Читайте также:
|
|
Сана белгілі бір дәрежге жеткенде сана сезімге айналады. Сана сезім өзін өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғарғы сатысы. Сана-сезім дгеніміз адамның өзін ойлай алатын, сезе алаты, әрекеттенетін субьект ретінде түсіне бастауы. Адамның сана сезімі қашанда таптық, топтық, қоғамдық сана сезімдерге тығз байланысты. Бірақ сана сезім-сезім - адамның өзін өзі түсінуінен гөрі кең ұғым. Өйткені оған адамның өзін-өзі сезіну және өзін өзі реттеу қабілеттері де кіреді. Ал енді сана сезімге қалай, неден басталды? К.Маркс йтқандай, адам қолына айна ұстап, не Фихте сияқты, “Мен дегенім мен” деп дайын философ болып тумайды. Ол өзінен басқа адамға қарап тұры, айнаға қарағандай өзіе, өзінің сондай адам екенін көреді. Өзінің де басқа адамға сондай адам екенін ұқтырады. Керек десе адам өзінің де дене құрылысында да бірден байқамайды, басқа ға қарап әртүрлі әрекеттер арқылы сезінеді. Сонымен адамның айнасы басқа адам. Ол соған қрап өзін көреді. Сана сезімнің бастамасы бастамасы міне осы. Одан соң адам өзін өзі көргісі келсе,оны өз еңбеінен атқарған ісінен көруі керек. “мен пәленмін” дегеннен ешнәрсе шықпайды. Адамның істеген еңбегі, атқарған ісі дегеніміз адамның затқа айналдырылған санасы, ойы. Сана-сезім бір жағынан танымдық, екіншң жағынан әрекеттік рухани құбылыс. Сондықтан адам өзін өзі танып қана қоймай өзіне өзі баға береді, өзінің ісін ой елегінен өткізіп өзін басқамен салыстырады. Сонымен сана сезім-философия, социология, этика,психология, педагогика, этнография сяқты бірнше ғылымдардың басын біріктіретін құбылыс.
Бейнелеу - жалпы материяның қасиеті. Бейнелеудің негізінде бір құбылыстың екінші құбылысқа, бір дененің екінші денеге жасайтын ықпалы жатыр. Мәселен жүріп бара жатқан адамның ізі қалады, із бейнелеуге жатады. Күннен, желден, ыстықпен суықтан, жаңбыр мен қардан жартас бұзылып, қиыршық құмға айналады. Теңіз жағасындағы тастар қашанда жылтыр, теп тегіс болып келеді. Оны ысып, жылтырататын су толқыны.Сана да дәл осындай әсердің нәтижесі. Бұл тірі материя ме өлі материя арасында табиғи байланыс бар екенін көрсетеді. Бұдан ең жоғары бейнелену- сананың өзіде бірден пайда болмай, бірте-бірте дамудың нәтижесінде шыққанын көреміз. Өлі материяда бейнелеудің екі түрі кездеседі: бірі – изоморфизм, екіншісі гомоморфизм. Изоморфизмде бейнелейтін обьект пен оның бейнесі арасында ажыратқысыз ұқсастық болады. Мәселен, нақты самолетпен оның кішкентай соделі арасындағы ұқсастық немесе түрлі тастардың бетінде сақталып қалғанертедегі болған өсімдіктер мен жәндіктердің бейнесі. Ал гомоморфизм дегеніміз бейнелейтін обьект пен оның бейнесі арасындағы ұқсастықтың жоба түрінде болатыны. Мәселен жер бедерінің картадағы көрінісі. Материяның түрлі құрылымдық даму дәрежесіне сәйкес бейнелену де әртүрлі болады. Өлі материяда ондай бейнелену негізінде зат, дене бірте – бірте мүжіліп, үгітіліп, бара бара жойылып кетеді. Ал тірі материяда ондай әсерге белсенді түрде бейімделу пайда болады. Мәселен, өсімдіктерді созылып күнге бой тартуы сондай құбылыс.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 111 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |