Студопедия  
Главная страница | Контакты | Случайная страница

АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау

Читайте также:
  1. D) Кәсіпорын жұмыскерлеріне жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне және іссапар шығындарына арнап кассадан берілген ақша аванстары
  2. E) есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер.
  3. III. Жамбас сақинасы сүйектерінің қосылысының бұзылған сынуы және қосылыстардың жыртылуы
  4. R-рентген диагностика әдісі. Экскреторлы урография, антеградты және ретроградты пиелография.
  5. Ақпараттық қоғам және оның даму ерекшеліктерін сипаттаңыз
  6. Абай философиясындағы Алла және адам болмысы мәселелерін сипаттаныз?
  7. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат мәселелеріне талдау жасаңыз?
  8. Адам санасы мен рухани дүниесі туралы философиялық,діни және ғылыми талдау жасаңыз.
  9. Адам,жеке адам тұлға және категорияларының мәнін ашыңыз.
  10. Азақстан өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы және мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

1. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банк шоттарына:
1) тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) экспортынан ұлттық және шетел валютасындағы түсімдерді;
2) резидент емес міндеттемелерін орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда, резиденттің тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) импорты бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын есептеуді білдіреді.
Резидент ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабының репатриациялау мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Репатриациялау мерзімі тараптардың валюталық шарт бойынша міндеттемелерін орындау талаптары негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен резидент есептейтін уақыт кезеңі болып табылады.
Резиденттердің валюталық операцияларын жүргізетін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақты айқындауды немесе нақтылауды талап етуге құқылы.
2. Репатриациялау талабы осы Заңға сәйкес:
1) біртекті қарсы талапты есепке жатқызу арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;
2) олардың арасында бұрыннан бар бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасында өзгеше нысананы немесе орындалу тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы резидент еместің міндеттемесі тоқтатылған;
3) резидент еместің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемі алынған;
4) резиденттің резидент еместен тартылған заем талаптарына сәйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге немесе резиденттің шетелде ашылған филиалдары мен өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған шетелдік банктердегі шоттарына ұлттық және шетел валютасы нақты есептелген жағдайларда ішінара немесе толық орындалды деп есептеледі.
3. Резидент резидент емеске талап қою құқығын басқа резидентке берген жағдайда, белгіленген мерзімде репатриациялау талабын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі тиісті міндет талап ету құқығын қабылдаған резидентке көшеді.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі резиденттердің репатриациялау талабын орындауын қамтамасыз ету мақсатында резиденттердің экспорт және импорт жөніндегі келісімшарттардың есептік нөмірлерін алуының бірыңғай ережесі мен шарттарын және экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ мәміленің сомасынан асып кеткен кезде келісімшарттың есептік нөмірін алу талап етілетін оған қатысты шекті мәнді белгілейді.
5. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялауды бақылау мақсатында, валюталық шартта резидент еместердің міндеттемелерді орындау мерзімдері міндетті түрде көзделуі тиіс.
Міндеттемелердің орындалу мерзімдері өзгерген, репатриациялаудың белгіленген мерзімдеріне әсерін тигізетін өзге де мән-жайлар туындаған жағдайда, резиденттер уәкілетті банктерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті негіздемені және растау құжаттарын ұсына отырып, хабарлауға міндетті.
6. Осы баптың талаптарының орындалуын және валюталық қаражаттың қайтарылмауының негізділігін бақылауды салық қызметі, кеден және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оның ішінде өзара ақпарат алмасу жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.04. № 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР-ның 2012.01.06 № 530-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. Заңымен.

3-тарау. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГІ ПРИНЦИПТЕРI




Дата добавления: 2015-09-10; просмотров: 30 | Поможем написать вашу работу | Нарушение авторских прав

Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Валюталық операцияларды лицензиялау | Бап. Тіркеу режимі | Бап. Шетел валютасын сатып алу және сату | Бап. Экспорт (импорт) бойынша есеп айырысу | Бап. Жарғылық капиталға қатысу, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен жасалатын операциялар | Бап. Резиденттердің шоттары | Бап. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң құқықтары және мiндеттерi | Бап. Арнайы валюталық режим |


lektsii.net - Лекции.Нет - 2014-2024 год. (0.006 сек.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав