Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологиялық құқық ұғымы

Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының экологиялық құқығының пәні, объектілері мен субъектілері
  2. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың мазмұны
  3. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және тәсілдері
  4. Банкiнi консервациялау ұғымы мен негіздері
  5. бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
  6. Г.Гегельдің қай ұғымы алдымен логикада, одан табиғатта , соңында әлемдік рух деңгейіне көтеріліп дамиды?
  7. Г.Гегельдің қай ұғымы алдымен логикада,одан табиғатта ,соңында әлемдік рух деңгейіне көтеріліп дамиды?
  8. Модификация» ұғымына түсінік.
  9. Ортағасыр философиясында универсалийлер ұғымымен не түсіндіріледі?
  10. Педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы

Біздің зерттеулеріміз мынаны көрсетіп отыр: экологиялық құқықта құқық саласы дербес деп танылуы үшін қажетті белгілері болады – экологиялық қағидалардың өз мәні, өзінің әдістері, жүйесі болады. Бұдан басқа, бүгінгі кезде Қазақстан Республикасында дамыған экологиялық заңнама бар, мемлекет қызметтерінің арасында дербес ретінде экологиялық қызмет көрініс тапқан және арнайы өкілетті мемлекеттік органдар арқылы мемлекеттік экологиялық-құқықтық тетік құрылған.

Экологиялық құқықтың ерекшелігі мынада болып табылады: дербес сала ретінде ол біршама жуықта ғана ресімделді, бірақ оны дамыту үшін алғышарттар бұдан көп бұрын қалыптасқан болатын. Тарихи тұрғыда бастапқы салалардың бірінен “жер құқығы” қалыптасқан болатын. Жер құқығы қатынастары қоғам мен табиғат ортасы арасында туындаған “алғашқы” қатынастардың бірі болды. Жер құқығының құрамына су, тау, орман қатынастарын реттейтін нормалар кіре бастады. Кейінннен бұл нормалар мынадай деңгейге дейін дамыды: мұның өзі құқықтың жекелеген салалары ретінде жер құқығының бөлінуінің себебі болды. Кейіннен оларға “фауналық құқық” (жануарлар дүниесін пайдалану және қорғау құқығы) және “атмосфералық ауа құқығы” қосылды. Жоғарыда аталған құұқық саласының бәрі уақыттың ұзақ кезеңінде дербес дамыды, өзінің құқықтық реттеу пәні, қағидаларының әдісі мен жүйесі болады. Осы салалардың ішінде табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қатынастар және табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі қатынастар қалыптаса бастады. Мұндай бөліну “табиғат ресурстары құқығының” және “табиғат қорғау құқығының” дербес салаларын құруды жақтаған кейбір ғалымдар үшін себеп болды.

Бұл көзқарас әділ сынға ұшырады және көптеген ғалымдар оны әдіснамалық тұрғыдан дұрыс емес деп таныды. Тек соңғы кезеңдерде ғана табиғаттың жеке обьектісіне емес, бүкіл табиғи ортаға бағытталған қатынастар қалыптаса бастады, мынаны пайымдауға мүмкіндік туды: бір саланың ауқымында барлық белгілі табиғат ресурстары саласын біріктірген құқықтың жаңа саласы (жер, су, орман, тау, фауналық, атмосфералық-ауа құқығы) – экологиялық құқық пайда болды.

Біз талай рет бұрын мынаны атап көрсеткенбіз: экологиялық құқықты реттеудің пәні табиғат болып табылады, ол өзара байланысты табиғи ресурстардың кешені болып табылады. Осы ерекшелікті ескере отырып, біз мынадай қорытынды жасаймыз: экологиялық құқық – бұл кешенді сала, бұл етене біріккен сала, бұл бірқатар дербес салаларды біріктіретін сала.

Заң ғылымында экологиялық құқықтың түсінігіне мейлінше тәнті көзқарас ретінде ғылым-экологтардың төрт негізгі анықтамаларын келтірген жөн. Олардың елеулі талдау мен құрметке лайықты көзқарастары экологиялық ойдың дамуы тарихын көрсетеді және мейлінше сипатты болып табылады.

Н.Д. Казанцев (1967 жылы) айтқан бірінші анықтаманың мәні мынада болып табылады: құқықтың барлық салалары (жер, су, орман, тау және т.б.) дербес институттар ретінде табиғат ресурстары құқығының құрамына жатуға тиіс. Бұл орайда табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі қатынастар жеке институт ретінде бөлінеді.

Н.Б. Мұхитдинов (1981 жылы) құқық жүйесінде аграрлық-құқықтық топтың болуын бөліп көрсетті, онда дербес салалар ретінде жер, су, орман, тау, фауналық құқық қызмет атқарды.

Бүкіл табиғатты қорғау мен пайдалануға бағытталған қатынастарды ол жеке саланың мәні деп есептейді, ол қалыптаса қойған жоқ, бірақ жеке сала ретінде ресімдеу үшін барлық алғышарттар бар.

Д.Л. Байділдиновтың (1995 жылы) айқындамасының мәні мынада: табиғат қорғау құқығы және жер, су, орман, тау, фауналық, атмосфералық-ауа құқығы құқықтың дербес салалары болып табылады және кешенді, құқықтың етене кіріккен саласы құрамына жатады – экологиялық құқық. Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қатынастар жеке саланың – жер, су, және т.б. ішінде, бірақ экологиялық құқықтың ортақ мақсаттары тұрғысынан реттелетін болады[3].

Соңғысы В.В. Васильевтің құқықтың жаңа саласының – “қоршаған орта құқығының” тууы туралы көзқарас болып табылады (1996 жыл). Оның құрамына, автордың пікірі бойынша, адамды қоршаған ортаның сапалық жай-күйіне ықпал ететін қатынастарды реттейтін барлық нормалар кіруге тиіс. Яғни, бұған санитариялық- гигиеналық, сәулет, еңбек және т.б. нормалар кіреді. Әрине, уақыт өте келе, реттеу обьектісі адамның тіршілік ету ортасы болып табылатын сала да болуы мүмкін, бірақ бұл бізге алыс болашақта болатындай көрінеді.

Сөйтіп, жоғарыда айтылғандардың негізінде экологиялық құқықтың мынадай анықтамасын беруге болады. Бұл осы замандағы құқықтың етене кіріккен, кешенді саласы, ол оған табиғатпен және жекелеген табиғат ресурстарымен өзара әрекет тұрғысындағы мемлекет пен оның субьектілері арасында туындайтын экологиялық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы жатады.




Дата добавления: 2015-04-20; просмотров: 63 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

1 | <== 2 ==> | 3 | 4 | 5 |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.008 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав