Читайте также:
|
|
Экзистенциализм-басты зерттеу пәні адам,оның проблемалары,қиындықтары қоршаған дүниедегі тіршілігі болып табылатын философияның бағыты.Экзистенциализм философияның бағыты ретінде XXғ. Ортасында пайда болды,ал XX ғ. 20-шы -70-ші жылдары өзекті бола бастады,сөйтіп Батыс Еуропадағы ең атақты бағыттардың біріне айналды.Экзистенциалистік философиясының көрнекті өкілдері Кьеркегор,Ясперс,Сартр,Камю,Хайдеггер.
Экзистенциализмнің өркендеуіне мына төмендегідей себептер әсер етті:
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және олардан кейінгі адамзат баласын жайлап алған парасаттылық,экономикалық және саяси дағдарыстар;
Ғылым мен техниканың күрт өсуі және техникалық жетістіктерді адамға қарсы қолдану;
Адамдардың бір-біріне деген мейірімсіздігі,қаталдығы(екі дүниежүзілік соғыста 70млн адамның қаза табуы,концлагерьлер,еңбек лагерьлер);
Адамзаттың жоқ болып кету қаупі (ядролық қару-жарақтарды ойлап табу және оны қолдану, экологиялық апат)
Сьорен Кьеркегор-экзистенциализмнің негізін салушы дат ғалымы.Кьеркегор мынадай сауалдарды қойды: не себепті философия болмыстың мәні,материя,Құдай,рух,танымның шектері мен механизмі сияқты алуан түрлі толып жатқан мәселелермен шұғылданады да,ал адамға тіпті де көңіл бөлмейді,бөлсе де аз көңіл бөледі,оған қоса нақты адамды оның ішкі дүниесімен араластырып жібереді.Кьеркегор философиясы адамға көңіл бұруы керек,оның аз ғана проблемасымен есептесіп,ақиқатты табуына,өзінің «менің» ұғынуына,іштей таңдау жасауына көмектесуі керек.
Кьеркегор 2 түрлі ұғымдарды бөліп көрсетті.Біріншісі,шынайы емес тіршілік-адамның толығымен қоғамға бағынуы, барлығымен бірдей өмір, өмір ағымымен жүру,өзінің Менің түсінбеу,тұлғаның ерекшелігін түсінбеу,өмірдегі өз орнын таба алмау.Екінші ұғым,шынайы тіршілік-қоғамның езіп-жаншуынан шығу,саналы таңдау жасау,өз орнын табу,өз тағдырының қожасына айналу.Нағыз тіршілік дегеніміздің өзі экзистенция.
Ал енді экзистенциализмнің қарастырған негізгі мәселелеріне тоқталсақ,адамның ішкі дүниесі мен қоршаған өмірдің арасындағы қайшылықтар; өмірдің мәнсіздігі, іштей таңдау проблемасы; адамның өзінің ішкі менің және сыртқы өмірдегі орнын іздестіру проблемасы; жалғыздық проблемасы, адамның қараусыз қалуы (адам қоршаған дүниеде жалғыз,сүйенетін,өзін керекті сезінетін ортасының жоқтығы) жатады.
41. Материяның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт. Материяға – біртұтастық, яғни бүтіндік және құрылымдылық, біркелкілік тән. Әлемнің әртүрлі бөліктері мен қырлары - өзара тікелей немесе бір – бірі арқылы байланысқан – табиғат пен қоғам, тұлға мен топ. Материяның өмір сүру тәсілі – қозғалыс. Қозғалыс дегеніміз кез келген өзгеріс. Қозғалыс объективті, абсолютті, салыстырмалы, мәңгі. Қозғалыс көп түрде болады. Ф.Энгельс қозғалыстың негізгі бес түрін көрсетіп, жүйелеген. Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік деп аталған. Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс, ол заттар мен құбылыстардың кеңістікте орын алмастыруын білдіреді. Ал, әлеуметтік қозғалыс қоғам өміріндегі шым – шытырық құбылыстар мен процестерді бейнелейді. Ф.Энгельстің қозғалыс туралы ілімі XIX ғасырда қалыптасты, сондықтан ол XX ғасырда пайда болған жаңа құбылыстарды түсіндіре алмайды. Ғылымның соңғы табыстарына сүйене отырып, қозғалыстың жаңа жүйесін ұсынуға болады, мысалы: - ядро әлемі, материяның ядролық қозғалысы; - электромагнетизм әлемі, ол зарядталған бөлшектердің атом ішіндегі, молекулалық процестерін көрсетеді; тартылу әлемі (плазма, планеталық зат); - бұл материя қозғалысының гравитациялық түрі; өмір әлемі – биогенетикалық, популяциялық өзгерістерді білдіреді. Адам қоғамының әлемі – материалдық пен руханилықтың тығыз байланысы, адам іс - әрекетінің және оның қатынастарының жүйесі. Материя кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Уақыт – дегеніміз заттар мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзындығын, олардың әр түрлі жағдайының ауысуын білдіреді. Ол оқиғалар ағымы. Платонның сөзімен айтсақ «Мәңгіліктің қозғалу бейнесі». Философияда әлеуметтік уақыт адамдардың өз іс - әрекеті нәтижесінде пайда болып отыратын қоғамдық процестер мен қатынастарының белгілі бір тарихи дәуірдегі тынысын білдіреді. Әлеуметтік кеңістік пен уақыт бұл – адамның іс - әрекетінің бүкіл дүниежүзілік тарихы. Философия мен мәдениет тарихында, ауыз әдебиетінде уақыт үлкен құндылық ретінде бағаланады. Адам уақыттың есебін жүргізбей өмір сүре алмайды. Мұндай есеп жүргізудің әдістері тым ерте ойлап табылды.
Дата добавления: 2015-09-11; просмотров: 156 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав |