Студопедия
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Экспорт (импорт) бойынша есеп айырысу

Читайте также:
  1. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  2. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  3. Аралық бақылауға дайындалу бойынша әдістемелік ұсыныстар
  4. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар
  5. БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ» ПӘН БОЙЫНША АРНАЛҒАН ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
  6. Бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдерi және ақша аударымдары
  7. Бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдері және ақша аударымдары
  8. Биохимия» пәні бойынша СӨЖ тапсырмалары
  9. Білімді бағалау бойынша ақпарат

РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
1. Резиденттер тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына ақы төлеу валютасын тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспорты күнiнен бастап 180 күн iшiнде немесе тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жекелеген тауарлар экспорты күнiнен бастап 365 күн iшiнде алуға және уәкiлеттi банктердегi шоттарға аударуға тиiс.
Резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортына ақы төлеу ретiнде алған олардың шетелдiк банктердегi шоттарындағы валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы негізiнде шетелдiк банктерде ашылған шотқа аударуына жол берiледi.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
2. Резидент емеске коммерциялық кредит шарттарымен тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшiн резиденттің резидент еместiң пайдасына аударған валютасын, резидент емес мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, аудару күнiнен бастап 180 күннен кешiктiрмей резидент алуға және оны уәкiлеттi банктердегi шоттарға аударуға тиiс.
3. Тауарлар экспортына (импортына) байланысты 180 күннен астам мерзімге берілген коммерциялық кредиттер бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер тіркеу режимінде жүзеге асырылады.
Резиденттің немесе резидент еместің қаражатты қайтаруының немесе міндеттемелерді өзге де орындауының нақты мерзімі 180 күннен асып кеткен жағдайда, тіркеу режимі тауарлар экспортына (импортына) байланысты және 180 күннен аспайтын мерзімге берілген коммерциялық кредиттерге де қолданылады.
3-1. Жұмыстар, қызметтер көрсету экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру кезіндегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер хабарлама режимінде жүзеге асырылады. Хабарлауды осындай төлемдерге қызмет көрсететін уәкілетті банк жүргізеді.
3-2. Валюталық реттеу режимдері келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін экспортқа (импортқа) байланысты коммерциялық кредиттерге қолданылмайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
4. Резиденттердің резидент еместерге 180 күннен астам мерзімге берілген коммерциялық кредиттері бойынша резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер лицензиялау режимінде жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
5. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тізбеге кіретін тауарлар экспорты кезінде, егер резидент коммерциялық кредитті резидент емеске 365 күннен аспайтын мерзімге берген жағдайда, төлем мерзімін кейінге қалдыру шарттарымен жасалған резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер лицензиялауға жатпайды.
365 күннен аспайтын мерзімге берілген коммерциялық кредиттер бойынша резидент еместің қаражатты қайтаруының немесе міндеттемелерді өзгеше орындауының нақты мерзімі 365 күннен асып кеткен жағдайларда, резиденттер мен резидент еместер арасындағы төлемдер осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармақ Заңның 34-б. сәйкес 2006.12.31 дейін қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы уәкілетті банктердегі шоттарға ұлттық валютаны және шетел валютасын есептеуге немесе резидент негiздеген мерзiмде мiндеттемелердi өзгеше орындауға құқық бередi.
7. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
8. Уәкiлеттi банктер импорты жүзеге асыруға байланысты резиденттер арасындағы комиссия шарттары бойынша резидент еместердiң пайдасына аккредитивтер аударуды көздейтiн шетел валютасымен аударым аккредитивтерiн резиденттердiң пайдасына ашуға құқылы.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 № 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.06 № 530-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 122 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Валюталық операцияларды лицензиялау | Бап. Тіркеу режимі | Бап. Хабарлама режимі | Бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау | Бап. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдері және ақша аударымдары | Бап. Резиденттердің шоттары | Бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң құқықтары және мiндеттерi | Бап. Арнайы валюталық режим |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2025 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав