Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бәсекелік ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша мемлекеттік шаралар

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. EMR - «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша барлық мамандықтарға
  4. GТөмендегі өз нөміріңіз бойынша тақырыпқа сәйкес презентация құрыңыз.
  5. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  6. Lt;question>30. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың мемлекеттік тіркеу алымы
  7. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  8. АҚШ экономикасын мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері
  9. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  10. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?

Тауар рыногындағы кәсіпкерлік іс-әрекеттің екі үрдісі, сондай-ақ жетістікке жетіп, пайда алудың екі тәсілі бар.

Бірінші, үрдіс (тенденция) бойынша кәсіпкерлер өткізу рыногы, тұтынушылар тапсырысы үшін бәсекеге түседі және сондықтан өнім сапасын жақсартуға, оның ассортиментін кеңейтуге, өндірістік шығындарды мейлінше төмендетуге ұмтылады. Мұның өзі өндірісті жетілдірудің, техникалық прогрестің қозғаушы күші болып табылады.

Екінші үрдіс бойынша кәсіпкерлер, тауар жеткізушілер рынокты бөлісу, сату шарттары, баға деңгейі төңірегінде өзара пайдалы келісімге келуге ұмтылады. Олар бәсекелестерді рыноктан ығыстыру, олардың беделін түсіру арқылы біржақты артықшылықтар алуды көздейді.

Бірінші үрдісті мемлекет қолдауы тиіс, екіншісіне бәсекелік ортаны кеңейту тұрғысынан қарсылық ретінде антимонополдық саясат жүргізілуі қажет.

Егер шаруашылық жүргізуші субъект, басқару органы бәсекені болдырмауды, шектеуді немесе жоюды көздесе және бұл тұтынушы үшін зиянды болса, онда олардың қызметі монополистік болып саналады. Бұндай шаруашылық жүргізуші субъект рынокқа үстемдік жасап тауар айналысына шешуші әсер етеді немесе басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің рынокқа кіруін қиындатады.

Уақытша, табиғи және мемлекеттік монополиялар түрлерін ажыратады. Уақытша монополия өнертабыстарды пайдалану, патенттерді енгізу нәтижесінде пайда болады және бәсекенің жоқ болуымен сипатталады.

Өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес тауарларға, қызмет көрсету түрлеріне сұранысты тиімді қанағаттандыру рыноктағы бәсекенің жоқ болуына байланысты, болса, сондай кәсіпорындар бағаның едәуір өзгеруіне қарамастан тауары тұрақты сұранысқа ие (себебі оларды басқа тауармен алмастыру мүмкіншілігі жоқ) коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда табиғи монополиялар болып табылады. Табиғи монополия жағдайында рыноктағы сұраныс деңгейінен тәуелсіз бәсекелік орта қалыптастыру мүмкін емес немесе ғылым мен техника дамуының қол жеткен деңгейінде бәсекелік экономикалық жағынан тиімсіз.

Мемлекеттік монополияның субъектілері, формалары, шектері заңнамалық негізде бекітіледі. КСРО-ның экономикасы өндіріс факторлары мен нәтижелеріне мемлекеттік монополия сипатында болды. Транзиттік, өтпелі кезеңде мемлекет экономиканы демонополизациялау және тауар рыноктарында бәсекені дамыту саясатын жүргізеді. Демонополизация ұзақ мерзімді процесс болып табылады. Бәсекелік шарттарын жасау, тауар өндірісінің шамадан тыс шоғырлану деңгейін төмендету, олардың еркін қозғалысына кедергілерді алып тастау, рынокқа жаңа бәсекелік құрылымдарды, соның ішінде шетелдік құрылымдарды енгізу мәселелері көпжақты сипатта болады.

Шаруашылық жүргізу субъектінің рыноктағы үлесі келесідей

Монополизмді шектеу туралы мемлекеттік шаралар көп мөлшерде өндірілетін және сатылатын тауарлармен салыстырғанда меншік объектілері рыногында сатылатын тауарларға арнайы қолдану әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, жылжымайтын мүлік сияқты ірі меншік объектілері рынокта көпшілікке арналған, күнделікті қолданыс тауары болмағандықтан мұндай тауарлардың рынокты жаулап алып, еркін бәсекеге кедергі келтіретін монополистер ретінде тікелей айқындау қиыншылық туғызады. Меншік объектілерін сату рыноктарының өзі аукцион, конкурс түрінде ұйымдастырылып, көлеңкелі немесе тікелей бағалық ымыра көріністерін қалқалайды. Көптеген меншік объектілеріне тән жағдай объектіні тікелей сату емес, оны пайдалану құқын жалға беру, акция пакеттерін басқаруға беру сияқты амалдарды қолдануында болса керек. Антимонополиялық мекемелер меншіктің мүліктік объектілерінің айналым сферасындағы бәсекелік бастауларды қолдау мақсатында заманауи, өркениетті жылжымайтын мүлік рыногын қалыптастыруға әсер етуі тиіс.

Меншік объектілері рыногына қатысты антимонополдық шаралар бәсекелік бастауларды қолдау мақсатында сату, сатып алу, қолдан-қолға өткізу сияқты іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеуге бағындыруы қажет. Соның өзінде мемлекеттік реттеу мен рыноктық өзін-өзі реттеу арасында ұтымды арақатынастар сақталуы керек, бірақ өзін-өзі реттеу механизмдері ең алдымен бәсекеге лайықталуы тиіс. Сондықтан қазіргі кездегі рыноктың өзін-өзі реттеуіне қарсы орын алып отырған монополистердің, бір топ адамдардың, олигархия өкілдерінің мүдделеріне сай рыноктық қызмет атқару үрдістеріне тосқауыл қою қажет.

Бәсекелік бастаулардың дамуы меншік объектілеріне баға жасау механизмін жақсарта түседі.

Меншіктің ірі объектілері рыногында сұраныс пен ұсынысты теңдестіру негізінде еркін рыноктық баға жасау механизмі өз міндетін іс жүзінде атқармайды, сондықтан жылжымайтын мүлікке бағаны мемлекеттік реттеу өте қажет.

Мемлекеттік меншік объектілерін баланстық құн дегенмен сатуға тыйым салынуы тиіс, себебі объектінің баланстық құны, әдетте оның рыноктық құнын көрсетпейді. Жылжымайтын мүлік рыногында бағалық реттеудің негізгі құралы мемлекет орнықтыратын бағалық шектеулер (бағалар дәлізі) болуы керек. Шектеулер ұқсастықты қолдану арқылы шығынды және табысты тәсілдер негізінде объекті құнын тәуелсіз бағалау әдістеріне сүйенуі қажет. Нақты объектілер немесе меншіктің типтік объектілеріне қолдануға болатын шекті бағалар деңгейі сатуға дейін тағайындалып, сатушыларға хабарлануы тиіс.

Жалдау ақысының мөлшерін де мемлекеттік реттеу өте маңызды іс болып табылады. Жалдау ақысын жалға беруші мен жалға алушы арасындағы келісімді баға ретінде тағайындау оның нақты рыноктық бағасына сәйкес келе бермейді. Сондықтан, типтік жылжымайтын мүлік объектілерінің түріне қарай (жер телімі, қоймалар, офистер, тұрғын үй т.б.) және олардың сапалық параметрлерін ескеріп (орналасуы, тозу деңгейі, өнімділігі, пайдалануға қолайлығы және т.б.) мұндай прейскуранттарды жасау негізінде жалдау ақысының мөлшерін бағамдауға болады. Жалдау ақысының мөлшерімен қатар мемлекеттік мүлікті концессияға беруді де реттеу қажет. Негізі, мемлекеттік меншік объектісін пайдаланғаны үшін төлем сол объектіні әкелетін пайдаға тәуелдендірілуі керек. Мемлекеттік органдар объектінің бағаланған құнын есептеу арқылы арендалық және концессиялық төлемді анықтаудың әдістемесін даярлағаны жөн болады.

Меншік объектілері рыноктарын антимонополдық реттеу құралдары құрамына белгілі бір меншік түрінің бір иемденушінің қолына шоғырлануына бақылау орнату тиімді болмақ. Мұнда біз бір қолға шоғырланған заттай, материалдық меншік объектілерімен қатар сатып алынған үлестерді, пайларды, акцияларды қарастырып отырмыз

25.Инвестицияның мәні, бастаулары ж/е оны тұтынушылар. «Инвестиция» түсінігі кең мағынада болашаққа салым дегенді білдіреді. Инвестициялар – бұл болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған кез келген қаражат. Сондықтан олар ағымдағы пайдаланудан шығарылып экономикалық немесе әлеуметтік игілік әкелуге мүмкіндігі бар белгілі бір іске салынады. Инвестиция дегеніміз негізгі капиталға, запастарға, резервтерге, сондай-ақ басқа да экономикалық объектілер мен үдерістерге салымдар болып табылады. Оның сипатты белгісіне материалдық ресурстар мен ақшалай қаражаттың салыстырмалы ұзақ уақытқа бейтараптануы жатады. Инвестиция көп тармақты құрылым.

Капиталдың физикалық және ақшалай болып бөлінуіне сәйкес инвестициялар да материалдық-заттай және ақшалай деп бөлінеді. Материалдық-заттай формадағы инвестициялар – бұл құрылыстағы өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар мен машиналар және басқа да техникалық паркті алмастыруға немесе кеңейтуге бағытталған инвестициялық тауарлар.

Ақша формасындағы инвестициялар – бұл материалдық-заттай инвестицияларды құруға бағытталған, инвестициялық тауарларды шығаруды қамтамасыз ететін ақша капиталы.

Өндіріске жалпы инвестициялар деп негізгі капиталды (негізгі қорлар) және запастарды ұстап тұру мен арттыруға бағытталатын инвестициялық өнімді атайды. Жалпы инвестициялар екі құрамдас бөліктен тұрады. Біріншісі, амортизациялық төлемдер. Екіншісі, таза инвестициялар – бұл негізгі құрал-жабдықтарды көбейту, арттыра түсу мақсатында ғимараттар мен құрылғыларды, жабдықтар мен іс-әрекеттегі өндірістік қуаттарды іске қосуға арналған капитал салымы. Материалдық өндіріс салаларына инвестициялармен қатар олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени сфераға, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, информатика, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ осы салалар үшін жаңа объектілер салуға, оларды қолданылатын техника мен технологияны жетілдіруге, инновацияларды жүзеге асыруға бағытталады.

Нақты (реалды) инвестициялар экономика салаларына және экономикалық қызмет түрлеріне салымдар болып табылады және нақты капитал өсімін қамтамасыз етеді,

Қаржылық инвестициялар дегеніміз акцияларға, облигацияларға, вексельдерге және басқа да бағалы қағаздар мен қаржылық құралдарға салымдар.

Тікелей қаржылық инвестициялар дивиденд түрінде табыс, сондай-ақ акционерлік компанияны басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы акционерлік қоғамның жарғылық қорына ақшалай салымдар.

Тәуекелдік деңгейі жоғары инвестициялар венчурлық капитал деп аталады. Ірі венчурлық капитал инвестициялық жобаларға, қызметтің жаңа түрлеріне салынуымен ерекшеленеді. Мұндай капиталдың әрбір салымшысының тәуекелін кеміту үшін көптеген салымшылардың капиталын біріктіріп венчурлық капитал қорын құрады.

Инвестициялар мемлекеттің, кәсіпорынның, тұрғындардың жинақтары және қорлануымен тығыз байланысты. Мемлекет үшін қорлану, яғни ұлттық табыстың ағымдағы тұтынуына жұмсалмайтын бір бөлігі негізгі ішкі инвестицияның қайнар көзі, бастауы болып табылады.

Инвестициялық ресурстарды тұтынатын негізгі үш экономикалық субъектілерді бөліп көрсетуге болады. Олар: мемлекеттік басқару органдары түріндегі мемлекеттің өзі, кәсіпорындар мен кәсіпкерлер, сондай-ақ үй шаруашылығы жиынтығы түріндегі тұрғындар.

 

26.Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен міндеттері. Инвестициялар және инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің басты мақсаты орта және ұзақ мерзімді перспективада елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі факторлары жер, еңбек, капитал екендігі экономикалық теориядан белгілі. Үшінші фактордың шамасын күрделі ресурстарды қалыптастырудың негізін қалайтын инвестициялар анықтайды. Алғашқы екі фактордың да динамикасы табиғи ресурстар мен адам капиталын инвестициялауға тәуелді.

Инвестициялық үдерістерді мемлекеттік реттеудің бірінші дәрежелі міндеттеріне негізгі құрал-жабдықтарды тозудан сақтау шаралары жатады.

Бөлінетін және жұмсалатын инвестициялардың жетіспеушілігі өндірістік қуаттарды кемітеді, жабдықтардың сапасы мен өнімділігі азаяды, ғимараттар, құрылғылар, тораптардың істен шығуы, тіпті қирау қауіптері туындайды.

Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің тағы бір ірі міндетіне ұлттық экономика құрылымы мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық стратегиясына сәйкестендіру, құрылымдық саясатты қажеттіліктерге, сұранысқа, рыноктық конъюнктураға сай жүргізу жатады. Қазақстан

Мемлекеттік реттеуді талап ететін тағы бір мәселе ғылыми-техникалық, технологиялық инновацияларды инвестициялық қамтамасыз ету болып табылады. Венчурлық капитал ағынының баяулығы, техникалық-технологиялық жаңаруға мүдделердің кемшіндігі қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендетпесе, арттыра қоймайды.

Қазақстан экономикасына инвестиция келтіру проблемасы шетелдік инвестициялармен шектелмейді. Қаржылық дағдарыс салдарына қарамастан ішкі көздерден тартылатын капитал салымдары пайдаланылмай қалуда. Оларды іске асыру үшін, бір жағынан қолайлы инвестициялық ахуал жасап, капиталдарды кепілдіктермен қамтамасыз ету керек, ал екінші жағынан инвестициялық саясатты жүргізуде мемлекеттің рөлін күшейту қажет.

 

 




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 59 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Мемлекеттік басқару және мемлекеттік реттеу | Экономикалық өсудің негізгі факторлары және құралдары | Экономикалық өсу теориялары және моделдері. | Экономикалық өсудің интенсивті типін мемлекеттік реттеу. | Мемлекеттің экономикалық саясатының мәні | Мемлекеттік экономикалық саясаттың мақсаттары. | Материалдық өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу | Мемлекеттің өндірістік саясаты | Инновациялық сфераны мемлекеттік қолдау. | Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы, мақсаттары мен міндеттері |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.009 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав