үшін негіз болып табылады. Бұл қағида мынаны білдіреді: мемлекет өзінің табиғатпен қатынасын адам қызметі адамның өзінің денсаулығы мен өміріне зиян келтірмеуі үшін, бұл өзара қатынас адам үшін қолайлы жағдайлар жасайтындай етіп құруға тиіс, сондықтан, атап айтқанда, осы мақсатқа барлық экологиялық қатынастар бағындырылуға тиіс. Өз кезегінде, қазіргі шындық қоршаған табиғи ортаның ластануы нәтижесінде экологиялық апаттардың, жаппай уланулардың, биологиялық жаңа белгілердің пайда болуының және қырылудың талай мысалдарын келтіреді, бұл адам денсаулығы мен өміріне төнген қатер фактісін толық растайды.

Әлеуметтік-экономикалық міндеттер мен қоршаған орта проблемаларын теңдестіре отырып шешу қағидасы экологиялық мүдделердің басымдығы жағдайында ғылыми негізделген қоғамның экономикалық мүдделерін экологиялық мүдделермен ұштастыруды орындаумен қамтамасыз етіледі. Мысалы, қоғамның экономикалық мүдделері табиғи ресурстарды пайдалану саласында анықталады, сондықтан бұл арада біз қоғамның табиғатқа пәрменді ықпалын көреміз. Сонымен бірге табиғат та адамның ықпалына да пәрменді түрде жауап береді, бұл ретте осы табиғатты оны өмір жағдайларына айырады. Біз адамзат табиғатты, демек өзін де қорғай отырып, өзінің экологиялық мүдделерін қалай құратынын көреміз. Бұл орайда оның қызметі біз зерттеген адамның тіршілік ету жағдайларын сақтау қағидасыне негізделеді. Дамзаттың табиғатқа енжар қарау жай-күйінде болуға мүмкіндігі жоқ.. Сондықтан қоғам өзінің экономикалық және экологиялық мүдделерін ұштастыруы керек, бұл орайда соңғысы басым рөл атқаруға тиіс. Сонымен бірге экологиялық заңнама осы қағиданы көрсете отырып, табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі нормаларға бағындырып, осы ресурстарды пайдалану жөніндегі өз нормасына ие болады, сөйтіп оларды тәуелділік жағдайына қояды.

Қолайсыз экологиялық жағдайдағы аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасы, біздің ойымызша, неғұрлым мәлімдемелі сипат алады. Әрине, экологиялық қатынастар субьектілерінің қызметі осы қағидаға сәйкес құрылуға тиіс, мемлекет өзінің бақылаушылық рөлін жүзеге асырады. Экологиялық заңнама жүйесінде осы қағиданы орындауды қамтамасыз ететін нормалар бар. Алайда, осыған қармастан, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасы мәлімдемелі, өйткені тек осы қағидаға тән құқықтық жүзеге асыру тетігі жоқ. Сондықтан да бұл қағиданы экологиялық заңдылық қағидаларының жалпы жүйесінен бөлек қарастырады.

Табиғатты пайдаланғаны үшін ақы төлеуді кезең-кезеңімен енгізу қағидасы мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу республикада нарықтық қатынастарды қалыптастыруға сәйкес келеді.

Бүгінгі таңда біз мынаны көріп отырмыз: Қазақстан Республикасындағы қазіргі экономикалық қатынастар табиғат ресурстарын пайдалану жөнінде тұтас бірқатар қатынастардың өмірге келуін туғызып отыр, олардың негізгі тауар-ақша сипаттамаларына құрылған. Табиғат ресурстарын жалға алу шарттары, жер иеленуді өмір бойы мұраға алу заң шығарушыны табиғат пайдаланудың тегіндігі мәселесіне өзінің көзқарасын қайта құруға мәжбүр етті. Мынаны атап көрсету керек: заң әдебиетінде ғалымдар табиғатты ұтымды пайдалану қағидасын сақтаудың елеулі кепілі ретінде ақылы табиғат пайдалануды енгізуді жақтаған пікірді барған сайын жиі айта бастады. Осыдан 20 жыл бұрын айтылған бұл ғалымдардың ұсыныстары қазіргі кезде тамаша шешімін тапты, жерді, жер қойнауы мен ормандарды пайдалануға салықты енгізген кезде табиғат пайдаланушыларды табиғат ресурстарын аздап жалға алуға мәжбүр етеді.

Бұл арада мынаны атап кеткен жөн: су, жер қойнауы, ормандар бұрынғысынша тек мемлекеттік меншік болып қалады және азаматтық айналымнан алынатын болады.

Жалпы табиғат пайдаланудың тегіндігі Қазақстан Республикасы азаматтарының табиғатты пайдалануға құқықтарының кепілі, салауатты қоршаған табиғи орта адамның конституциялық құқығын баянды ету болып табылады.

Табиғатты қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көтермелеу қағидасы дегеніміз табиғат сапасын сақтау жөніндегі табиғатты пайдаланушылардың қызметін көтермелеу тетігін құру деген сөз. Мынаны атап көрсеткен жөн: заң шығарушының осы қағиданы жариялауына қарамастан бүгінгі таңда табиғат қорғау қызметін көтермелеу шараларының жүйесі әлі болса да әзірлене қойған жоқ.. Бұрынырақта қолданылған моральдық және материалдық көтермелеу шаралары (сыйлықтар тапсыру, алғыс жариялау, қызыл жалаушалар және т.б.) қазір қолданылмайды, ал жаңаларын заң шығарушы әлі де жасай қойған жоқ. Енгізілген жаңа экономикалық әдістер табиғат пайдаланушыны оның өзін табиғат қорау қызметімен айналысуына мәжбүр етіп отыр. Біздің ойымызша, бұл табиғат сапасын сақтаудың үлкен кепілі.

Билогиялық әр алуандық пен ерекше экологиялық маңызы бар обьектілерді сақтауды қамтамасыз ету қағидасы Қазақстанда құрылған қорықтар мен заказниктер жүйесінде жүзеге асырылады. Олардың аумақтары шегінде биологиялық әр алуандылықтың барлық өкілдерін сақтауға және жануарлар мен өсімдіктердің сирек және жойылып бара жатқан түрлерін сақтауға бағытталған шаралар жүргізіледі. Осы қағидаға сәйкес арнайы “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заң қабылданды[5].

Әрине, экологиялық заңнаманың маңызды қағидаларының бірі қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау қағидасы, оны бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы болып табылады. Бұл қағида осы саладағы біздің мемлекетіміздің құқық қорғау органдарының жалпы қызметінен шығады.

Қоршаған табиғи ортаға келтіретін залалды толық өтеуді заң шығарушы экологиялық қызметтің жеке қағидасы ретінде бұрын бөліп көрсете қоймаған еді. Ал оның мазмұны экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік қағидасы ауқымында карастырылды, онда жауапкершілік түрлерінің бірі табиғатқа келтірілген залалды өтеу аталып көрсетілді. Қазіргі кезеңде залалды өтеу тетігі заңнамада неғұрлым егжей-тегжейлі рәсімделген залалды өтеудің бірнеше түрлері бар. Ерекше ынта қоярлық жайт мынада болып отыр: залалды материалдық жолмен өтеумен қатар экологиялық өтеуге барған сайын көбірек мән берілуде. Сондықтан заңдық жауапкершілік қағидасының мазмұны да өзгеруде, дұрысын айтқанда залалды өтеу қағидасын бөліп көрсетудің қажеттігі пайда болуда. Заң шығарушы келесі тезис жағына қарай ойысып отыр — кінәлі адамды жазалау, оған айыппұл салу немесе қылмыстық жазаға тарту аз, кінәлі адам табиғатқа келтірген залалды өтеуі керек.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысу қағидасы бұрын қолданылған заңнамада көрінісін тапқан болатын. Ол ол ма, осы қағиданы жүзеге асыруда толып жаткан қоғамдық ұйымдардың, "жасылдар" партияларының, экологиялық қозғалыстардың, майдандар мен жекелеген азаматтардың қызметінде тамаша практикалық жақсы жетістіктер болды. Олардың осы проблеманы шешуге қатысуы әр түрлі нысандағы меншік кәсіпорындарының шаруашылық қызметіне, сондай-ақ салынып жаткан немесе жұмыс істеп тұрған объектілер бойынша қоғамдық экологиялық сараптама жүргізу мүмкіндігіне қоғамдық бақылау нысанында жүзеге асырылады. Бұл орайда экологиялық заңнамада, ресурстық кодекстерде және жалпы экологиялық завдарда жергілікті әкімшілікке табиғатты қорғау және оны ұтымды пайдалану жөнінде қоғамдық ұйымдар мен халықтың ұсыныстарын барынша ескеру жүктеледі.

Соңғы уақытта заң шығарушы табиғатты ластанудан қорғау мүмкіндігін нақты бағалай келіп, белгілі бір теңгерім орнату жолымен жүріп отыр, бұл жағдайда адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсер етпейтін табиғатқа антропогендік ықпал етуге жол берілуде. Осы теңгерімді реттеу табиғи обьектілерге зиянды ықпал етудің белгілі бір нормативтерін белгілеу көмегімен мүмкін болып отыр, мұның өз құқықтық түрге техникалық көрсеткіштерді енгізу процесі болып табылады, олардың заңнамалық нормалар түрінде ресімдеу. Белгілі бір табиғи теңгерімді белгілеу үшін техникалық көрсеткіштерді қолдану, адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдайларды сақтай отырып жағымсыз ықпалды біркелкі ету қоршаған ортаны стандарттау мен нормалау қағидасының мазмұны болып табылады.Бұл қағида негізгі экологиялық заңда баянды етілмеген, бірақ ол заңға тәуелді актілерде кеңінен көрініс тапқан.

Табиғат сапасының нормативтерін немесе стандарттарын қолданудың осы стандартты қолданбай табиғаттың ластану денгейін анықтау мүмкін болмайтын табиғи обьектілер үшін ерекше маңызы бар. Мысалы, су немесе ауа. Қолданыстағы заңнамада табиғатты нормативтен тыс пайдаланғаны және ластағаны үшін айыппұл төлемдерін белгілеу арқылы шаруашылық қызметін нормалау қағидасын жүзеге асыру тетігі жасалған.

Экологиялық проблеманы шешу үшін қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастық қағидасын қолданудың зор маңызы бар. Шын мәнінде, экологиялық тұрғыда мемлекеттік шекараларды белгілеу жекелеген мемлекетті жалпы ғаламшарлық сипаты бар экологиялық проблемадан босата қоймайды. Бұл арада қоғамдағы идеологияның, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі өзгешеліктің маңызы болмайды. Экологиялық проблема барлығы үшін бірдей, сондықтан оны шешудің тиімділігі әлемдік қауымдастықтың барлық субьектілерінің бірлескен күш-жігері, осы бағыттағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл қағиданы жүзеге асырудың құқықтық тетігі халықаралық-құқықтық актілерді қабылдау арқылы қамтамасыз етіледі, ал олардың негізінде экологиялық ұлттық құқықтық актілерін әзірлеу мен қабылдау жүргізіледі.

 




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 257 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | 2 | 3 | <== 4 ==> | 5 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав